- жоспарлау қызметі – жоспар және оның бағдарламаларын жасау, жұмыс оқу бағдарламаларын, силлабус, оқу-әдістемелік кешен дайындау;
- ғылыми-зерттеу қызметі – жаңа білім алуды іздестіру, білімдерді жүйеге келтіру, ғылыми білімдерді оқу біліміне аудару;
- тәрбие жұмысы – тәрбие ортасын ұйымдастырудағы, студенттерді тұлға ретінде үйлесімді қалыптастыру мақсатында әр түрлі қызметті басқару.
Кейбір педагогтар өзіндік жұмыс деп оқытушының қатысуынсыз орындалатын жұмыстарды ұғады. Мысалы, А. И. Мелюков бойынша, студенттердің өзіндік жұмыстары – біреудің тікелей көмегінсіз, өз бастамасы бойынша не тапсырма бойынша орындалатын студент әрекеті дейді. Бұл анықтамамен келісетін болсақ, онда студенттердің өзіндік жұмысын басқаруға болмайды.

«Жоғары оқу орнындағы өзіндік жұмыстың ерекшелігі – оның саналы реттелетіндігінде және педагогикалық мақсаттылығына сай ұйымдасқан бақылау жасалатындығында»
Жоғарыда келтірілген анықтамалар өзіндік жұмысқа мынадай белгілер жататынын бөлуге мүмкіндік береді:
Жоғарыда келтірілген анықтамалар өзіндік жұмысқа мынадай белгілер жататынын бөлуге мүмкіндік береді:
нақты тапсырма және оны оқытушы дайындауы тиіс;
тапсырма барлық студентке беріледі және оқытушының тікелей көмегінсіз орындалады бірақ оқытушының жетекшілігі үзілмейді;
жұмыс қорытындысын оқытушы қадағалайды.
Алайда мына сұрақтың басы ашылмайды: өзіндік жұмыс студент үшін қандай рөль атқарады, өзіндік жұмыстың оқытушы үшін қандай қажеттілігі бар, тапсырманы орындауға оқытушының қатысу деңгейі қалай өлшенеді, ол неге тәуелді? Оқытушы қолында оған өзіндік жұмыстарды студенттердің әр түрлі деңгейдегі әрекетіне сай ұйымдастыру үшін қажетті нұсқау болуы керек.