Қысқа мерзімді жобалар өнімі тез жаңартылып отыратын, ассортименті өзгермелі кәсіпорындарға тән. Мұндай жобаларда уақыт үлкен роль атқарады. Сондықтан, тапсырыс беруші жобаның бастапқы бағасын өзгертіп, уақытты үнемдеуі мүмкін.
Сапа бойынша жобалар қарапайым және дефектісіз болып бөлінеді. Дефектісіз жоба жоғары деңгейлі болады, бұл қымбат жобалар. Бұл жобаларда сападан ауытқу үлкен катастрофаға әкеледі.
Жобаның шегі мен мақсатына қарай мульти және моно болып бөлінеді. Моно жобаның айырмашылығы ресурстық және мерзімдік шектері нақты айқындалады. Мульти жобада тапсырыс берушінің инвестициялық программасы бойынша бірнеше жобалардың орындалуымен айқындалады.