Жобалау – оқу әрекетінің ерекше түрі ретінде Еліміздің білім беру жүйесін дамыту стратегиясы «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында»



бет31/92
Дата12.04.2023
өлшемі421,48 Kb.
#81882
түріБағдарламасы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   92
Байланысты:
Жобалау – о?у ?рекетіні? ерекше т?рі ретінде Елімізді? білім бер

Біріншіден, білім беру мақсаты - оқушыларды өз әрекеттерін ұйымдастыруға үйрету, атап айтқанда, өз әрекетінің мақсатын қоя білу, жүзеге асыру құралдарын айқындай білу, шешім қабылдай білу, өзгелермен бірлесіп әрекет ете білу.Бұндағы тағы бір маңызды нәрсе-оқушыларда оқу біліктіліктері мен оқи білу дағдыларын қалыптастыру.
Екіншіден, білім беру мақсаты- оқушыларды айналадағы құбылыстардың мәнін түсіне, түсіндіре білуге үйрету. Бүгінгі таңда оқушылар құбылыстарды сипаттауға және ол туралы белгілі бір ғылыми тұжырымдарды жаттап алуға үйретілуде.
Үшіншіден, білім беру мақсаты- оқушыларды дүниетанымдық, адамгершілік және азаматтық ұстанымдарының қалыптасуына ықпал ететін құндылықтар әлемінде өз бағытын таңдай алуына, өз тұрғысынан баға беру білуге үйрету.
Төртіншіден, білім беру мақсаты- оқушылардың бойында күнделікті кездесетін әлеуметтік рольдерді (оқушы, талапкер, тұтынушы, қарым- қатынас субъектісі т.б) дұрыс орындауға қажетті функциональдық біліктіліктерді қалыптастыру.Егер мақсат осылай қойылатын болса, онда қазірге дейін басты мақсат болып келген «мектепте оқушыларды болашақ өмірге дайындау керек» ұраны өз күшін жойып, мектепте оқушылардың өз әлеуеттерін толықтай жүзеге асыруға мүмкіндік беретін әрекеттер түрлерін игерудің нақты бағдарламасына көшуге болар еді. Бұл мақсатты орындау үші оқу пәндерін және оның белгілі бөлімдерін игерудегі қалыптасқан мақсат қоюшылық бағыттардың өзгертілуі, пәндердің интеграциялануы қажет болады.
Бесіншіден, білім беру мақсаты- оқушылардың бойында түрлі саладағы түрлі әрекеттерді орындауға негіз болатын универсалдық түйінді дағдыларын қалыптастыруға бағытталады, бұлар қазіргі кезде түйінді құзыреттіліктер деп аталып жүр. Түйінді дағдыларды (әр жерде түрліше аталады) қалыптастыру көптеген елдерде жүзеге асырылуда, оларда бұл дағдылар жиынтығы жұмыс берушілердің білім беру жүйесіне әлеуметтік сұранысын көрсетеді. Бұл дағдылар, немесе құзыреттіліктер біздің түсінігіміздегі «білім беру жүйесіне қойылатын талаптар» ретінде емес, еңбек нарығындағы жағдайларды зерттеу және алдын –ала болжау нәтижесінде жасалады және олар жастардың қай деңгейдегі білімі еңбек нарығында олардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ете алатынын көрсетеді.
Алтыншыдан, білім берудің тағы бір мақсаты- оқушыларды кәсіби білім алуға даярлау.Оның мәні, әрине,бізге үйреншікті түсініктен мүлдем бөлек, ол тек қана Ұлттық біріңғай тестілеуге дайындау әрекеттері ғана емес. Кәсіби білім алуға даярлау бүгінгі еңбек нарығында да, білім беру қызметтерін көрсету нарығында да өз бағдарын нақты айқындап алу, өзінің білім алу траекториясын құрастыра білу, шешім қабылдауға бел байлай білу. Бұл мақсат бөлек пәндерді игеру аясында ғана жүзеге асырылуы мүмкін емес, оған пәнаралық тұрғыдан келу қажет болады.
Білім беру нәтижелеріне тікелей ықпал ететін факторларды былайша белгілеуге болады:

  • білім беру мақсаты, бұл жерде білім беру мақсаты ретінде білім беру үрдісінің мақсатқа бағытталғандығы, білім беру үрдісіне қатысушылардың құндылықтық бағдары алынады;

  • білім беру мазмұны, немесе, білім беру жүйесіндегі бекітілген стандарттар;

  • білім беру үрдісінің ұйымдастырылуы, білім беру технологияларының қолданылуы

Осыған қоса, біздің ойымызша, жоғарыда аталған барлық факторлардың басын біріктіретін - нақты білім беру жүйесінің ұйымдық мәдениеті, бұл фактор білім беру үрдісіне қатысушылардың қарым-қатынасымен, қалыптасқан құндылықтарымен анықталады.
Өзіндік білім алуға мүмкіндік беретін субъектілік компоненттері іс жүзінде толығымен пайдалану үшін, оның әр компонентінің мақсаттары жалпы жүйенің мақсатына сәйкес келтірілуі қажет.



Сурет 4 − Білім берудегі мақсаттар жүйесінің үлгілік құрылымы


Осыған сай, білім беру ұйымдарындағы білім беру процесін, оқыту жүйесін, барлық деңгейлердегі басқару жүйесінің мақсаттары бір арнаға тоғысып, субъектінің өзіндік дамуын қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс. Оны жоғарыдағы 4 -суретте берілген мақсаттар жүйесі ретінде көрсетуге болады.


Қоғам дамуының қазіргі ақпараттық кезеңдегі жағдайлар, адам проблемасын тарихи, әлеуметтік, шығармашылық субъектісі ретінде алдыңғы орынға шығарып, осы өзгерістерге сай білім берудің ролін тиісінше бағалау қажеттігі педагогиканы басты ғылымдар қатарын қойып отыр. Бүгінгі таңда педагогиканың нысанасы ретінде әртүрлі оқу-тәрбие жүйелері алынып, ал оның пәніне әлеуметтік белсенді, шығармашылық тұлғаның өздігінен өмір бойы білім алуы белгіленіп» жүргені белгілі. Адамның өзіндік дамуын қамтамасыз ететін тұтас жүйе жасауға деген қажеттіктің бүгінгі таңда ерекше көкейтестілігі қоғамның әлеуметтік - экономикалық даму талаптарынан туындап отыр. Сондықтан, педагогикалық жобалау жүйенің жалпы мақсатына бағытталып, орндағы мақсат иелері өздігінен білім алушы субъектілер болуы қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет