Слайд №9
2019 жылы осы аталған орталықтарға Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында ұлы даланың тарихи тұлғалары туралы мәліметтер қойылып, облыста бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылатын болады.
Атап айтқанда, Ұлы Жібек жолы бойындағы «Отырар», «Сауран», «Сидақ», «Күлтөбе», «Қараспантөбе», «Жуантөбе» қалашықтарына археологиялық зерттеу және қалпына кетіру жұмыстары жүргізіледі.
Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің аумағында «Күлтөбе» ашық аспан астындағы музейі салынып, ҚР Мәдениет және спорт минстрлігімен бірлесіп Отырар қаласын қалпына келтіру және абаттандыру, инфрақұрылымын дамыту жұмыстары қолға алынатын болады.
Сондай-ақ, Отырар қаласын Шыңғысхан басқыншылығынан қорғаудың 800 жылдығына орай іс-шара, Ясауи танушылар, түркологтар форумдары, Түркі әлемі өлкетанушылардың құрылтайы ұйымдастырылады.
Құрметті бүгінгі отырысқа қатысушылар!
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын және Түркістанды Түркі әлемінің рухани-мәдени орталығына айналдыру жөніндегі қойған мақсаттарын негізге ала отырып, оларды іске асыруда нақты жұмыстар атқаратын боламыз.
Достарыңызбен бөлісу: |