ГГ-ГГ82. Глоссариймен жұмысГлоссарий - оқырманға таныс емес болуы мүмкін барлық сөздердің анықтамаларын қамтитын сөздік. Глоссарий мәтінді қабылдауды едәуір жеңілдетеді, өйткені адам кез келген уақытта сөздікке жүгінуге және белгілі бір терминнің мағынасын тексеруге мүмкіндігі бар. (Мысалға «жобалау» ұғымына қатысты глоссарий универсум, трансценденттік, технология, рефлексия, т.б.)Глоссарий (лат. glossarium – сөздер, тіркестер жинағы) Бағдарламаның оқу-әдістемелік кешендерінде қолданылатын мамандандырылған ұғымдар мен санаттар жүйесі болып табылады. Глоссарий екі тараудан тұрады. Бірінші тарауда Бағдарламаның ұғымдары мен санаттары қамтылған. Олар әліпби ретінде орналастырылып, сөзбе-сөз аудармасы, этимологиялық тарихы, түсініктемелері, үлгілері, орыс және ағылшын тілдеріндегі баламалары берілген. Глоссарийдің екінші тарауы – Бағдарламаның есімнамасы осы Бағдарламаға негіз етіп алынған теориялар мен тәжірибелік зерттеулердің авторлары, ғалымдар туралы қысқаша ақпарат беріледі.
ДД-ДД50. Д. Дьюи мен В. Килпатрик еңбектерінде жоба түсінігінің қарастырылуӨткен ғасырдың екінші жартысында жобалау әрекетінәлеуметтік және білім саларында ғылыми – әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етуге ғылымның әртүрлі салалары өкілдері үлес қосты. Олардың ішінде Дж.Дьюи, К.Поппер, Г.Саймон, В.Х.Килпатрик және т.б. бар. Атап айтқанда, Д.Дьюи еңбектерінде педагогикада «жобалау» әдіс түсінігінде қолданылса, В.Килпатрик «жоба» түсінігін әрекет нәтижесі ретінде қарастырған.В. Килпатриктің айтуынша, кез келген әрекет, егер ол белгілі бір мүддені көздей отырып бірлескен және жоғары деңгейдегі өз бетіндік жұмыс ретінде орындалған білім алушылар тобының әрекеті болса, онда ол жоба болып есептеледі. Килпатрик жобаның үш негізгі компоненттерін бөліп көрсетті. Олар:
•Оқушылардың табиғаты мен қызығушылығына құрылған оқу материалдары;
•Мақсатқа бағытталған әрекет;
•Оқытуды – өмірді үздіксіз жаңғырту және одан жоғары сатыларға көтеру құралы ретінде қарастыру.
Жобалау әрекеті оқушының нақты ситуацияларда жол таба білуіне бағытталған мақсатты іс–әрекеттерді ұйымдастырудан көрініс табады. Осыдан шығатын оқыту мақсаты – оқушыларды проблеманы шешудің, ізденіс–зерттеулердің әдіс–тәсілдерімен қаруландыру. В.Х.Килпатрик еңбектерінде жобаның төрт түрі көрсетілген:
1.өндірістік, немесе жасампаздық;
2.тұтынушылық;
3.интеллектуалдық, немесе басқа да проблемаларды шешуге бағытталған;
4.жоба–жаттығулар