СУЛЕЙМАН ДЕМИРЕЛЬ АТЫНДАҒы УНИВЕРСИТЕТТІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ФАКУЛЬТЕТІ ТІЛДІК БІЛІМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ ФИЛОЛОГИЯ МАМАНДЫҒЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІ Уланова Айганым Салжановна,
Акпанбет Акнур Дуйсенәліқызы, Шынәділ Жібек Бақытжанқызының «Лингвистикалық зерттеулерді компьютерлік технологиялар негізінде жүргізудің тиімділігі» атты дипломдық жобасына
Пікір
Жобада тіл біліміндегі дәстүрлі және жаңа лингвистикалық әдістерге талдау жасалынады. Жалпы лингвистикада және қазақ лингвистикасында қолданылып жүрген компьютерлік технологияға негізделген бағдарламалалар талқыланады. Жұмыста айт-каталог, онлайн диалект базасы қазақ тіл білімінің одан әрі дамуына септігін тигізетіні дәлелденеді.
Компьютерлік технологияларды ғылым салаларында, әсіресе қазақ тіл білімінде кеңінен қолданысқа енгізу – бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Жұмыста көрсетілгендей шетелдік тіл ғылымында бұл мәселені шешу әлдеқашан қолға алынып, едәуір жұмыс атқарылған. Мысалға алынған бағдарламалардың да көпшілігінде, өкінішке орай, қазақ тілінде жұмыс жасау мүмкіндігі жоқ. Жобада бүгінгі таңдағы ең елеулі тақырыптардың біріне арналған дей аламыз.
Жоба жалпы лингвистикада қолданысқа енгізілген компьютерлік бағдарламалар мен интернет-ресурстарды ғылыми көпшілікке таныстыру, қазақ тіл білімінде компьютерлік технологияға негізделген әдістердің кең етек жаюына үлес қосу, есептемелі тілтаным, лингвостатистика салалаларында компьютерлік бағдарламалардың тілдік базасын құрудың алғышартын қалыптастыруға септігін тигізе алады.
Балтамуратова Жұлдыз
Достарыңызбен бөлісу: |