Жобалау пайда болған алғашқы кезеңдерде жобаны ғылыми-негізделіп, дәл есептелген түрде жасалатын және негізінен технологиялық қызметтерді пайдаланылатын белгілі бір нәрсенің нобайы деп түсіндірілген болатын



бет144/263
Дата27.09.2023
өлшемі3,3 Mb.
#110820
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   263
Байланысты:
Доп мат

Жобалау ролдері. Жобалау әрекеті шеңберінде оның субъектілері тапсырыс берушілер, көшбасшылар, координаторлар (менеджерлер), жетекшілер, эксперттер ретінде қатыса алады. Осы ролдердің әрқайсысы өз қызметтерін атқара отырып, жоба кезеңдерінің өтуінде маңызды. өнімге тапсырыс болмаған соң білім беру жобалары ешкімге қажеті жоқ. Басқарушысыз ресурстарды тартуда және іс әрекет координациясында қиындық туады. Эксперттсіз жоба нәтижесінің әлеуметтік маңыздылығын және жаңалығын талқылау күрделі. Жобалау ролдерінің дифференциациясы жобалауға қатысушылардың практикалық қажеттілігіне немесе әлеуметтік тапсырыспен жүзеге асырылады.
Мысалы, «Гуманитар–мұғалімдерді қайта даярлау» жобасы шеңберінде іс әрекет. (Алексашина И. А. Проект «Переподготовка учителей-гуманитариев». Санкт-Петербургская модель. Информационный бюллетень проекта. Выпуск 1. — СПб., 1997.-С. 8, 9).
Тьютор қызметі:
бағдарламаның даярлық кезеңінде.
Жобаалды іс-әрекетін ұйымдастыру.
Қатысушылар топтарын құру.
Семинар, оқу жоспарларын, сабақ кестесін және т.б. жасауға қатысу.
Тыңдаушылармен кері байланысты орнатуды қамтамасыз ету.
4. Бағдарламаның соңғы қорытынды кезеңінде.
Бағдарлама қорытындысы бойынша аналитикалық түйін жасау.
Индивидуалды педагогикалық жобалар маркетингі.
Мұғалімдер аттестациясына сертификат беру.
Тьютор:
Пәндік сала аймағында жобаны таныстыруына;
Топтағы соңғы шешімді қабылдауға;
Оқу үрдісін және оқу тобының құрамын құруға;
Тыңдаушылардың қызығушылығын қорғауға;
Эксперт еңбегінің төлеуіне қатысты сұрақтарды шешуге қабілетті.
Педагогикалық жобаларға топталған субъектілер де қатыса алады. Іздеуші, ұшқыш топтар мысал бола алады. Субъект ретінде жобаға қатысушылар сутуативті түрде бірігеді.(масалы, компьютерлік желіні пайдаланушылар).
Типке және масштабқа сәйкес субъектінің қалыптасуы мен таңдау – жоба әрекетіндегі маңызды кезең. Әсіресе, оқу жобалау әрекетінде өте маңызды. Мысал ретінде жинақталған субъект саласына тән бірнеше жобаларды қарастырайық.
Үлгілеуші жұптар жобалау жүйесінде диада секілді топтық субъектінің алуан түрлілігі ретінде көрініс табады. Оны әртүрлі кәсіби (әлеуметтік, жас ерекшелік) категорияларына жататын қатысушылар қарым қатынас, іс әрекеттің актуалды немесе жобалық эталондық тәжірибесін, жұптық кәсіби іс әрекет шеңберінде эмоционалдық реакция тудыруға қажетті «ішкі» жобалау әрекетін мақсатты түрде қалыптастыру және пайдалану қажет. Жобалық мақсатта құрылған мұндай жұп өз іс-әрекетінде инновациялық өзгерістерді үлгілейді.
Мысалы, волгоградтық педагогтардың тәжірибесінде үлгілеуші жұптар – «білім беру ұйымдарының жетекшілері – осы мектептің ағылшын тілінің мұғалімі» құрылды. Курста олар параллельді түрде мұғалім – тілді инновациялық әдіс арқылы үйретуге; директор- инновациялық өзгерістер арқылы басқаруды, инновациялық технологиялардың ағылшын тілін оқытудағы тиімділігінің шартын меңгереді. Қызмет орныныа оралғанда мұғалім меңгерген технологиясын оқыту практикасына енгізе бестады. Директор инновациялық орта, технологияны енгізуге жағдай жасады. Осының негізінде туындаған типтік мәселелер ситуациялық қиыншылықтар, жаңа әсерлер сол мезетте талданып, рефлексияға ұшырап келесі жобалау қадамдарын түзетуде ескеріліп отырылды.
Диагностикалық қызмет атқаратын үлгілеуші жұптарды қалыптастырудың ойындық нұсқасы да бар. Демек, өнімді кәсіби мінез құлық пән болып табылатын оқу жобалау шеңберінде бітіруші топ студенттеріне «мектеп директоры – жұмысқа алынып жатқан жас мұғалім» жұбын құрастыру талап етлді. Белгіленген уақыт жағдайынды жұмысқа алыну және еңбек келісімі бойынша барлық жұптар жеңіліске ұшырады.
Екі тарапқа да ортақ негізгі тұжырымдама – қызмет кездесулерімен байланысты өз қажеттіліктері мен сұраныстарын максимальды көлемде қанағаттандыру. Сонымен қатар жұптық жұмыстың әртүрлі тәртібін: кездейсоқ қарым қатынас береміз. Жұптық жұмыс нәтижесі бойынша жалпы дискуссия өткізіледі. Осылайша, «басқарушы» және «бағыныштылардың» сыртқы мотивтері, таптурындар, штамптар бөлінеді.
Нәтижесінде бірлескен күштің арқасында жұмысқа жас маманды қабылдауда типтік ситуацияда өнімді мінез құлық үлгісі жобаланады. (Аналогиялық тәсіл мектеп басқарушыларының біліктілігін арттыруда курстарда пайдаланылды)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   263




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет