Жобалау пайда болған алғашқы кезеңдерде жобаны ғылыми-негізделіп, дәл есептелген түрде жасалатын және негізінен технологиялық қызметтерді пайдаланылатын белгілі бір нәрсенің нобайы деп түсіндірілген болатын


Жобалау әрекетінде қатысушылар арасында қарым қатынастың әртүрлі типтері жиналуы мүмкін



бет147/263
Дата27.09.2023
өлшемі3,3 Mb.
#110820
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   263
Байланысты:
Доп мат

Жобалау әрекетінде қатысушылар арасында қарым қатынастың әртүрлі типтері жиналуы мүмкін: 1) кооперацияға бағынышты; 2) жобаны орындаушылары арасында бірлестік пен әріптестік ұсынатын кооперациямен тең; 3) желілік қатынас. Желіге қатынас ерікті түрде белсендіріліп отырылады;
Осылайша субъект ретінде қатысатын ересек үшін де, балалар үшінде жоба әрекетінде өзара жетілу үшін жағдай туындайды. Жобалаудың әрбір қатысушысы сонымен қатар басқа адамдар үшін тұлғалық дамудың ерекше катализаторы болып қалыптасады. Әсіресе, жобалауда жас ерекшеліктеріне, көп ұлттылыққа, мәдениетке байланысты мәселелер өте өзекті.
3. Жобалық әрекеттің пәні мен объектісінің ерекшелігі. Жобалаудың әртүрлілігі объектілері мен пәнін құруға бағытталған. Жобалау объектісі пән контексінің қайда деген сұрағына жауап беретін орта немесе процесс. Жобалау пәні – жобада көрсетілетін алғашқы өнім. Жобалаудың пәні мен объектісі өзара бір тұтасқа бірігеді.
Педагогтың жобалық әрекеті педагогикалық әрекетте жоспарланатын өзгерістермен байланысты. Оның объектісі осы әрекетте болатын әртүрлі құбылыстар мен үдерістер болады. Оларға:

  • әртұрлі масштабтағы білім беру жүйелері және олардың компоненттері;

  • педагогикалық үдерістердің көптүрлілігі және олардың компоненттері;

  • білім беру мазмұнының қалыптасуы және оның қалыптасу деңгейі;

  • білім беру және ақпараттық -коммуникативтік кеңістік;

  • әлеуметтік-педагогикалық орта;

  • Педагогиалық қатынас жүйесі;

  • Педагогикалық әрекет барлық түрлері;

  • Тұлғалық және тұлғааралық құрылым;

  • Кәсіби көзқарас;

  • Педагогикалық ситуация;

  • Педагогикалық объектілердің сапасы.

Жобалау түрлерінің шеңберінде ерекше пәндерін бөліп көрсетуге болады. Білім беру жобалау: білім беру бағдарламалары; білім беру стандарттары; білім беру мекемелерінің типтері; білім беруді басқару органдары және т.б. Белгіленген объектісі шеңберінде қайта жасаудың пәні таңдалады. Мысалы, педагогикалық үдеріс құрылымында жобалау мақсаты, мазмұны, технологиясы бар. Білім беру құрылымында жобалаудың концепциялары, бағдарламалары, оқу жоспары, дидактикалық материалдар және т.б. Аналогиялық объектілер мен пәні көптеген іс әрекет бейнеленеді, бір бірінен айырмашылықтары мен ұқсастықтары бар. Жобалау әрекетінің пәнінің өзгермелі қасиеті бар.
Демек жобалауда парадокс бар: іс-әрекет пәні осы әрекет те пән болмайды. Сонымен қатар, үнемі өзгерісті талап етеді. Осымен байланысты ұйым жүйесінде жоба әрекетінде үнемі жобалау пәнінің шекарасын диагностикалау болып қалыптасады.
Жобалық қатынас шеңберінде авторлық құқық мәселесі туындайды. Жобаны құруда көптеген кезеңнен өтеді, бұл кезеңдердің әрқайсысында кез келген қатысушысы өзінің индивидуалды өнімін құяды. Жобалау өнімдерінің әлеуметтік маңыздылығы жоба қатысушылары алдында авторларды бекіту қажеттігі туады. Инновациялық бағдарламаларды, әдістемелік материалдарды, зерттеу есептерін өңдеумен тығыз байланысты.Мақсатты түрде авторлық құқықты әлеуметтендіруге негізделген бастапқы атериалдарды құжаттау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   263




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет