Жобалау және зерттеу қызметі негізінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру байтохина Асемгуль Турмаганбетовна



бет1/3
Дата18.12.2023
өлшемі21,59 Kb.
#140582
  1   2   3
Байланысты:
Доклад на тему ЖОБАЛАУ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ ҚЫЗМЕТІ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ.


ЖОБАЛАУ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ ҚЫЗМЕТІ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ


Байтохина Асемгуль Турмаганбетовна

Өрлеу» АҚ БАҰО Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, Деңгейлік бағдарламалар орталығының тренері


Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың
2012 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан халқына «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында
2050 жылға дейін Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына енуі туралы нақты тапсырма берілді [1,с.3].
Оқушылардың функционалдық дамуы туралы мәселе алғаш рет Елбасының 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстанның дамуының негізгі бағыты» Жолдауында [2,с.9-10]. көтерілген болатын. Онда осы мәселе бойынша бес жылдық Ұлттық іс-қимыл жоспарын қабылдау туралы нақты тапсырма қойылған болатын.
Осы стратегиялық маңызды мәселені шешу тұлғаның негізгі функционалдық сапасын: белсенділігін, шығармашылық ойлау қабілетін қалыптастыру және бейтаныс жағдайда мәселенің шешімін таба білуін, кәсіптік даму жолдарын таба білуін, өмір бойы оқуын қалыптастыруға тікелей байланысты. Білім алушылардың функционалдық қабілеттері мектеп жағдайында қалыптасуға тиісті [2,с.15-17].
Функционалдық сауаттылықтың жалпы бағыты ретінде жалпы білім беру мектептеріндегі азаматтардың интеллектуалдық, рухани және дене дамуы, олардың білімін әлемдегі жылдам өзгеріс жағдайында әлеуметтік жағдайға бейімдеу Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың
2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында атап көрсетілген [3, с.20-21].
Жолдаудағы тапсырмаға байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 832 қаулысымен Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық іс-қимыл жоспары қабылданды (бұдан әрі – Ұлттық жоспар) [4, с.12-13].
Ұлттық жоспарда оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту процесін ғылыми-әдіснамалық, оқу-әдістемелік, материалдық-техникалық қамтамасыз етудің кешенді іс-шараларын жүргізу көзделген. Ол оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруды Қазақстан Республикасында білім сапасын жетілдірудің өзекті мәселесі ретінде қарап, оның бірөзектілігін, толықтығын және іс-әрекет жүйелігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Аталған жоспарда:
- оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың отандық және халықаралық тәжірибелерін зерделеу;
- оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі жүйелік шараларды іске асыру тетіктерін анықтау;
- білім беру мазмұнын: стандарттарды, оқу жоспарларын және оқу бағдарламаларын жаңартуды қамтамасыз ету;
- оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету;
- оқушылардың білім сапасын бағалау және оған мониторинг жүргізуді жетілдіру;
- қосымша білім беру жүйесін ұйымдастыру және мектептердің материалдық-техникалық базасын күшейту көзделген.
«Функционалдық сауаттылық» деген түсінік алғаш рет ЮНЕСКО-ның құжаттарында өткен ғасырдың 60-шы жылдарында пайда болған болатын және кейінірек зерттеушілер оны өз еңбектерінде қолдана бастады. Функционалдық сауаттылықтың ең кең анықтамасы бойынша оны тұлғаның әлеуметтік бейімділігінің, адамзаттың әр салалы қызметі мен білімі арасындағы интеграциялық байланыс деңгейін анықтайтын шама ретінде қарастыруға болады. Қазіргі жылдам өзгеріс жағдайындағы әлемде функционалдық сауаттылық адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге қарқынды араласуын, адамдардың өмір бойы оқуын қамтамасыз ететін негізгі базалық факторлардың бірі болып саналады.
Қазіргі таңдағы әртүрлі сауаттылыққа өзіне тән функционалдық сауаттылық сәйкес келеді. Сауаттылықтың мынадай түрлері бар:
а) жалпы мәдени – жаратылыстану, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша, сонымен қатар тарих және қазіргі көркем мәдениет бойынша білімнің болуы;
б) іс-қимылдық – жай адамдық қасиеттердің нормалары, қызметтік және басқа да этика, жағдайға қарай іс-қимыл жасау туралы білім және оларды түсіну;
в) әдіснамалық – теориялық білім мен әлеуметтік тәжірибенің интеграциясы негізінде білімді және өмірді түсінуді терең меңгеру. Соңғы сауаттылық басқалардың негізі болып табылады;
г) әлеуметтік-коммуникативтік – басқаларды түсіне білу, сөйлеу тілі арқылы және басқалай берілетін «тілдерді» түсіну, өзара түсіну дағдылары және бірге іс-қимыл жасау;
д) технологиялық – кәсіптік қызмет саласында мәселелерді тиімді және құзыретті шеше білу қабілеті;
е) экономикалық – шаруашылық қызметтердің теориялық білім негіздерін, экономикалық байланыстар мен қатынастың негізін түсіну; нақты қаржылық-экономикалық жағдайды талдай білу;
ж) азаматтық-құқықтық – кең қоғамдық аспектіде өз құқықтарын және міндеттерін білу және түсіну;
з) саяси – билік пен мемлекеттің әлеуметтік табиғатын түсіну, жалпы істерді жүргізу және ортақ мүддені қорғау туралы ептілік және дағдылар.
Функционалдық сауаттылық немесе құзыреттілік деп көп жағдайларда теориялық білім мен қоғамдық өмірдің әр саласындағы (экономика, технология, саясат, мәдениет) практикалық тәжірибені тиімді үйлестіру арқылы білім алушылардың әлеуметтік өмірдегі мәселелерді нормативтік тұрғыда талдау, шешу қабілетін айтады. [5, 6, с.26, 336] Функционалдық сауаттылық терминімен қатар жоғары функционалдық сауаттылық термині де қолданылады. Оған функционалдық талаптардан жоғары білім көлемінің, интеллектуалдық әлеуеттің, рухани әлемнің дамуы жатады.
Қазіргі кезде білімнің жаңа парадигмасына байланысты оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру үшін «зерттеу мәдениетін» меңгерудің маңызы зор.
Ғылыми әдебиетте «зерттеу мәдениетін» түсіндіретін әртүрлі анықтамалар бар.
Зерттеу мәдениеті деп зерттеу қызметін жүргізуге қажет білім, ептілік, дағды және құзыретті және теориялық және практикалық мәні бар зерттеу әрекетінің стратегиясы мен тактикасын анықтайтын көзқарасты айтады [7,с. 35–46.]. Зерттеу мәдениетінің жалпы құрылымында үш инварианттық: когнитивтік-бағалау, операциялық-әрекеттік және бағалық-мотивациялық компонент бар. Оқушылардың зерттеу мәдениеті негізінде жоғары сыныптарда қалыптасады [8,с.63-64]. Осы анықтамаға сүйене отырып, оны жобалау іс-әрекеті мәдениетіне бейімдеу арқылы оқушылардың жобалау және зерттеу жұмысының мәдениеті мынадай негізгі критерийлермен сипатталатынын байқауға болады: зерттеу мотивациясы, ойлаудың ғылыми стилі, зерттеуге ақпараттық және технологиялық дайындық, шығармашылық белсенділік. Аталған критерийлер оқушылардың жобалау іс-әрекетінің табыстылығын анықтауға бағытталған.
Білім беру ұйымдарындағы оқушылардың жобалау және зерттеу жұмыстары психологиялық-педагогикалық, оқу-әдістемелік, ұйымдастырушылық және басқа да проблемаларды кешенді шешудің сауатты ғылыми тәсілінің болуын талап етеді. Мұғалімдерде жобалау және зерттеу технологияларын меңгеру үшін тиісті деңгейде ғылыми-әдістемелік даярлықтарының болуы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет