Байланысты: Жобалау әдісінң айрықша белгілері слайд
Жобалау әдісінң айырықша белгілері Жобалап оқыту технологиясы
Бұл жүйенің негізіне Дьюн, Торидайк, Лай сынды американдық ғалымдардың идеялары алынған.
Негізгі идеялар:
Бала өзі таңдаған іс-әрекетті үлкен қызығушылықпен орындайды.
Іс-әрекет тек оқыту пәнінің саласында ғана құрылмайды.
Балада қызығушылықтың пайда болған сәтін қалт жібермеу, соған үйрену.
Шынайы оқыту ешқашанда біржақты болмайды, қосымша берілетін мәліметтер де өте маңызды.
Карл Фрей өзінің «Жобалау әдісі» деген кітабында жобалау әдісінің 17 айрықша белгілерін атап көрсетеді.
Олардың негізгілері:
Жобаға қатысушылар өмірде әйтеуір бір адамның жобалау бастамасын іліп әкетеді.
Жобаға қатысушылар оқыту түрі туралы бір-бірімен келіседі.
Жобаға қатысушылар жобалау бастамасын дамыта отырып, оны басқалардың назарына алуын қамтамасыз етеді.
Жобаға қатысушылар бір-біріне жұмыс барысы туралы ақпараттар беріп отырады.
Жобаға қатысушылар пікірталастарға қатысады.
Жобалап оқытудың мақсаты:
Жеткіліксіз білімді әртүрлі ақпарат көздерінен оқушылардың өз бетінше және ықыласпен оқып үйренуіне;
Танымдық және практикалық міндеттерді шешуге алған білімді пайдалануына;
Әртүрлі топтарда жұмыс істей отырып коммуникативтік біліктерді игеруге;
Зерттеу біліктерін проблеманы анықтау, ақпарат жинау, бақылау, тәжірибе жүргізу, талдау, жорамал жасау, қорытындылау, дамытуға пайдалану;
Жүйелі ойлауды дамытуға жағдай жасау болып табылады.
Жобалап оқытудың бастапқы теориялық ұстанымдары:
Басты назар- оқушыда, оның шығармашылық қабілетінің дамуына ықпал ету.
Оқыту үдерісі оқу пәнінің логикасына сай емес, оқушы үшін жеке мәні бар іс-әрекет логикасына сай құрылады, бұл оның оқуға деген ынтасын арттырады.
Жоба жасаудағы жеке жұмыс қарқыны әр оқушының өз даму деңгейіне шығуын қамтамасыз етеді.
Оқу жобасын кешенді жасау оқушының негізгі физиологиялық және психологиялық қызметтерінің тепе-тең дамуына септігін тигізеді.
Базалық білімнің терең де саналы меңгерілуі оның әртүрлі жағдайларында әмбебап қолданылуы есебінен қамтамасыз етіледі.
Уақытқа байланысты оқу жобасын 3 түрге бөлуге болады:
Қысқа мерзімді (2-6 сағат);
Орташа мерзімді (12-15 сағат);
Ұзақ мерзімді.
Технологияны пайдаланудағы шектеулер:
Мұғалімнің аталған технологияны пайдалануға деген ықыласының төмен болуы.
Оқушылардың жобалауға қатысуға деген ықыласының төмендігі.
Жоба бойынша жұмыс нәтижелерін бақылаудағы баға көрсеткіштерінің дәл анықталмауы.
Жобалық жұмыстардың баға өлшемі
Жобаның тақырыптық мәні-жоғары 1 балл;
Жобамен өз бетімен жұмыстануы-жоғары 1 балл;
Проблеманы терең зерттеуі – жоғары 1 балл;
Ұсынылған шешімнің өзгешелігі – жоғары 1 балл;
Орындалу сапасы – жоғары 1 балл;
Презентацияның нақтылығы – жоғары 1 балл;
Презентациялар көрнекілігін дайындаудағы шығармашылығы – жоғары 1 балл;
Сөз сөйлеудегі әртістігі мен мәнерлігі – жоғары 1 балл;
Аудиторияның қосымша сұрақтарына жауабы – жоғары 1балл;
Алынған нәтиженің әлеуметтік және қолданбалы мәні – жоғары 1 балл.
Жоба тақырыбы: Сутегі мен гелийді синтездеу арқылы жасалған электр станциясы (физика пәні).
Зерттелетін тақырыпқа жақын оқу пәндері: химия, экология, география, экономика, сызу.
Жобаның мақсаты:
1. Болашақ таза, қауіпсіз, сапалы және тиімді пайда әкелетін энергия көздерін табу.
2. Табиғатты қорғау, қоршаған ортаны ластамау, пайдалы қазбалар қорын сақтау.
Халыққа арзан әрі орнықты энергия көзін орнатып, оны жүзеге асыру.
Жоба міндеттері:
Қажет мәліметтерді түрлі ақпарат көздерін пайдалана отырып өз бетінше іздеуге оқушыларды үйрету;
Жобаның тақырыбы бойынша жан-жақты талдау жасау;
Оқушыларды ақпараттармен алмасуға, тақырыбы бойынша баяндауға, өз көз қарасын жеткізуге, жаңа идеялар ойлауға үйрету;
Өздерінің шығармашылық және іскерлік мүмкіндіктерін талдауға және бағалауға үйрету.
Аннотация
Әлемдегі соңғы үлгідегі ғылыми-инновацияның жетістіктерін пайдалана отырып, болашақ жаңа технологияларды дамыту саласы бойынша білімді игеру, адам өмірінде басты роль атқаратын энергияның жаңа, тиімді, арзан, сапалы көздерін іздестіру барысында жұмыстану. Жер және ғарыш әлемінде осы энергия көздерін пайдалану идеясын ұсыну, талдау. Осы бағытта жаңа болашағы зор энергетикалық шикізат ретінде сутегі мен гелий элементтерінің табиғатын, өзара байланысын зерттей отырып, оларды синтездеуші «Адрондық синтез коллайдері» атты жаңа қондырғыны пайдалану теориясын зерттеу, талдау және жүзеге асыру жолдарын көрсету.
Зерттеу жұмыстың әдістері: Оқу, жазу, суреттеу, зерттеу күнделігін жүргізу.
Ұсынып отырған энерготехнологияны қолдану арқылы экологиялық және экономикалық тиімділіктерін диагностикалау және болжау.
Ғылыми жұмыстың негізгі нәтижелері: Баламалы отын -энергетикалық және жаңа қуат көздерін табу туралы проблемаларды шешуге бағытталған «Сутегі мен гелий атомдарын пайдалану арқылы жасалған Адрондық синтез коллайдері» жобасын қолдау, жетілдіру. Университет эксперименттерін жетілдіруге ақпараттық құрылғы ретінде жаңалықтарға толы, уақытты үнемдеуге арналған электронды оқулық қолдану.
Жоба келесі бағыттарда қарастырылады: (3 оқушыдан құралған топ)
Сутегі мен гелий атомдарының пайда болуы туралы зерттеу (1 оқушы)
Атом энергиясының қоғамда атқаратын рөлі (2 оқушы)
Сутегі мен гелийдің химиялық реакциясы (3 оқушы)
Жобаның сызба-архитектурасын жасау (1 оқушы)
Жобаны альтернативті қаржыландыру, шығының есептеу (2,3 оқушы)
Нәтиже:
Жобаны жасау арқылы, жан-жақты қырынан зерттей отырып, жоспар құрып оны жүзеге асыру оқушылар үшін үлкен тәжірибе. Жаңа тың идеялар туып, ары қарай өздерін шыңдап, талпыныстары, қызығушылықтары арта түседі. Осы жоба арқылы халықты жарық көзімен қамтамсыз етуге мүмкіндік туады.
Жоба бойынша жүргізілетін жұмыс кезеңдері
1-кезең: «Жобалық тапсырманы құрастыру» (2 сабақ)
Міндеттер: тақырыпты анықтау, міндеттерді нақтылау, жұмысшы топтарын сайлау, рөлдердің бөлінуі, ақпарат көзін анықтау, т.б.
Оқушылардан жұмысшы топ ұйымдастырылады, ақпараттар нақтыланады, тапсырмаларды талқылайды, бірлескен әрекеттерінің әдісін таңдайды.
Мұғалім оқушыларды жұмысқа ынталандырады, жоба мақсатын түсіндіреді, талдау жасауға көмектеседі, бақылайды.
2-кезең: «Жобаны жасау» (үш сабақ және оқушылардың дербес атқаратын іздену жұмыстары)
Міндеттер: ақпараттарды жинақтау және нақтылау, басқа нұсқаларды талқылау, тиімді нұсқаны таңдау, жобаны орындау.
Оқушылардың ақпараттармен жүргізілетін өзіндік жұмыстарын (жеке, жұптық, топтық) талдау, идеяларын жинақтау, жоба бойынша жұмыс, т.б.
Мұғалім бақылайды, талдау үдерісін бағыттайды.
3-кезең: «Нәтижені бағалау» (екі сабақ)
Міндеттер: жобаның орындалу барысында талдау жасау, қорытындылар шығару, қойылған мақсаттың толық орындалуын талдау.
Оқушылар ұжымдық талқылауға және талдауға қатысады. Өзіндік талдау жасайды.
Мұғалім бақылайды, талдау үдерісін бағыттайды.
4-кезең: «Жобаны қорғау» (екі сабақ)
Міндеттер: баяндама дайындау, жобалау үдерісін негіздеу, алынған нәтижелерді түсіндіру. Жобаны ұжым болып қорғау.
Оқушылар жобаны қорғайды, жоба нәтижелерін ұжым болып талдауға қатысады.
Мұғалім жобаны талдау және нәтижелерін бағалауға қатысады.