1. Психологиялық-педагогикалық зерттеудің жалпы сипаттамасы. Психологиялық-педагогикалық зерттеудің қызметтері.
2. Психологиялық-педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері.
3. Психологиялық-педагогикалық зерттеулердің түрлері.
4. Психологиялық-педагогикалық зерттеулердің жалпы логикасы және құрылымы.
5. Зерттеудің тұжырымдамасы.
6. Ғылыми зерттеудің ұғымдық-түсініктік аппараты.
7. Психологиялық- педагогикалық зерттеуді ұйымдастыру мен жүргізудің әдістері мен әдістемесі.
8. Ғылыми мәліметтерді талдау, өңдеу және түсіндіру
9. Психологиялық-педагогикалық зерттеулердегі қателіктерді түзету жұмысы
10.Зерттеушінің психологиялық- педагогикалық мәдениеті және шеберлігі
Курстың мақсаты: студенттердің ғылыми зерттеулердің әдіснамасы мен әдістері саласындағы білімдерін жүйелі қалыптастыру.
қазіргі замануи зерттеу зерттеу әдістермен таныстыру;
студенттерді сараптамалық бағалау әдістерін қолдануға үйрету.
Курс барысында студенттер: Білуі тиіс : -Зерттеу үдерісі, психологиялық-педагогикалық зерттеудің ерекшелігі, психологиялық-педагогикалық зерттеудің логикасы және түрлерін;
- әдіснамалық тұғырлар мен ұстанымдарды;
- психологиялық, социологиялық және әлеуметтік-педагогикалық зерттеудің теориялық және эмпирикалық әдістерін, әрүрлі әдістердің зерттеушілік мүмкіндіктерін, зерттеудің мәліметтерін өңдеудің статистикалық әдістерін, жеке тұлғаны, топты диагностикалау әдістемесін ;
-теориялық және қолданбалы зерттеудің негіздерін;
- психологиялық-педагогикалық зерттеудің негізгі ұғымдар жүйесін;
- тәжірибелік-эксперименттік жұмысты дайындау мен жүргізудің, мәні мен әдістемесін ;
- дипломдық жұмыстың негізгі нәтижелерін дайындау, рәсімдеу және қорғау ерекшеліктерін;
-әлеуметтік-педагогикалық зерттеуде қолданылатын психологиялық және социологиялық зерттеудің болашақта қажет әдістерін.
Игеруі керек: - зерттеу тақырыбын таңдау және оның өзектілігін анықтауды;
- психологиялық және социологиялық әдістерді әлеуметтік-педагогикалық зерттеуде қолдануды;
- жеке тұлғаның, топтың әлеуметтік-педагогикалық диагностикасын жасай алуы және зерттеудің мәліметтерін өңдеудің статистикалық әдістерін;
- білім беру мекемелерінде немесе әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінде әлеуметтік-педагогикалық тәжірибелік-эксперименттік жұмысты дайындау мен жүргізу әдістемесін ;