Жобанықұрастыру – білім беру үрдісіне ендірілетін өзгерістерді және оның нәтижелерін жобалау; Басқарушы және педагогтарды педагогикалық процеске ендірілетін өзгерістерге теориялық, әдістемелік және психологиялық даярлау, жобаланған өзгерістерді қоғам тарапынан қолдау ісін ұйымдастыру, немесе жоба туралы келісімге келу;
Жобаны нормативтік, ұйымдастырушылық, материалдық және қаржылық қамтамасыз ету;
Білім беру үрдісіне шағын өзгерістер ендіру (білім жүйесінің белгілі сатыларына ғана, немесе, жеке пәндерді оқыту көлемінде, т.б.)
Білім беру үрдісіне жүйелі өзгерістер ендіруе көшу, немесе жобаны жүзеге асыру; Белгілі кезеңдерде қол жеткен нәтижелерді талдау, басқару және әдістемелік шараларға түзетулер мен толықтырулар ендіру, педагогикалық процестің сапасын өзгертудегі перспективалық бағыттарды анықтау,немесе жобаны қорыту. Бұл кезеңдер де өзгертіле алады, әр кезеңнің ұзақтығы да әр түрлі болу мүмкін, сонымен қатар әрекеттер түрлі болатыны сөзсіз.
Даму бағдарламасын құрастыруда төмендегі талаптардың орындалуы қамтамасыз етілді:
біріншіден, педагогтардың, ата- аналардың, білім алушылардың оны құрастыруға қатысуы аталған бағдарламаның шын мәнінде білім беру ұйымын дамыту құралына айналуына мүмкіндік береді;
екіншіден, бағдарламаның жүйелілігін қамтамасыз ету, оның мақсат міндеттері мен жүзеге асырылу құралдарының өзара байланыста болуы оның тиімділігіне негіз болады;
үшіншіден, бағдарламаның орындалу барысы туралы ұжымын, ата - аналар және білім алушылардың, сыртқы ортаны хабардар етіп отыру міндетті болып табылады. Оның формасы ретінде білім беру мекемелерінің көпшілікке ұсынылатын есеп ретіндегі баяндамасын алуға болады.
Бағдарламалардың нұсқаларын екі негізгі топқа біріктіруге болады. Олар: жаңа талаптар мен іс - әрекеттерді орындауға бағытталған бағдарламалар; педагогтардың инновациялық әрекеттерін қолдауға бағытталған бағдарламалар. Сонымен қатар, тәжірибеде осы нұсқалардың араласқан түрін білім беру нәтижелерін көтеру үрдісін басқаруда кездестіруге болады.
Бағдарламаның білім беру үрдісін жаңаша құрудағы негізгі бағыттары белгіленіп, олар бөлімдер ретінде ұсынылды: