Әлеуметтік инновация дегеніміз саналы түрде әлеуметтік позитивті өзгерістерді еңгізу мақсатында ұқұрылымына қарай:басқару, білім беру, зейнет ақыға қатысты, мәдениет, спорт,адамдардың денсаулығына байланыстыйымдастырылып еңгізілген жаңалық..
Әлеуметтік инновацияөзіне тән ерекшеліктері бар. Әлеуметтік инновация ұжымдық сфера еңбектің нәтижесі болса, материалдық техникалық саладағы инновация жеке адамның шығармашыл әрекеті. Әлеуметтік инновациялардың тағы бір ерекшелігі, ол уақыттан алшақ болуы, нәтижесі бірден көрінбейді. Тағы бір ерекшелігі, оның сыртқы ортамен байланысы,қолдануда ауқымының кеңдігі. Әлеуметтік инновациялар қөп түрлі болып келеді. Әлеуметтік инновацияларды көлемімен деңгейіне қарай келесідей түрлерге бөлуге болады: глобальды, жалпы азаматтық проблемаларды шешуге арналған, регионалды және жергілікті.
Қоғамдық өмір сферасына қарай:әлеуметтік, саяси, экономикалық, мәдени, рухани, әлеуметтік институттардағы.
Қолдану масштабына қарай:, жеке әлеуметтік, бір объектіге арналған.
Әлеуметтік сфераның құрылымына қарай:басқару, білім беру,мәдениет, спорт т.б.
7. А.М.Новиков жоба мен жобалау ұғымдарының айырмашылығы А.М.Новиков жоба мен жобалау ұғымдарының айырмашылығын анықтайды, ол жобалауды жобаның бастапқы кезеңіне тән әрекет деп түсіндіреді. Шын мәнінде, кез келген өнімді, немесе инновациялық қызмет нақты мақсат қойылуын, дәлірек айтқанда, жобалауды қажет етеді. Педагогикалық әрекеттер тәжірибесінде білім беру жүйесін жобалау іске асырылады, мысалы, оған сабақ үрдісін жобалау, немесе, мектептің гимназияға өтуін жобалау, немесе бір ел бойынша білім беруді дамытуды жобалау әрекетерін жатқыза аламыз.
Келесі бір ортақ түсінік қалыптастыруды қажет ететін технология ұғымы бар, зерттеушілер оны берілген міндетті орындау түрлері мен амалдарының, әдістері мен құралдарының жүйесі ретінде қарастырады. Ал, біз қарастырып отырған жобалау қызметінің кез келген түрі осы технологиялар жиынтығы негізінде жүзеге асырылады.
Әрекеттің өнімділігін ұйымдастыруда рефлексияның – қойылған мақсатты, үрдістегі міндеттерді, нәтижелерді үнемі талдап отырудың – маңызы зор.
Осылайша, ғылыми зерттеулер әдіснамасы да, практикалық әрекеттер әдіснамасы да, жобалау категориясының логикасында оның үш кезең (фазалар) – жобалық, технологиялық, рефлексиялық – фазалар бірлігін сақтай отырып құрылады дей аламыз.
Әлеуметтік жүйелердің дамуын жобалауды инновациялық процестің моделі ретінде қарастыруға болады:
− ұйымның бастапқы жағдайы (біз қазір қайдамыз?);
− күтілетін болашақтың бейнесі (біз қайда барғымыз келеді?);
− қазіргі жағдайдан болашаққа өту әрекеттерінің құрамы мен құрылымы (біз күтілетін нәтиже алуымыз үшін не жасаймыз?).
Жобалау келесі қызметтерді атқаруға арналған:
− оның қатысушылар әрекеттерінің бағытын және олардың мақсатты бағдарларын анықтау, яғни орындаушылардың бірлескен жұмысының мақсатқа бағыттылығын қамтамасыз ету құралы болу;
− жеке орындаушылар мен олардың топтарының арасындағы байланыстарды анықтау, яғни орындаушылардың күштерінің интеграциясы мен әрекеттерін үйлестіру құралы болу;
− жұмыс барысы мен оның орындалуы жағдайларын бақылау құралы болу;
− қойылған мақсаттардың орындалуына кесел келтіруі мүмкін қауіп-қатерді алдын-ала болжай білу құралы болу;
− жұмыс бағытының жоспарланғаннан ауытқуы немесе бұрын болжанбаған қауіп-қатердің анықталуы барысында шешім шығара білу құралы болу.
Жобалау – бұл күтілетін нәтижеге бағытталған қозғалыстың тұтас моделі, оның негізгі міндеті – мақсатқа бағытталған қозғалысты бақылайтын құрал болу. Бақылау барысында болжамды нәрсе шынайы нәрсемен салыстырылады, бұл жағдайда бағдарлама аралық және түпкі нәтижелер салыстыруға мүмкіндік беретіндей болуы қажет.
ХХ ғасыр аяғындағы қоғамдағы саяси -әлеуметтік қарқынды өзгерістер жобалауды әлеуметтік мәдени өзгерістерді басқару контекстінде де қарастырудың маңыздылығын айқындауда. Өйткені, бүгінгі ақпараттық жаңғыртулар ұдайы жүріп отырған қоғамдық өндірістің қуатты күші ауқымы жағынан табиғи үдерістермен барабар келіп, осы жағдайда адамдардың өзгермелі жағдайларға уақытында тез жауап бере алатын жаңа әрекеттерін ұйымдастыруды қажет ететін ортаны қалыптастыруда.
Қазіргі заманғы ғылым мен өркениеттің жаңа парадигмасына сай әлеуметтік жүйелердің өзгерістері, ондағы адамның орны мен ұйымдастырушылық ролі туралы мәселелер философиялық, мәдениеттанушылық және психологиялық тұрғылардан қарастырылуда. Бұл бағытта отандық ғалымдар бүгінгі әлеуметтік–мәдени жағдайларға қатысты жан-жақты зерттеулер ұсынуда.
8. «Жоба», «жобалау», «педагогикалық жобалау», «мұғалімнің жобалау әрекеті» түсініктемелерінің білім беру аймағындағы байланысы Жоба -(латынша projectus-алға қарай лақтыру; жобалау – болашақтағы объектінің образын жасау) құжаттар жиынтығы(расчетар, чертеждар), белгілі затты, құрлысты орындау үшін жасалған жоспар, құжат.
Жобалау (лат. Projectus – алға қарай бағытталған) ғылым мен жобаны құрудағы инженериялық әрекетпен, болашақтағы ұсынылып отырған құбылыстың үлгісін құрумен тығыз байланысты. Адам еңбегінің көптеген өнімдері оны алдын ала жобалау нәтижесінде жүргізілетіні анықталды. Бұл контексте жобалау - жобаны, яғни ұсынылып отырған обьектінің үлгісін, прототипін құрудағы үдерісс болып табылады. Қазіргі кезде, жобалау – бұл білім берудің жаңа құндылықтары. Бұл жерде қандайда бір нәрсенің толықтай бір көрініс орнатылады және де шынайы болашаққа деген ұмтылыс та өте жоғары.
Жобалау (қасиеттердің бір обектіден екінші обекті обектіге ауысуының психологиялық көшулерінің процедура секілді «проекция» деген сөзінен шыққан). Жобалау кезінде адамның санасының обект үлгісін көтеріп алу қабілеттілігі жайында сөз болады. Дәл қазіргі сәтте жобалау белгілі бір әдістермен процедуралар көмегімен өзекті жасайтын тұлғалық қасиет ретінде болады. (Жобалау санасы, жобалау әдістемесі, жобалау тесті).