Жоба түркістан облысы әкімі Ж.Қ. Түймебаевтың Тарихи-мәдени мұраны қорғау мен кеңінен танытуды заңнамалық



бет6/7
Дата11.05.2022
өлшемі144 Kb.
#33970
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Выступление Акима ТО

Түркістан қаласын туристік орталық ретінде дамыту жұмыстары қолға алынуда.

Жоғарыда аталған 104 тарихи, қасиетті, киелі орындардың 40-ы туристік маршруттарға енгізілген.

Бұдан бөлек, өңір бойынша бүгінде әзірленген 21 туристік маршруттың барлығында дерлік облыс аумағында орналасқан тарихи нысандар кірген.

Облыс әкімдігімен бекітілген жол картасы аясында ontustiktravel.kz порталы мен «Ontustik Guide» туристік мобильдік қосымшасында туристік ақпаратты цифрлау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Жақында ғана қаламызға миллионыншы турист келіп, қуанышты оқиға болды. Ал, 2025 жылға қарай «2019-2025 туристік индустрияны дамыту» бағдарламасы аясында туристер санын 5 млн. жеткізу көзделіп отыр.

Туризмді дамыту мақсатында келесі жылдан бастап Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне жақын тұста амфитеатр, су бұрқақтары, мәдени демалыс орындары, визит орталығы және ашық аспан астындағы музей ғимараттаттары бой көтереді.

Сонымен қатар, құрылыс жұмыстарын реттеу аймағына «Қазақ хандары, билері» орталығы, Шығыс моншасы, «Ұлы дала елі» орталығы, Түркі әлемінің орталығы, Қ.А. Яссауи орталығы, Астана саябағы, Бейнелеу-өнер музейі салынатын болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет