ВВ-ВВ 43. В.И.Загвязинскийдің теориялық еңбектерінде педагогикалық жобалау мәселелер В.И.Загвязинскийдің теориялық еңбектерінде педагогикалық жобалау мәселелері педагогикалық болжам жасауға, мұғалімнің жобалаудағы роліне негізделген. Ол білім беру үрдісінің тұтастығын төмендегі феномендермен белгілейді: «бірлескен әрекеттер», «субъектілердің теңдік қатынасы», т.б. білім берудегі жобалау әрекетінің негіздемелері болып табылдады.Сонымен қатар, «жаратылыстану ғылымындағы «адам» туралы ғылым қай жағынан қарастырылса да, қаншалықты күрделі синтездерден құрастырылса да «адамның» педагогикалық жобалауын алмастыра алмайды. Сондықтан, бұған дейін өмір сүрген, немесе қазіргі күні өмір сүріп жатқан зерттеулерімен қатар педагогикалық жобалаудың арнайы әрекеттері қала бермек». Осы айтылған пікірден жобалаудың қайта құрушылық сипаты – жобаның және жобалау арқылы жүргізілетін әрекеттердің болашақта қайта жаңғыртуға, жаңартуға бағытталған үрдіс екені көрінеді.Жобалау әдіснамасын білім беру саласында қарастыруға ықпал еткен Ю.В.Громыко, В.И.Борзенков, О.Г.Прикот, В.И.Слободчиков, Н.А.Масюкова еңбектерін атауға болады. Педагогикалық ғылым саласында жобалау туралы толық әрі тұтас түсінік қалыптастырған, соның ішінде, оны педагогикалық жүйелерге қатысты қолданған В.П.Беспалько болып табылады. Ол А.С.Макаренко еңбектеріне сүйене отырып, ғылыми–педагогикалық контестке «педагогикалық технология» ұғымын ендірді. Педагогикалық жобалаудың базалық компоненті ретінде қарастыра отырып «тұжырымдама» түсінігіне қосымша мазмұн берді, оқыту мен тәжірибе үрдісіне қатысты жобалау әрекетінің мәнін ашып көрсетті. Автор, сонымен қатар, жобалау қызметінің басты компоненті ретінде болашақ педагогикалық жүйенің мақсатын айқындау және қою, аралық мақсаттарды белгілей отырып, дидактикалық үрдісті жоспарлау, оқыту мен тәрбиенің мазмұны мен технологиясын таңдау, бақылау- бағалау әдістемесін жасау және оны жүзеге асырудың ұйымдастырушылық шарттарын белгілеу қажеттігіне назар аударды
44. В.П.Бедерханова белгілеген педагогикалық жобалау бағыттары.В.П.Бедерханова да жобалаудың көптеге тәжірибелік нұсқаларын талдай оттырып, жобалауды екі үлкен бағыттарға ажыратады.Біріншісі, интенсивтік сипаттағы жобалар жасау және жобалау әрекеттері. Оларға ұйымдастырушылық – әрекеттік, инновациялық ойындар мен жобалау жиындары.Екіншісі, жобалау әрекеттері негізінде ұжым мүшелерінің бірлесе отырып қадамнан – қадамға аяқ басуы арқылы білім беру мекемесіне гуманитарлық бағдар беру.