Жобалау аа-аа 69. А. Файоль ұсынған басқару құрлымының жетістігі мен кемшілігін талдаңыз


Жобалауды жүзеге асырудағы ұйымдастырудың матрицалық құрылымы



бет22/50
Дата02.05.2023
өлшемі120,42 Kb.
#89182
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   50
Байланысты:
Жобалау аа-аа 69. А. Файоль сын ан бас ару рлымыны жетістігі

57. Жобалауды жүзеге асырудағы ұйымдастырудың матрицалық құрылымыМатрицалық құрылым иерархиялық түрдегі жоғарыдан төмен қарай басқарудың орнына, басқарылатын кіші жүйелердің немесе элеметтердің әрқайсысының мақсатын орындауды көздейтін жүйеааралық көлденең байланыстардың болуына негізделеді.Матрицалық құрылым өзара байланыстардың жаңа түрі болып табылады. Оның басты ерекшелігі-басқарудағы дәстүрлі қызметтік және жүйе элементтері мен басқарушы органдар арасындағы міндеттер мен өкілеттіктері, жауапкершіліктерді мақсатқа сай үйлестіруге сүйене отырып, мақсаттық бағдарлы іс-әрекеттердің ерекше қызметін ұйымдастыра алуында. Осылайша, жобалау қызметі барысында жаңа бөлімшелер құру, өз тиімсіздігін көрсетіп отырған құрылымдық бөлімдерді жабу немесе қайта құру, ішкі кадрлық өзгерістер, т.б. жаңарту жұмыстары жүргізіледі.Матрицалық құрылымның басты элементтері– мақсаттық - бағдарлы жобалар, олар салалық басшылар мен ондағы қызметкерлердің мақсатты бағдарламаны орындау барысындағы қайталанып отыратын қызметтерін көрсетеді.Матрицалық басқару құрылымы екіжақты бағыну қағидасына негізделген, бір жағынан, жобаның немесе мақсатты бағдарламаның жетекшісіне қызметкерлер құрамын және өзге ресурстарды беретін функционалды бөлімнің басшысына, екінші жағынан, ресурстар мен сапаға және уақытқа жауапты өкілеттікке ие уақытша топтың басшысына бағынатын «шешуші» басқару құрылымы ретінде сипаттауға болады. Осындай басқару құрылымында жоба жетекшісі екі бағыныштылар тобымен қатынаста болады: жобалық топ және уақытша бағынышты болатын өндірістік функционалды бөлім қызметкерлері.
22 «Жоба», «жобалау» ұғымдарының педагогикалық мәнің анықталуы Болашақ педагогтарды кəсіби даярлау процесінде олардың жобалау іс-əрекетіне даярлығын қалыптастыру мəселесінің орны ерекше. Себебі жалаң білімдер, іскерліктер жəне дағдылар қалыптастырудан құзыреттіліктер қалыптастыруға көшіп отырған бүгінгі күнгі білім парадигмасына сəйкес ең алдымен педагогты шығармашылықпен жұмыс жасауға дайындау қажеттігі туады. Ал оның шығармашылықпен жұмыс жасай алуы аталған даярлықтың, яғни жобалау іс-əрекетіне дайындығының, қалыптасуымен тығыз байланысты. Білім беру процесінің тиімділігін арттыру мəселесін шешуде педагогикалық жобалаудың маңызы зор. Психологиялық-педагогикалық əдебиеттерде ол оқытушының маңызды кəсіби- педагогикалық функциясы ретінде қарастырылады жəне педагогтың өзінің əрекеттерін жəне əдістемелік даярлығын талдау негізінде көрсетіледі. Ғалымдардың айтуынша, «жобалау» деген атқа ие болған жаңа идеяларды іске асыру жəне жаңа білімдерді берудің құралы – жаңа үлгілерді құруға байланысты теориялық іс-əрекет болып табылады. «Жобалау» сөзі қазақтың «жоба» деген сөзінен жасалынған, мағынасы – жаңа нəрсенің жобасын, сұлбасын жасау. Ғылымда ол тек қана жаңа нəрсенің жобасын жасау ғана емес, сонымен қатар оны негіздеу, басқадан айырмашылығын көрсетуді білдіреді. Бұл термин алғашында құрылыс, техника саласында қолданылды. Өткен ғасырдың орта шенінен бастап гуманитарлық ғылымдарда да қолданыс таба бастады. Кеңестік энциклопедиялық сөздікте «жобалау» ұғымы: «1) құрылыстың, механизмнің немесе құрылғының жоспарын жасау; 2) белгілі бір құжаттың алдын ала мəтінін жасау» деп түсіндіріледі . Жоғарыда атап кеткеніміздей, алғашында техникалық, құрылыс салаларында термин ретінде енгізілгендіктен, бұл ұғымның мəні сол сала əдебиеттерінде неғұрлым кең берілген. Мысалы, Л.Арчердің анықтамасы бойынша, жобалау — «белгілі бір міндетті шешу», ал Г.Надлер бойынша,«бұрынғы белгілі үлгілерге қарағанда неғұрлым жетілдірілген идеал үлгі жасау» болып табылады. И.В. Котляровтың айтуынша, жобаны іске асырудың нəтижелі болуы оны жобалау кезеңдерінен тəуелді. Кез келген саладағы жобалау мынадай кезеңдерден тұрады: мақсатты анықтау, ғылыми зерттеулер, міндеттерді қою, идеяларды іздеу, тұжырымдама жасау, талдау, эксперимент, шешімдер т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет