Жолаушылар автокӛлігінің жай-кҥйін талдау- ҧйымдастырушылық, техникалық аспектілер
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жӛніндегі агенттігінің Ҧлттық статистика бюросының деректері бойынша тасымалдаудың барлық тҥрлері бойынша жолаушылар айналымы – 295,5 млрд.жолаушы-км, Жолаушылар тасымалы кӛлемі – 23,8 млрд. жолаушы-км қҧрайды. 2011-2019 жылдар аралығындағы автотасымалдау саласы дамуының негізгі кӛрсеткіштері 1-3 суретте кӛрсетілген.
Айта кету керек, ҚР Ҧлттық статистика бюросының мәліметтері [1] автокӛлік жҧмысының негізгі кӛрсеткіштері бойынша саланың шынайы жағдайын толық кӛрсете алмайды. Бҧл автокӛлік кәсіпорындарының жҧмысы туралы нақты деректерді жинау тетігінің болмауына және тасымалдау тҥріне және тасымалдау шарттарына байланысты оны пайдаланудың әртҥрлі қарқындылығын ескерместен жылжымалы қҧрамның санына негізделген тасымалдау кӛлемін, жҥк айналымы мен жолаушылар айналымын есептеудің қабылданған әдістемесіне байланысты. Мысалы, қолданылатын Әдістемеде автобустарды жеке меншік иелерінде пайдалану дәрежесі (жалпы санынан 56,5%) тҧрақты маршруттарда жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын автобустарға қарағанда айтарлықтай тӛмен екендігі ескерілмейді. Сондай-ақ, Қазақстан экономикасының тҥрлі салаларындағы кәсіпорындардың иелігіндегі автобустар тасымалдауды әлдеқайда тӛмен қарқындылықпен жҥзеге асырады. Нәтижесінде бҧл деректерді біз 2 еседен артық кӛтеріңкі деп санаймыз. Автокӛлік жҧмысының басқа сенімді кӛздері болмаған жағдайда, осы зерттеу жҧмысында олар осы ресми деректерді келтіруге мәжбҥр.