Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін



бет55/63
Дата05.04.2023
өлшемі1,17 Mb.
#79714
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   63
Байланысты:
Әлеуметтану лек

Үшінші қадам бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің рөлін арттыру есебінен мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданушыларды іріктеу ресімін орталықтандыру. Үш сатылы іріктеу жүйесін енгізу.
Төртінші қадам – мемлекеттік қызметке бірінші рет қабылданушылар үшін міндетті түрде сынақ мерзімін енгізу бойынша, қазіргі таңда күшіне еніп отырған 59 заңдармен қатар 20 дан астам заңға тәуелді актілер негізінде мемлекеттік қызметке түсудің жаңа тәртібі, мемлекеттік қызметшілердің мансаптық өсуі, мемлекеттік қызметке бірінші рет қабылданушылар үшін міндетті сынақ мерзімі мен тәлімгер тағайындалуы, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалауы жүзеге асырылуда.
Мемлекеттік қызметке ұмтылған үміткерлер үшін сынақ мерзімі тағайындалған. Алдымен үш ай, егер қажеттілік туындаса мерзімі тағы да үш айға ұлғаяды. Мемлекеттік қызметке бірінші рет қабылданатын тұлғалар үшін, мемлекеттік қызметке қабылдау және ілгерілетудің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында байқаушылар институты енгізілген.
Бесінші, алтыншы және жетінші қадамдардың бағыттары мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын қызметінің нәтижесіне байланысты өсіру және еңбекақыны нәтиже бойынша төлеуге көшу мәселелерін қамтиды. Бұл жерде мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдық еңбекақыларына өңірлік үйлестіру коэффииенттерін қосу да қарастырылған. Қазіргі кезде мемлекеттік бюджет және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі қолданылады. Яғни, бір санаттағы қызметшілер қай өңірде тұрса да, еңбекақыларын теңдей алады. Бұл жүйе коэффициенттерге негізделген және қызмет өтілі мен атқаратын мемлекеттік әкімшілік лауазымының санатын ескеруге мүмкіндік береді. Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және олардың лауазымдық жалақыларына үстемақы белгілеу тәртібі айқындалған. Тұрақтылыққа қарамастан, мемлекеттік қызметшілердің еңбек төлемақысы, жеке сектормен салыстырғанда, бәсекеге қабілеттілігі төмен болып қалуда. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшінің жұмыс сапасын жаңа енгізіліп жатқан бағалау жүйесі анықтайды және әр мемлекеттік қызметшінің еңбек үлесі мен материалдық, мансаптық және моральдық ынталандыру мөлшерін реттейтін болады. Осы шаралардың нәтижесінде мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік қорғаудың нақты жүйесі де құрылатын болады.
Сегізінші қадам бойынша ауыстырылатын мемлекеттік қызметкерлерге лауазымдық міндеттерін атқару кезеңінде оларға жекешелендіру құқығынсыз қызметтік пәтерлерді міндетті түрде беру көзделген. Мемлекеттік қызмет бойынша ауысып келген тұлға үшін пәтер мәселесін шешіп, халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін еңбек ету барысында ешқандай өзіндік әлеуемттік мәселелерге алаңдамауын қамтыған бұл қадам маңызды.
Құжаттың тоғызыншы қадамында мемлекеттік қызметкерлерді тұрақты түрде оқыту жүйесін заңды түрде бекіту – үш жылда бір рет олардың кәсіби шеберлігін арттыру делінген.
Оныншы қадам бойынша мемлекеттік қызметкерлерді мансаптық жоғарылату үшін конкурстық негізге көшу. «Б» корпусының жоғары лауазымдарына жылжыту төменгі лауазымдағы мемлекеттік қызметкерлер қатарынан тек қана конкурстық негізде жылжыту есебінен меритократия қағидатын нығайту.
Он бірінші қадам және он екінші қадамдарда шетелдік менеджерлерді, жекеменшік сектордың жекелеген мамандарын, халықаралық ұйымдардың қызметкерлері болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтарын мемлекеттік қызметке жіберу. Оларды тағайындау ерекше талаптар және лауазымдардың жеке кестесі бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл қадам мемлекеттік қызметті ашық және бәсекеге қабілетті жүйе ететіндігі және жаңа этикалық ережелерді енгізу арқылы, мемлекеттік қызметтің жаңа Этикалық кодексін жасау. Этика мәселелері жөніндегі уәкілетті өкіл лауазымын енгізуді меңзейді. Осы орайда, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» жаңа Заңдары және мемлекеттік қызметшілердің моральдік-адамгершілік бейнесіне және іскерлік қасиеттеріне қойылатын талаптарды жоғарылату мақсатында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі қабылданды. Бүгінде аталған нормативтік құқықтық актілер күшіне енді.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», сыбайлас жемқорлық індетінен арылу үшін бүкіл қоғамды жұмылдыруға бағытталған он үшінші қадамы тұлғаның бойында әрдайым өзін-өзі шыңдауға деген ұмтылысты қажет етеді. Мұнда ең бастысы мемлекеттік қызметкер басқаларға билік жасауға, атаң-даңққа жету, қоғамдағы мәртебесі арқылы байлыққа көз тігу сияқты теріс пиғылдарға ұмтылудан сақтануы маңызды. Мемлекеттік қызметкер – тұлға ретінде қолындағы билікті қоғамға қызмет етуге, жақсылық жасауға ұмтылуы шарт. Ең маңыздысы, «билік» және «билікке деген ұмтылыс» басқаларға билік жүргізумен ғана шектелмейді, мұнда ең алдымен тұлға өзін – өзі билей алып, жақсылыққа, ізгілікке ұмтылуы маңызды.
Он төртінші және он бесінші қадамдарда, барлық мемлекеттік органдарға, оның ішінде құқық қорғау органдарының барлық қызметкерлеріне қатысты мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң қабылдау, мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң қабылданғаннан кейін іс басындағы мемлекеттік қызметкерлерді кешенді аттестаттаудан өткізу, кәсіби талаптарды күшейту және еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу қарастырылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет