Жоғары білікті педагогтері, біліктілікті арттыру ұйымдарының, білім беру саласындағы қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдардың, кәсіподақтардың, жұмыс берушілердің өкілдері



Дата11.11.2022
өлшемі21,5 Kb.
#49509
түріҚұрамы

4. Мәлімделген біліктілік санатына сәйкестігіне біліктілік санаттарын беру (растау) рәсімін жүргізу үшін сараптамалық кеңес құрылады: "педагог-модератор" біліктілік санаты үшін - білім беру ұйымының деңгейінде ұйымдастырылатын сараптамалық кеңес, құрамында: білім беру ұйымының жоғары білікті педагогтері, білім беру саласындағы қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдардың, кәсіподақтардың, жұмыс берушілердің өкілдері; "педагог-сарапшы" біліктілік санаты үшін - қала (аудан), облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана, білім беру саласындағы уәкілетті орган ( республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін), тиісті саланың уәкілетті органы деңгейінде ұйымдастырылатын сараптамалық кеңес, құрамында: әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлері, білім беру ұйымдарының, қаланың ( ауданның)
жоғары білікті педагогтері, біліктілікті арттыру ұйымдарының, білім беру саласындағы қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдардың, кәсіподақтардың, жұмыс берушілердің өкілдері; "педагог-зерттеуші" біліктілік санаты үшін - облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана, білім беру саласындағы уәкілетті орган (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін), тиісті саланың уәкілетті органы деңгейінде ұйымдастырылатын сараптамалық кеңес, құрамында: әдістемелік кабинеттердің ( орталықтардың) әдіскерлері, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім беру ұйымдарының, республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдардың жоғары білікті педагогтері, тиісті саланың уәкілетті органының, біліктілікті арттыру ұйымдарының, білім беру саласындағы қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдардың, кәсіподақтардың, жұмыс берушілердің өкілдері; "педагог-шебер" біліктілік санаты үшін - облыстың, республикалық маңызы бар қалалар мен астана, білім беру саласындағы уәкілетті орган (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін), тиісті саланың уәкілетті органы деңгейінде ұйымдастырылатын сараптамалық кеңес, құрамында: әдістемелік кабинеттердің ( орталықтардың) әдіскерлері, облыстың білім беру ұйымдарының жоғары білікті педагогтері, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім беруді басқару органы, білім беру саласындағы уәкілетті орган (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін), тиісті саланың уәкілетті органы басшысының бұйрығымен бекітілетін біліктілікті арттыру ұйымдарының, қамқоршылық кеңестердің, қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдардың, кәсіподақтардың, жұмыс берушілердің өкілдері. 5. Сараптамалық кеңестің құрамына сараптамалық кеңестің төрағасы мен мүшелері кіреді. Сараптамалық кеңес мүшелерінің тақ санынан, бірақ кемінде бес адамнан тұрады. 6. Комиссия осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біліктілік санаттарын беруге (растауға) педагог портфолиосын қабылдау-табыстау актісі бойынша материалдарды сараптамалық кеңеске жылына екі рет (ағымдағы жылдың 15 мамырына және 15 қарашасына дейін тиісінше) жібереді. 7. Сараптамалық кеңес осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бақылау парақтарын ескере отырып, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біліктілік санаттарын беру (растау) үшін педагогтердің портфолиосын бағалау өлшемшарттарына сәйкес біліктілік санаттарын беру (растау) үшін педагогтердің портфолиосын қарайды және бағалайды. 8. Сараптамалық кеңес осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біліктілік санаттарын беру (растау) үшін педагогтердің портфолиосын бағалау парағын және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ағымдағы жылдың 15 маусымына және 15 желтоқсанына дейінгі мерзімде Комиссияға біліктілік санатын алу үшін педагог қызметінің қорытындыларын кешенді талдамалық қорыту жөніндегі ұсынымдарды жібереді. 9. Әрбір педагог бойынша біліктілік санаттарын беру (растау) үшін сараптамалық кеңес сәйкестік немесе сәйкессіздік туралы ұсынымдар шығарады. 10. "Педагог" біліктілік санаты тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар адамдарға, сондай-ақ жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, қайта даярлау курстарынан өткен, мынадай кәсіби құзыреттерге сәйкес келетін адамдарға беріледі: оқу пәнінің мазмұнын, оқу-тәрбие процесін, оқыту және бағалау әдістемесін біледі; оқу-тәрбие процесін білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып жоспарлайды және ұйымдастырады, білім алушының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысады, білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбие мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асырады, кәсіптік-педагогикалық диалог дағдыларын меңгерген, сандық білім беру ресурстарын қолданады. 1-параграф. Педагогтерге кезекті біліктілік санаттарын беру тәртібі 11. Біліктілік санатын беру сараптамалық кеңестің ұсынымдарын ескере отырып, Комиссияның шешімімен қабылданады: 1) "педагог-модератор" біліктілік санатына: тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар адамдар, сондай-ақ қайта даярлау курстарынан өткен, кемінде екі жыл педагогикалық өтілі бар, мынадай кәсіби құзыреттерге сәйкес келетін адамдар: "педагог" біліктілік санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, сонымен қатар оқытудың инновациялық түрлерін, әдістері мен құралдарын пайдаланады, білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибе жинақтайды, білім беру ұйымы деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылары бар; 2) "педагог-сарапшы" біліктілік санатына: тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар адамдар, сондай-ақ қайта даярлау курстарынан өткен, кемінде үш жыл педагогикалық өтілі бар, мынадай кәсіби құзыреттерге сәйкес келетін адамдар: "педагог-модератор" біліктілік санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, сонымен қатар ұйымдастырылған оқу әрекетін, оқу-тәрбие процесін талдау дағдыларына ие, білім беру ұйымы деңгейінде өзінің және әріптестерінің кәсіби даму басымдықтарын конструктивті анықтайды, аудандық/қалалық деңгейде тәжірибе жинақтайды, аудандық/қалалық деңгейдегі олимпиадаларға, конкурстарға жарыстарға қатысушылары бар; 3) "педагог-зерттеуші" біліктілік санатына: тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар адамдар, сондай-ақ қайта даярлау курстарынан өткен, кемінде төрт жыл педагогикалық өтілі бар, мынадай кәсіби құзыреттерге сәйкес келетін адамдар: "педагог-сарапшы" біліктілік санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, сонымен қатар сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын меңгерген, білім алушылардың зерттеу дағдыларын дамытуды қамтамасыз етеді, тәлімгерлікті жүзеге асырады және педагогикалық қоғамдастықта аудан, қала деңгейінде даму стратегиясын конструктивті айқындайды, облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана, республика деңгейінде тәжірибе жинақтайды ( республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін); облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана, республика деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға , жарыстарға қатысушылардың болуы (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін); жоғарыда аталған көрсеткіштер бойынша талаптар қоюсыз, оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің және оқу-әдістемелік құралдардың республикалық сараптамасына қатысқан адамдар. 4) "педагог-шебер" біліктілік санатына: тиісті бейін бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар адамдар, сондай-ақ қайта даярлау курстарынан өткен, кемінде бес жыл педагогикалық өтілі бар, мынадай кәсіби құзыреттерге сәйкес келетін адамдар: "педагог-зерттеуші" біліктілік санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, сонымен қатар Республикалық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлдау алған авторлық бағдарламасы бар немесе уәкілетті орган бекіткен оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдар тізбесіне енгізілген басып шығарылған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (тең авторы) болып табылады, ғылыми жобалау дағдыларын дамытуды қамтамасыз етеді, тәлімгерлікті жүзеге асырады және кәсіби қоғамдастық желісін облыс деңгейінде дамытуды жоспарлайды, республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушысы болып табылады немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушыларын даярлаған. 12. Педагогтерге біліктілік санатын беру педагогтердің біліктілік сипаттамаларына сәйкес жүргізіледі. Педагогтерге біліктілік санаттарын беру рәсімі білім берудің келесі деңгейлерінде жүргізіледі: "педагог-модератор" біліктілік санаты - мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында ( бұдан әрі - білім беру ұйымдары); "педагог-сарапшы" біліктілік санаты - аудандардың (қалалардың) білім бөлімдерінде, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармаларында, білім беру саласындағы уәкілетті органдарда (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін), тиісті саланың уәкілетті органдарында; "педагог-зерттеуші" біліктілік санаты - республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармаларында, білім беру саласындағы уәкілетті органдарда ( республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін), тиісті саланың уәкілетті органдарында; "педагог-мастер" біліктілік санаты - республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармаларында, білім беру саласындағы уәкілетті органдарда ( республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін), тиісті саланың уәкілетті органдарында. 13. Білім беру ұйымы біліктілік санатын беру үшін педагогтердің тізімдік құрамын ( қағаз немесе электрондық жеткізгіштерде) аудандардың (қалалардың) білім бөлімдеріне, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармаларына, республикалық ұйымдар - білім беру саласындағы уәкілетті органға (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін), тиісті саланың уәкілетті органына ұсынады. 14. Әрбір педагог бойынша Комиссия мынадай шешімдердің бірін шығарады: 1) өтініш берілген біліктілік санатына сәйкес келеді; 2) өтініш берілген біліктілік санатына сәйкес келмейді; 3) өтініш берілген біліктілік санатынан бір саты төмен санатқа сәйкес келеді. 15. Комиссияның шешімі осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес хаттамамен ресімделеді. 16. Комиссия "өтініш берілген біліктілік санатына сәйкес келмейді" деген шешім қабылдаған кезде біліктілік санаты оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін сақталады. 17. Комиссияның педагогтерге біліктілік санатының қолданылу мерзімін ұзарту туралы шешімі осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді. 18. Біліктілік санаты педагогтердің өтініші негізінде, бірақ келесі жағдайларда үш жылдан аспайтын мерзімге ұзартылады: 1) "Әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 367 бұйрығымен ( Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11512 болып тіркелген) бекітілген әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың тізбесіне сәйкес педагогтің уақытша еңбекке жарамсыздығы; 2) жүктілікке және босануға, бала күтіміне байланысты демалыста болу; 3) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде қызметтік іссапарда, мамандығы бойынша оқуда (тағылымдамада) болу; 4) біліктілік санаты берілген лауазымдағы жұмысты тоқтату себептеріне қарамастан қайта бастау; 5) Қазақстан Республикасының шегінде жұмыс орнын ауыстыру; 6) білімі, еңбек өтілі және біліктілік санатын растайтын құжаттары болған жағдайда жақын және алыс шетелдерден Қазақстан Республикасына келген адамдардың педагогикалық қызметті жүзеге асыруы; 7) білім беру саласындағы уәкілетті органнан, білім беруді басқару органдарынан, әдістемелік кабинеттерден, біліктілікті арттыру институттарынан білім беру ұйымдарына ауысу. 19. Осы Қағидалардың 18-тармағында көрсетілген және жұмысқа шыққан педагогтерге біліктілік санатының қолданылу мерзімін ұзарту туралы мәселені шешу үшін білім беру ұйымдары Комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады: 1) біліктілік қағидаларының қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтініш (еркін нысанда); 2) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі) (иесіне қайтарылады); 3) білімі туралы дипломның немесе атқаратын лауазымы бойынша тиісті біліктілік бере отырып, қайта даярлау туралы құжаттың көшірмесі; 4) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген бағдарламалар бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы құжаттың көшірмесі; 5) педагогтің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі; 6) кезекті біліктілік санаттарын беру туралы куәліктің көшірмесі (жоғары білім беру ұйымдарынан ауысқан және біліктілік санаты жоқ педагогтерден басқа); 7) біліктілік санатының қолданылу мерзімін ұзартудың негізділігін растайтын құжат.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет