Жоба ортасын басқару аумағы екі топтан тұрады, оларда келесі мәліметтер қарастырылады: жобаның фазалары мен оның өмірлік циклі, қызығу танытатын жақтар, ұйымдастырушылық өзарақатынас, жобаны басқарудың негізгі машықтары, әлеуметтік – экономикалық қоршауы.
Жоба ортасын басқару аумағы екі топтан тұрады, оларда келесі мәліметтер қарастырылады: жобаның фазалары мен оның өмірлік циклі, қызығу танытатын жақтар, ұйымдастырушылық өзарақатынас, жобаны басқарудың негізгі машықтары, әлеуметтік – экономикалық қоршауы.
Жобаларды басқару процесстері бес негізгі топтарға бөлінеді, олар – инициациялау, жоспарлау, орындау, бақылау және мониторинг, аяқтау.
PMBOK стандартында он білім аумақтары бар: жобадағы интеграцияны басқару, мазмұнды басқару, уақытты басқару, бағаны басқару, сапаны басқару, адами ресурстарды басқару, коммуникацияны басқару, стейкхолдерлерді басқару, тәуекелдерді басқару, сатып алымдарды басқару.
ЖОБАҒА ҚЫЗЫҒУ ТАНЫТУШЫ ЖАҚТАР
Жобаға қызығу танытушы жақтар (стейкхолдер)– жобаға белсенді қатысушылар немесе жобаның нәтижесін жүзеге асырғанда немесе орындау барысында олардың қызығушылығына оң және теріс әсерін тигізетін ұйым немесе тұлғаны айтамыз (мысалы, тапсырыс беруші, спонсорлар, орындаушы ұйым немесе қоғам).
Қызығу танытушылар жақтарына мысалдар келтірейік.
Тапсырыс беруші/қолданушылар. Тапсырыс беруші/қолданушылар – жобаның нәтижесімен, өнімімен немесе қызметін қолданатын ұйым немесе жеке тұлға болуы мүмкін. Тапсырыс беруші/қолданушылар орындаушы ұйымға қатысты ішкі немесе сыртқы болуы мүмкін. Сонымен қатар, тапсырыс берушілердің бірнеше деңгейі болуы мүмкін.
Спонсор. Спонсор – бұл жобаның орындалуына қаражаттық ресурсты (ақшалай немесе басқа материалдық құндылықтар түрінде) ұсынатын тұлға немесе тұлғалар тобы.
Жоба басқару офисі. Жобаны басқару офисі –жобаны басқарудың координациясын мен орталықтандыруына қатысты, олардың компетенциясына кіретін әртүрлі функцияларды орындайтын ұйым немесе ұйым бөлімі.