Жобаны орындау бойынша есеп


Қалалық, қала маңындағы және облысішілік қатынастарда тҧрақты маршруттар бойынша жолаушылар автотасымалдарын ҧйымдастыру



бет7/125
Дата21.04.2023
өлшемі0,94 Mb.
#85248
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   125
Байланысты:
диплом материал

Қалалық, қала маңындағы және облысішілік қатынастарда тҧрақты маршруттар бойынша жолаушылар автотасымалдарын ҧйымдастыру


ҚР заңнамасына сәйкес қалалық, қала маңындағы және облысішілік маршруттарда автокӛлікпен жолаушылар тасымалын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ЖАО ҧйымдастырады, ауданішілік тасымалдарды аудан әкімдіктері ҧйымдастырады.
Осы тасымалдарды ҧйымдастыру жӛніндегі іс-шаралардың қысқаша дәйектілігі мынадай. ЖАО мен маршруттар бойынша тасымалдаушылар арасындағы қолданыстағы шарттардың мерзімдері аяқталғаннан кейін, сондай-ақ қаланың маршруттық желісіндегі ӛзгерістер (жаңа маршруттарды енгізу және кейбір маршруттарды тарату, жекелеген маршруттардағы қозғалыс схемасы мен автобустар санының ӛзгеруі) кезінде ЖАО маршруттарды пайдалану қҧқығына конкурстар ӛткізеді. Конкурс ӛткізу туралы бҧқаралық ақпарат қҧралдарында (газеттерде, теледидарда) хабарландыру беріледі. Бҧдан әрі маршруттар туралы мәліметтер жиналады, тасымалдаушылардан конкурсқа қатысуға ӛтінімдер қабылданады, лоттар қалыптастырылады және конкурстар ӛткізіледі.
Әрбір бағыт бойынша тасымалдаушыларды таңдау тасымалдаушылардың бірқатар сипаттамалары бойынша жҥргізіледі. Жолаушыларға сапалы қызмет кӛрсетуді және тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ескере отырып, тасымалдаудың ең жақсы шарттарын ҧсынған тасымалдаушы конкурс жеңімпазы деп танылады. Ҥздік тасымалдаушыларды іріктеу критерийлері жылжымалы қҧрамды пайдалану мерзімі, жеке меншіктегі немесе лизингке/кредитке сатып алынған автобустардың болуы, отандық ӛндіріс автобустарының болуы, жолаушылар тасымалындағы жҧмыс тәжірибесі, ӛндірістік-техникалық базаның болуы, резервтік жылжымалы қҧрамның болуы, сондай-ақ қосымша шарттар болып табылады.
Конкурс нәтижелері бойынша конкурста жеңіске жеткен тасымалдаушылармен жолаушылар тасымалын ҧйымдастыру туралы шарт жасалады. Онда тасымалдауды жҥзеге асыруға қойылатын барлық талаптар кӛзделеді: маршруттар бойынша қозғалыс кестесі мен схемасы, жылжымалы қҧрамның саны, маркасы, резервтік жылжымалы қҧрамның саны.
Кедергісіз тасымалдарды жҥзеге асыру ҥшін ЖАО тасымалдаушыға әрбір маршрутқа және әрбір кӛлік қҧралына рҧқсат беру қҧжаттарын береді.
Тҧтастай алғанда, реттелетін тарифтер бойынша жолаушылар тасымалын ҧйымдастырудың барлық негізгі элементтері мемлекеттік органдар мен тасымалдаушылар арасында мынадай тәртіппен бӛлінген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет