«ЖОҒары мектеп педагогикасы» ПӘнінен дәрістердің ҚЫСҚаша мазмұНЫ


(8-дәріс). Оқыту үдерісі тұтас жүйе ретінде



бет21/28
Дата19.10.2023
өлшемі446,43 Kb.
#119674
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   28
Байланысты:
Ects- 5 курс -1 Құрастырған п.ғ. к., Нургалиева Д. А. Мамандықт-emirsaba.org

2.3 (8-дәріс). Оқыту үдерісі тұтас жүйе ретінде.
Жоспары:
1. Оқытудың әдіснамалық және психологиялық негіздері.
2. Оқытудың мәні және құрылымы.
3. Оқытудың қызметтері және олардың ара қатынасы.
4. Оқытудың қозғаушы күштері.
5. Жоғары мектептегі көптілде оқытудың мақсаты мен мазмұны.

«Педагогикалық үдеріс» ұғымы бір жағынан, педагогика арқылы зерттелінетін құбылыстың барлық кешенін белгілейді, екіншіден, осы құбылыстардың мәнін көрсетеді. Педагогикалық үдерісті педагогика-лық жүйе жағдайында білім беру мен тәрбиелеудің мақсатын тәрбиеші мен тәриеленушінің ұйымдасқан өзра әрекеттестігінде тұтас және өзара байланыста жүзеге асырушы үрдіс. Әрекет – орындау, тындыру, меңгеру үстіндегі амал-айла, іс-қимылды білдірсе, іс-әрекет - ғылыми білім категориясы, қоғамдық-тарихи болмыстың ерекше түрі, дамудың тәсілі болып табылады. Іс-әрекет түрлері: қарым-қатынас; ойын; оқу; еңбек.


Бағыты бойынша іс-әрекет түрлері: танымдық іс-әрекет; қоғамдық іс-әрекет; спорттық іс-әрекет; көркемөнерпаздық іс-әрекет; техникалық іс-әрекет; қолөнерлік іс-әрекет; гедоникалық іс-әрекет, ғылыми іс- әрекет, педагогикалық іс-әрекет.
В.И.Гинецинский, И.А.Зимняя педагогикалық іс-әрекет құрылымын ғалымдар әр түрлі аспектіде қарастырған. В.В.Давыдов, Л.В.Занков, Г.С.Костин, А.А.Люблинская, Н.А.Менчинская, А.А.Смирнов, Л.Б.Эльконин және т.б. ғалымдардың зерттеулерінде оқу-танымдық іс-әрекеттің мынандай компоненттерден тұратынын көрсетеді: іс-әрекет мақсаты; іс-әрекет мазмұны; білім алушы мақсатқа жету үшін қолданылатын амал-тәсілдер; оқытушы тарапынан бақылау және бағалау, сондай-ақ, білім алушының өзін-өзі бақылауы мен бағалауы.

2.4 (9-дәріс). Жоғары мектептегі оқытудың заңдылықтары мен қағидалары.
Жоспары:
1. Жоғары мектептегі оқытудың заңдары мен заңдылықтары.
2. ЖОО-дағы оқытудың заңдылықтарына сипаттама.
3. Оқыту қағидалары.
4. Биологиялық білім беру концепциясы және қағидалары.

Оқыту үдерісін iске асыру белгiлi бiр заңдылықтарды меңгеру негiзiнде жүзеге асады. Құбылыстар мен үдерістер арасындағы объективті, маңызды, қажеттi, жалпы, берiк, белгiлi жағдайда қайталанатын өзара байланыс заңдылық деп аталады. Өзара байланысы бар объектiлер, байланыстың түрi, сипаты, қызмет аясы анықталған кезде заңдылықты заң деп бiлемiз. Оқыту үдерісінің заңдылықтары оның тұтастығын дәлелдейдi. Оқыту заңдылықтары сыртқы және iшкi, жалпы және жеке деп бөлiнедi.


Н.В. Бордовская (2003 ж.) оқытудың сыртқы және ішкі заңдылықтарын бөліп қарастырады. Сыртқы заңдылықтар оқытудың қоғамдық шарттарға, саяси-әлеуметтiк жағдайларға (әлеуметтік-экономикалық, саяси жағдаяттар, мәдениет деңгейі, білім беру жүйесіне қоғам тарапынан қойылатын талаптар және т.б.) тәуелдiлiгiн сипаттайды. Iшкi заңдылықтар оқытудың мақсаты, әдiстерi, құралдары, түрлерi арасындағы байланыстарды сипаттайды. Жалпы заңдылықтар бүкiл оқыту жүйесiн қамтыса, жеке заңдылықтар оқыту жүйесiнiң нақты, жеке бөлiктерiн қамтиды. Жоғары мектеп дидактикасын теориялық зерттеу оқыту үдерісінде белгілі бір ұстанатын идеялар мен нормативтік ережелердің болуын туындатады, осындай ұстанымдар дидактикалық принциптер деп аталады.
Принцип – латын сөзі – «негізгі», «бастапқы» деген ұғымдарды білдіреді. Оқытуға қойылатын талаптардың бастапқы белгілі жүйесін оқыту процесінің принциптері деп атайды. Оқыту процесінің бірнеше ұстанымдарын атауға болады. Оқыту ұстанымдары – жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу мақсатына сәйкес, оқыту сипаттарын белгілейтін негізгі ережелер.
Негізгі оқыту ұстанымдары: теория мен практиканың байланысы, тәрбиелілік, ғылымилық, көрнекілік, түсініктілік.
Жоғары оқу орындарының дидактикалық ұстанымдары: Оқыту процесінің мақсаттылық ұстанымы. Оқытудың ғылымилық ұстанымы. Оқытудың жүйелілік және бірізділік ұстанымы. Оқытудың саналылық пен белсенділік ұстанымы. Көрнекілік ұстанымы. Студенттер білімінің беріктігі және түсініктілік ұстанымы. Ынталандыру ұстанымы. Гуманизациялау (ізгілендіру) ұстанымы. Интеграциялау ұстанымы. Бұл – жалпы білім мазмұнын анықтауда, оқу бағдарламалары мен оқулықтарды жазып шығаруда ескеретін маңызды ұстаным. Интеграция – әртүрлі пәндердегі негізгі ұстанымдар мен заңдылықтарды өзара тығыз диалектикалық бірлікте қарастыруды көздейді. Сондай-ақ мазмұны жағынан бір-біріне жақын пәндердің (тіл мен әдебиет, әдебиет пен тарих, математика мен информатика, өнер мен еңбек, этика мен эстетика, т.б.) өзара және жеке пәннің ішіндегі материалдардың арасындағы байланыстарын анықтап, оқушылардың білімін тереңдетуге болады. Осыған орай интеграцияланған пәндердің, сабақтардың рөлі ерекше.
Зерттеуші Н.В.Басова ұсынған дидактикалық принциптер:
  • Оқытудың дамытушылығы мен тәрбиелілігі;


  • Ғылымилық, түсініктілік және еңсерілуге боларлық қиындық;


  • Саналылық және оқытушының басшылық ықпалындағы студенттің шығармашылық белсенділігі;


  • Көрнекілік және шығармашылық ойлаудың дамуы;


  • Оқытудың бірізділілігі мен жүйелілігі;


  • Білім берудің өз бетімен білім алуға ауысуы;


  • Оқытудың өмірмен, болашақ мамандығымен байланыстылығы;


  • Студенттердің танымдық белсенділігінің дамуы мен білімнің беріктігі;


  • Оқытудағы жағымды эмоционалды ахуал;


  • Оқытудың ұжымдық және жеке даралығымен есептесу;


  • Оқытудағы ізгілендіру және гуманитарландыру;


  • Оқытуды компьютерлендіру;


  • Интеграция - пәнаралық байланыс;


  • Оқытудың инновациялылығы;


  • Оқытудың интеграциясы.


С.И.Зиновьев жоғары мектептегі оқу үдерісіне арналған алғашқы монографияларының бірінде жоғары мектеп дидактикасының принциптеріне жатқызады: ғылымилық, теорияның практикамен байланысы, ғылымның практикалық тәжірибемен байланысы, мамандарды дайындаудағы жүйелілік пен бірізділік, саналылық, студенттердің оқудағы белсенділігі мен өзбеттілігі, оқу жұмысындағы жеке ізденушілік пен ұжымдық жұмыстың бірлігі; оқытудағы абстрактілі ойлаудың көрнекілікпен үйлесуі; ғылыми білімнің түсініктілігі; білімді меңгерудің беріктілігі. Ғалым бұл оқыту қағидаларын орта мектеп қағидаларына сәйкестендіріп қолданған. Ал жоо-ның орта мектепке қарағанда өзіндік ерекшеліктері бар: жоғары мектепте ғылым негіздері, ғылым және оның даму барысы оқылады; студенттердің өз бетімен орындалатын жұмыстары оқытушылардың ғылыми-зерттеу жұмысымен ұштасады; оқытушылардың қызметінде оқыту мен ғылымның байланысы анық көрінеді; барлық пәндерді оқыту барысында мамандандыру идеясы нақты, мақсатты көрініс табады. Оқыту принциптері жоғары мектеп оқытушысының оқыту үдерісіндегі негізгі бағдары деуге болады. Осы айтылғандарды басшылыққа ала отырып жоғарғы оқу орнында мынадай оқыту принциптері ұсынылып келеді: студенттердің ғылыми және оқу жұмысының бірлігін қамтамасыз ету (И.И.Кобыляцкий); мамандыққа бағыттылық (А.В.Барабаншиков); мамандықтағы ұтқырлық (мобильділік) (Ю.В.Киселев, В.А.Лисицын және т.б.); проблемалылық (Т.В.Кудрявцев); оқу үдерісіндегі эмоционалдық және мажорлық (Р.А.Низамов, Ф.И.Наумов).






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет