Редакциялау күні
31.10.2018
Сақтау күні
15.01.2019
Дата редакции
31.10.2018
Дата скачивания
15.01.2019
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
ҚР НҚА ЭББ-гі нақты
құжатқа сілтеу QR-коды
«РҚАО» РМК лауазымды тұлғаның ЭЦҚ мәліметі бар QR-код
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
министрлігі
Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрінің 2018
жылғы 31 қазандағы № 603
бұйрығы. Қазақстан
Республикасының Әділет
министрлігінде 2018 жылғы 31
қазанда № 17651 болып тіркелді
Министерство образования и науки Республики
Казахстан
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары
үшін жалпы білім беру пәндері циклінің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту
туралы
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының
5 бабының 5-2) тармағына сәйкес
:
БҰЙЫРАМЫН
1. Бекітілсін:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу
орыннан кейінгі білім беру ұйымдары үшін «Қазақстанның қазіргі заман тарихы»
жалпы білім беру пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу
орыннан кейінгі білім беру ұйымдары үшін «Философия» жалпы білім беру
пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу
орыннан кейінгі білім беру ұйымдары үшін «Шетел тілі» жалпы білім беру
пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу
орыннан кейінгі білім беру ұйымдары үшін «Қазақ (орыс) тілі» жалпы білім беру
пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу
орыннан кейінгі білім беру ұйымдары үшін «Ақпараттық-коммуникациялық
технологиялар» жалпы білім беру пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы;
Редакциялау күні
31.10.2018
Сақтау күні
15.01.2019
Дата редакции
31.10.2018
Дата скачивания
15.01.2019
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу
орыннан кейінгі білім беру ұйымдары үшін әлеуметтік – саяси білім беру
модулінің үлгілік оқу бағдарламасы;
7) осы бұйрыққа 7-ші қосымшаға сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу
орыннан кейінгі білім беру ұйымдары үшін «Дене шынықтыру» жалпы білім беру
пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы.
2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Жоғары және
жоғары оқу орыннан кейінгі білім беру департаменті Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде
мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтүзбелік он күн
ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде
«Республикалык құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу
құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау
банкіне енгізу үшін жолдауды;
3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің Заң қызметі
департаментіне осы тармақтың 1), 2), және 3) тармақшаларында көзделген іс-
шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім
және ғылым вице-министрі А.Қ. Аймағамбетовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтүзбелік он
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |