Жобалау аа-аа 69. А. Файоль ұсынған басқару құрлымының жетістігі мен кемшілігін талдаңыз


Бастауыш мектеп оқушыларының жобалау әрекеттері



бет3/50
Дата02.05.2023
өлшемі120,42 Kb.
#89182
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
Байланысты:
Жобалау аа-аа 69. А. Файоль сын ан бас ару рлымыны жетістігі

37 Бастауыш мектеп оқушыларының жобалау әрекеттері Бастауыш мектепте оқушыларға қысқаша ғана тапсырмалар немесе шығармашылық тапсырмаға ұқсайтын микро – жобалар беріледі. Шығармашылық деп аталу себебі – жоба барысында оқушы қалыптасқан әдіспен орындауын қажет етпейтін, дәстүрден тыс, ой–қиялын қозғайтын жағдай туғызады. Бұл тапсырмалар жеке оқушыға, не шағын топтарға да берілуі мүмкін. Әрине микрожобалар оқу әрекетінде түгелдей ӛз бетіндік жұмысты әзірше қамтамасыз етпейді, бірақ оның пайда болуына, дамуына ықпал ете бастайтыны сӛзсіз. Солай бола тұрса да, бұл жағдайда дәстүрлі оқытудағыдай оқушының жекелік ерекшелігі, ой – қиялы шектелмейді, бірін–бірі тыңдауға, бірлесіп оқуға, шешім қабылдауға мүмкіндік жасалады. Бастауыш мектептеқалыптасқан ӛзара қарым–қатынас, бірін–бірі тыңдау, бірлесіп оқу, үйрену мәдениеті қалыптасуы, кейін негізгі мектепте жобалау әрекетін жүргізудің басты құралдары бола аладыБастауыш мектепте жобалау әрекеттерін пайдалану бала бойында жаңа сапаларды дамытып қана қоймай, осы жаста ойын үстінде дамитын еркін ойлау, ой белсенділігі, елестету – қиялдау қабілеттерінің сақталуына оң әсер етеді. Сондай–ақ, микрожоба барысында олардың мінез–құлқында пайда болатын ӛз әрекетін ұйымдастыру, ӛзін - ӛзі басқара білу, ӛзгелермен санасу сияқты дағдылары да қалыптасатыны сӛзсіз.
55 Басқарудағы жобалау негізінде мәселені шешу моделі Егер «жоба» тұрақты күйдегі ұғымды білдірсе, онда жобаны жасау оны құрастыру – қозғалыстағы күйі,өйткені, ойлау әрекеттері ұйымдастырушының бірқатар ізденістік– зерттеу қызметтерін, ойлау операцияларын көздейді, олар: болжау, жобалау, модельдеу, құрастыру, т.б.. Ал жобаны жүзеге асыру – ұйымдастырушының басқарушылық әрекеттеріне қатысты операцияларын – бағдарлама жасау, жоспарлау, бағалау, түзету әрекеттерін қажет етеді. Олай болса, болжам жасау, жобалау, модельдеу, құрастыру, бағдарлама жасау, жоспарлау, бағалау әрекеттері жобалау қызметінің -өз алдына жеке түрлері ретінде қарастырыла алады. Сонымен қатар, олардың әрқайсысының бойында аталған әрекеттер жүйесі кіші деңгейде осы ретпен орындалып жатады. Мысалы, белгілі бір ауқымды мәселені болжау барысында жоба жетекшісі төмендегідей жобалау әрекеттерін ретімен орындайды: – мәселені нақтылау; – оның «болашағын» болжау – қазіргі жағдайдағы мәселелер, күні ертең шығуы айқын және алдағы уақытта пайда болуы мүмкін мәселелер; – оларды ескере отырып, басқару әрекетін дамытудың тиімді жолдарын жобалау; – қолайлы нәтижеге жету жолдарын жоспарлау; – қабылдануы қажетті шешімдерге баға беру; Осы әрекеттердің ішіндегі ең маңызды рөлді жобалау атқарады, өйткені,ол оған қатысты барлық әрекеттермен тығыз байланыста, сонымен қатар, аталған әрекеттердің барлығы да жобалау объектісі қызметін атқара алады. Кейіннен инновациялық қозғалыстың кеңінен тарауына байланысты бұл ұғымның өзі де нақтылана басталды, кейбір зерттеушілердің пікірінше, инновацияға тән қасиеттер ретінде мыналарды алуға болады: – жаңа қажеттіктерді қанағаттандыру;– жоғары дәрежедегі тәуекелге бару мен алатын нәтиженің белгісіздігі; – қарама - қайшылықтар мен конфликтілердің шиеленісуі; – өзгерістер түрлерінің икемділігі; – күтпеген нәтижелердің пайда болу ықтималдығы; – жүйенің дамудың жаңа деңгейіне өтуі; Бүгінгі қоғам дамуына тән жедел өзгерістер жағдайында басты мәселе үнемі туындап отыратын проблемалық ситуацияларды шешудің әдіс амалдарын табу болғандықтан, инновациялар үнемі өзгеріп отыратын жағдайға жауап беріп отырудың тиімді түрі болып табылады. Педагогикалық жүйелерде туып отырған қазіргі проблемалық ситуация - қазіргі экономикалық қатынастарға еніп кетуге мүмкіндік беретін оқу нәтижелерін күтетін білім алушылар талабы мен осы талаптар мүддесінен көбінесе шыға алмай жүрген білім беру үдерісін басқару қызметі арасындағы қайшылық. Білім сапасын көтеру, оның мазмұнындағы прагматикалық компоненттерді күшейту бағытында өзгерту талаптары осыдан туындап отырған мәселелер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет