Жоғары және (немесе) жоғары оқу орыннан кейінгі білім беру ұйымдары үшін «Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы» жалпы білім беру пәнінің типтік оқу бағдарламасы



бет40/158
Дата07.01.2022
өлшемі318,23 Kb.
#17390
түріБағдарламасы
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   158
Байланысты:
@8; 65=85 ;= 5 07

Курстың мақсаты – қазақ тілінде (A1, A2, B1, B2, C1) біліктілік деңгейін сертификаттау талаптарына сәйкес сөйлеу белсенділігінің барлық түрлерінде коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру арқылы әлеуметтік, мәдениетаралық, кәсіби және жеке қарым-қатынас құралы ретінде қазақ ұлттық мәдениеті тұрғысынан қазақ тілін сапалы меңгеруді қамтамасыз ету.

Күтілетін нәтижелер. Күтілетін нәтижелердің жүйесі, олардың мазмұны және сапалық көрсеткіштері стандартты деңгейде сертификаттау талаптарымен анықталады, бұл оқу топтарын студенттердің тіл білу деңгейін (бастапқы тестілеу нәтижелері бойынша анықталған) ескере отырып қалыптастыруды талап етеді.

Оқу курсын аяқтағаннан кейін студенттер келесі құзыреттіліктерге ие болады:

- лексиканы, грамматикалық білім жүйесін, интенцияны (ниеттерін) білдірудің прагматикалық құрамын жеткілікті көлемде білу негізінде тілдік және сөйлеу құралдарын дұрыс таңдауға және пайдалануға;

- мәтіннің нақты мазмұнын беруге, олардың тұжырымдамалық ақпаратын қалыптастыруға, бүкіл мәтіннің және оның жеке құрылымдық элементтерінің қорытынды бөлімдерін (прагматикалық фокус) сипаттауға;

- мәтіндік ақпаратты түсіндіру, әлеуметтік-мәдени, қоғамдық-саяси, ресми-іскерлік және кәсіби салалардағы қарым-қатынас мәтіндеріне стильдік және жанрлық ерекшеліктерін сертификаттау талаптары көлемінде түсіндіруге;

- қарым-қатынас жағдайына сәйкес ақпарат сұратуға және хабарлауға, қатысушылардың іс-әрекеттеріне баға беруге, сертификаттау талаптарына сәйкес таным мен қарым-қатынас жағдайында әңгімелескен адамға әсер ету құралы ретінде ақпаратты пайдалануға;

- тілдің, мәдениеттің, қарым-қатынас саласы ерекшеліктерінің сертификаттау талаптарына сәйкес жеке тұлғалық, әлеуметтік және кәсіби қарым-қатынас жағдайларында сөйлеу мінез-құлық бағдарламаларын құруға;

- пікірталастарда этикалық, мәдени, әлеуметтік маңызы бар мәселелерді талқылауға, өз көзқарасын білдіруге, оны дәлелді түрде қорғауға, әңгімелесушілердің пікірін сыни бағалауға;

- өзінің жеке ниеттері мен қажеттіліктерін (тұрмыстық, оқу, әлеуметтік, мәдени) жүзеге асыру, оларды этикалық жағынан дұрыс, мағыналы толық, лексика-грамматикалық және прагматикалық тұрғыда жеткілікті дәрежеде жариялау мақсатында әртүрлі қарым-қатынас салаларындағы жағдаяттарға қатыса алуға;

- жалпы қабылданған нормаға, функционалдық бағытқа сәйкес белгілі бір сертификаттау деңгейіне сай келетін лексика-грамматикалық және прагматикалық материалдарын пайдалана отырып, тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, ресми-іскерлік мәтіндерді құрастыруға қабілетті бола алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет