Курс барысында студенттер
білуі тиіс:
- әлеуметтік педагогиканың логикалық-гносеологиялық, ғылымтанушылық және технологиялық негіздерін;
-әлеуметтік педагогиканың ғылыми пән ретіндегі логикалық құрылымын, ғылыми танымдық үдерістің, ғылыми-зерттеу әрекетінің мазмұны мен әдістемесін, логикалық құрылымын және ұстанымдарын ;
- әлеуметтік педагогиканың әдіснамалық негіздерін .
- әлеуметтік-педагогикалық практиканы жаңарту туралы білімдерді ;
игеруі керек:
-нақтылы әлеуметтік-педагогикалық міндеттерді шешу үдерісінде теориялық білімді тиімді пайдалануды;
-алған білімдерін, іскерліктер мен дағдыларды әлеуметтік педагогика саласындағы зерттеуде және білім беру жүйесінде қолдануды;
-әлеуметтік-педагогикалық зерттеудің құрылымын және ғылыми аппаратын;
-әлеуметтік-педагогикалық зерттеуді ұйымдастырудың дәстүрлі және инновациялық стратегиясын;
-әлеуметтік-педагогикалық зерттеу үдерісінде қазіргі заманауи әдістер мен технологияларды қолдану жүйесін.
Қалыптасатын дағдылар:
– әлеуметтік –педагогикалық зерттеуді жүргізу әдістемесін жасай алу;
– ғылыми зерттеу барысында теориялық білім көздерін іздестіре және таба білу;
– зерттеу нәтижелерін практикаға ендіре білу, қолжазбаларды баспаға даярлай алу.
|
|
|
|
|
УНИВЕРСИТЕТТЕРДЕ МАМАНДЫҚТАР МЕН ПӘНДЕРІ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛДАРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Таубаева Ш.Т., әл-Фараби ат. ҚазҰУ
п.ғ.д., профессор
shtaubayeva@yandex.ru
Қазіргі уақытта жоғары білім беру жүйесінде білікті мамандар даярлауға қойылатын талап күшейе түсуде. Өмір өзгереді, қоғам алға дамиды. Айталық, әлемдік қаржылық дағдарыстан алып шығу жүйесін жетік меңгерген маман керек, ал дүние жүзінде бұл салада 400-ге жуық қана маман бар екен. Сондықтан да қазіргі кезде жоғары оқу орындарында оқыту үдерісін оқу-әдістемелік, ақпараттық-технологиялық жағынан қамтамасыз ету мәселесінің маңыздылығы артуда. Әрине бұл мемлекеттік білім беру стандарттарына, білім беру тұжырымдамасы мен мамандықтардың нақты стандарттарына тікелей байланысты.
Жоғары оқу орындарын бітіруші түлектерге стандарттың міндеттілігі кәсіптік білім беру бағдарламасының, стандартты іске асыру технологиясының негізіне жататын оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттердің құрылымы мен мазмұнын іріктегенде, басшылыкқа алынады. Міне, осы мәселе аясында жоғары оқу орнының оқулығы мен оқу-әдістемелік кешеніне қойылатын ғылыми талаптарды жүйелеу қажеттігі туындайды. «Оқу-әдістемелік кешен» термині кейбір түсініктеме беруді талап етеді. Практикада бұл түсінік мектептік білім беруге қатысты айтылды да, жоғары мектепте сирек қолданылатын.
Белгілі ғалым, оқулық теориясының негізін салушылардың бірі Д.Д. Зуев «жоғары білім беретін пәндер бойынша оқу-әдістемелік кешен жасау болжамдық деңгейде жүзеге асуда, ал біз «оқу-әдістемелік кешен» терминін дидактикалық құралдардың ашық жүйесін белгілеу үшін кіргіземіз. Тағы «компонент» деген термин бар, ол белгілі бір сыныптың оқулықтарының комплектісі, толық жиынтығы, яғни, жабық жүйені көрсетеді», -деген еді [1].
Сол кезде оқу-әдістемелік кешен деп келешектегі оқу-тәрбие үдерісінің жүйелі сипаттамасы берілген оқу-әдістемелік құжаттар жиынтығын атады (В.П. Беспалько). Оқу-әдістемелік кешен жасаудың алғашқы кезеңі эмпирикалық, 2-кезеңі теориялық деп белгіленді, 3-кезеңде, жасалған оқу-әдістемелік кешен, құралдар, идеялар мен әдістер түрінде практикаға ендіріледі, - деп түжырымдады [2].
Ғалымдар білім беру үдерісін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету жұмысының тарихын пайымдап, мынадай тұжырымдарға келді. Оқу-әдістемелік кешен (ОӘК) XX ғасырдың 80-жылдары ЖОО-ның практикасында келесі құжаттар жиынтығын құрады: оқу бағдарламасы; жұмыстық оқу бағдарламасы; дәріс сабақтарының барлық түрлері бойынша әдістемелік нұсқаулар; студенттердің өздік жұмыстарының графигі; арнайы дәрісханалар тізімі, студенттердің пәннің оқу-әдістемелік кешенімен дәрісханалар тізімі; студенттердіц пәннің оқу-әдістемелік кешенімен қамтамасыз етілу картасы. Сонымен қатар, «мамандықтың оқу-әдістемелік кешені» деген түсінік болды. Оның құрамына:
|