7. Осы бағдарлама мақсат пен міндеттерге шолудан, пәннің тақырыптық жоспарынан, оқыту
әдістерінен, нәтижелерінен, пәннің переквизиттерінен және постреквизиттерінен басталады.
8. Пәннің мазмұнын, зертханалық (практикалық) сабақтар және білім алушылардың өзіндік
жұмыстарын тақырыптарын қамтитын "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" жоғарғы және (немесе)
жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін жалпы білім беру пәнінің мазмұны осы бағдарламаға
қосымшада келтірілген.
9. Бағдарламаны жүзеге асыру барысында қолданылатын оқытудың технологиялары және әдістері:
1) оқытушылар және студенттер жағынан оқуға рефлекстік тәсілге негізделген студент-
орталықтандырылған оқыту;
2) білім алушының өзіндік жұмысын ұйымдастыруға арналған нұсқаулық, оның орындалу кестесі, оған
әдістемелік нұсқау;
3) дәрістердің қысқаша мазмұны;
4) семинарлық (практикалық), зертханалық сабақтарға оқу материалдары;
5) пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз ету картасы;
6) пән бойынша қорытынды емтихан бағдарламасы.
11. Білім алушының құзыреттілігін бағалау келесідей критерийлермен орындалады: жаңартылған
бағдарламаны түсінгенін көрсету, терминологияны білу, алынған білімді пайдалану.
Жоғарғы және (немесе) жоғарғы
оқу орнынан кейінгі білім беру
ұйымдары үшін "Ақпараттық-
коммуникациялық
технологиялар" жалпы білім
беру пәнінің үлгілік оқу
бағдарламасына