29. Іс-әрекет туралы жалпы түсінік. Іс-әрекет



Дата18.12.2022
өлшемі16,13 Kb.
#57975
Байланысты:
Психология 29 сұрақ


29. Іс-әрекет туралы жалпы түсінік.
Іс-әрекет - әлемді және өзін-өзі саналы түрде өзгертетін процесте адамның немесе топтың әлеммен жасайтын өзара әрекеті.
Іс-әрекет – адамның дүниемен қарым-қатынас тәсілі болып табылады. Іс-әрекет жасауда адам табиғатты, қоршаған айналаны игереді және шығармашылық тұрғыда оны өзгертіп отырады. Сөйтіп, өзін іскер, жасампаз адам ретінде қалыптастырады, ал өзі игерген табиғи ортаны Іс-әрекет объектісі етеді. Адам іс-әрекет үстінде кез келген затқа басқаша пиғылмен қарамайды. Керісінше, осы заттың табиғаты мен ерекшеліктеріне ой жүгіртеді, сонымен қатар өз іскерлігінің өлшемі мен мәні ретінде қарастырады.
Сыртқы дүниені өзгерту адамның өзін дамытуы үшін қажет және де бұл адамдар үшін алғышарт болып табылады.
Іс-әрекет тұтас процесс қарым-қатынаспен тығыз байланысты және болашақ ұрпаққа бағытталған әлеуметтік сабақтас белсенді құбылыс болып табылады.
Адам іс-әрекетінің қашан да қоғамдық-әлеуметтік маңызы зор. Егер іс-әрекеттің саналылығы мен мақсаттылығы оның ең басты белгілері болып табылатын болса, онда алда тұрған мәселені шешу, белгілі бір істен нәтиже шығару оның екінші маңызды белгісі болып табылады.
Қорытындылай келе, адамның іс-әрекеті алуан түрлі болатынын айтуымызға болады. Оларға мысалы: ойын, оқу, белгілі бір мақсат, міндеттер жатады. Және де іс-әрекет жас ерекшеліктеріне қарай әртүрлі болып келеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет