Жоғары және (немесе) жоғары оқу орыннан кейінгі білім беру ұйымдары үшін «Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы» жалпы білім беру пәнінің типтік оқу бағдарламасы


Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі



бет11/158
Дата07.01.2022
өлшемі318,23 Kb.
#17390
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   158
Байланысты:
@8; 65=85 ;= 5 07

Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі

Өтпелі кезеңнің қиыншылықтары: экономикалық дағдарыс, әлеуметтік  шиеленіс, тұрмыс деңгейінің төмендеуі, жұмыссыздық, қылмыстың көбеюі. Оларды еңсеру жөніндегі шаралар: экономиканың құрылымын өзгерту, әлеуметтік бағдарланған нарық құру, жекешелендіру және бағаны ырықтандыру, инвестициялық саясат. Н.Ә.Назарбаевтың  қанатты нұсқамасы – «ең әуелі экономика – сонан соң – саясат».  

Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу. Өнеркәсіп, аграрлық және қаржы-банк  секторлары сияқты экономиканың шешуші салаларының даму басымдықтары мен келешегі. Қазақстан экономикасын реформалаудың бағыттары – экономика дамуының кластерлік принципі, еңбек өнімділігі деңгейін арттыру, заманауи технологияларды енгізу, инвестициялық, салық, аграрлық-индустриалдық саясаты, инфрақұрылымды әсіресе көлік және байланысты дамыту. Стратегиялық маңызы бар жаңа темір жол магистралін салу. Қазақстандық экономиканы дамытуға шетелдік инвестицияны тарту. 

Президенттің ел халқына Жолдауы: «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін»  және оның маңызы. Дүниежүзілік экономикалық дағдарыс және  оны табысты еңсеру. Дағдарыстан кейінгі кезеңдегі экономика мен қаржы секторының дамуы.  

Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері. Индустриалдық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы, оны жүзеге асырудың алғашқы табыстары.  

2011 жылғы 28 ақпандағы ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы «Жеделдетілген экономикалық жаңару – үдемелі инновациялық индустрияландыру Бағдарламасының жалғасы». «Қазақстан – 2020» стратегиялық жоспарының басымдықтары. Қазақстанның экономикалық өсуінің келешегі. Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуының траекториясы. ХХІ ғасырдағы экономиканың қазақстандық үлгісі.  

ЭСПО-2017 өткізудің Қазақстан үшін маңызы. «Нұрлы Жол – болашаққа жол» жаңа экономикалық саясаты – Қазақстанның жаһандануға берген жауабы. «Нұрлы жол» экономикалық даму жоспары. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет