Қырықбуын (лат. Equisétum) — қырықбуындар тұқымдасына жататын мәңгі жасыл, көп жылдық шөптесін өсімдіктердің тұқымдас тармағы. Тұқымдас тармағында әр түрлі мәлімет бойынша 15-тен 32-ге дейін өсімдіктердің түрі бар. Оңтүстік Америка мен Оңтүстік Африкада кең, таралған. Еуразияда 11 түрі өседі.
Олар өзен жағалауларында, орманда, қалың бұта арасында, ылғалы мол жерлерде өседі. Қазақстанның аса құнды жем-шөптік (Бұтақты қырықбуын — лат. Е. zamosіssіmum; Теңбіл қырықбуын — лат. Е. varіegatum; Қыстық қырықбуын — лат. Е. hіemale) және жайылымдар мен егіс алқаптарында өсетін арам шөп ретінде (Далалық қырықбуын лат. Е. аrvense) кездесетін түрлері де бар. Ал олардың арасында улы түрлерінің бірі - Батпақ қырықбуыны (лат. Е. рalustre).