«ЖОҒары мектеп педагогикасы» ПӘнінен дәрістердің ҚЫСҚаша мазмұНЫ


(10-дәріс). Жоғары мектептегі оқыту әдістері



бет22/28
Дата19.10.2023
өлшемі446,43 Kb.
#119674
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   28
Байланысты:
Ects- 5 курс -1 Құрастырған п.ғ. к., Нургалиева Д. А. Мамандықт-emirsaba.org

2.5 (10-дәріс). Жоғары мектептегі оқыту әдістері.
Жоспары:
1. Оқыту әдістері дидактика категорияларының бірі ретінде.
2. Оқыту әдістерінің жіктемесі.
3. Оқытудың белсенді әдістері. Оқытудың интербелсенді әдістері.

Оқыту әдістерінің мазмұнын анықтауда құрал, жол, тәсіл сөздерін пайдаланудың синонимдік жағынан педагогикалық әдебиеттерде әр түрлі көзқарастар байқалады.


Ж.Б.Қоянбаев, Р.М. Қоянбаевтің «Педагогика оқулығында» оқыту әдістері - бұл мұғалім мен оқушылардың оқу-тәрбие міндеттерін ойдағыдай шешуге бағытталған өзара байланысты іс-әрекетінің тәсілдері деген анықтама берілген.
Г.М.Коджаспирова, А.Ю. Коджаспировтың «Педагогикалық сөздігінде» оқыту әдісі – білім мазмұнын меңгеруді, оқушылардың ақыл-ой күштері мен қабілеттерін дамытуды, олардың өзбетімен білім алу және өзбетімен оқу құралдарын игеруді қамтамасыз етуге бағытталған мұғалімдер мен оқушылардың өзара байланысты, бірізді әрекеттерінің жүйесі деген анықтама берілген.
Ж.Әбиевтің және т.б. авторлардың «Педагогика» оқулығында «Оқыту процесінде оқушыларға ғылым негізіндеріне сай терең де, тиянақты білім беру, оларды адамгершілік рухта тәрбиелеу және дамыту міндеттерін шешудегі мұғалімнің басшылық ету тәсілдері, амалдары мен құралдарының біртұтастығын оқыту әдістері» деп қарастырады.
Мұғалім оқытудың нәтижесін арттыруда оқыту әдістеріне қатысты амал-тәсілдермен қатар оның құралдарын да пайдаланады.
Оқыту әдісі және әдістемелік тәсіл ұғымдары бір-бірімен тікелей байланысты. Әдістемелік тәсіл оқыту әдісінің элементі. 50 - жылдардан бастап оқыту әдістерін жіктеу (топтастыру) мәселелеріне көңіл бөліне бастады. Грузин педагогы Д.О.Лордкипанидзе оқыту әдістерін топтастыруға әрекет жасады. Ол әдістерді топтастыру үшін білім көзін негізге алды және оқыту әдістерін үшке бөлді: сөздік әдістер, кітаппен жұмыс істеу әдісі, оқыту-практикалық сабақтар. 50 жылдың аяғы, 60-жылдардың басында орыс ғалымдары Е.Я.Голант, С.Г.Шаповаленко, Н.М.Верзилин білім көзін негізге алып, оқыту әдістерінің жаңа жіктеуін үш топқа бөлді:
1.Сөздік әдістер тобы: әңгімелеу, әңгіме, түсінісу, лекция, кітаппен жұмыс;
2.Көрнелілік әдістер тобы: демонстрация, иллюстрация, бақылау;
3.Практикалық әдістер тобы: лабораториялық, практикалық, графикалық жұмыстар, әр түрлі жаттығулар.
И.А.Данилов пен Б.П.Есипов оқыту әдістерін топтастырғанда оқыту процесінде іске асырылатын дидактикалық міндеттерді негіз етіп алды. Олар дидактикалық міндеттерді негізге ала отырып оқыту әдістерін төмендегідей жіктеді: Жаңа білімді меңгеру. Іскерлікті дағдыны қалыптастыру. Білімді қолдану, білімді бекіту, шығармашылық іс-әрекетін дамыту.
М.Н.Скаткин мен И.Я.Лернер оқушылардың танымдық немесе логикалық ойлағыштық іс-әрекетін оқыту әдістерін топтастырудың негізі етіп алды және олар оқытудың мынадай әдістерін ұсынды: Түсіндірме-иллюстративті әдіс. Репродуктивті әдіс.Проблемалы баяндау әдісі.Эвристикалық әдіс.Зерттеу әдісі.
Ю.К.Бабанский бірқатар Ресей ғалымдарының оқыту әдістері топтастыруларына сүйене отырып оларды үш топқа бөлді:
1.Оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру және іске асыру әдістері: сөздік әдістер (әңгімелеу, әңгіме, түсінісу, лекция, кітаппен жұмыс); көрнелілік әдістер (демонстрация, иллюстрация, оқу теледидары); практикалық әдістер (лабораториялық, практикалық, графикалық жұмыстар, жазба жаттығулар, тәжірибе және бақылау); индуктивті және дедуктивті әдістер, репродуктивті әдіс, проблемалы баяндау әдісі, эвристикалық әдіс, зерттеу әдісі.
2.Оқу-танымдық іс-әрекетті ынталандыру әдістері: оқушылардың танымдық ықыласын қалыптастыру әдістері; оқудағы жауапкершілікті қалыптастыру әдістері; оқудағы жауапкершілікті және міндетті ынталандыру әдістері; оқудың қоғамдық және жеке адамдық маңыздылығын түсіндіру, оқыту талаптарын қою, мадақтау, ұялту.
3. Оқу-танымдық іс-әрекеттің тиімділігін бақылау және өзін-өзі бақылау әдістері: ауызша бақылау, жазбаша бақылау, лабораториялық бақылау, машиналы бақылау, өзін -өзі бақылау әдістері.
Қазіргі мектептерде иллюстрацияны пайдалану үшін экранды техникалық құралдар кеңінен қолданылады. Бейне әдіс. Жаттығу. Лабораториялық әдіс. Проблемалы лабораториялық зерттеу әдісі. Практикалық әдіс. Танымдық ойындар. Программалық оқыту әдісі. Білімді беруді бақылау әдістері. Ситуациялық әдіс барлық әдістердің комбинациясын қолдануды шектеумен ерекшеленеді. Иллюстрация әдісін қолдана отырып, оның көрсетілу әдісіне көп мән беру керек. Көрнекті құралдардың дидактикалық ерекшелігін, оның танымдық процестегі ролі мен орнын ойластырып алу керек. Мұғалімнің алдына қойылған мәселені иллюстрациялық материалдық оңтайлы көлемін анықтап алу. Иллюстрация алдына-ала дайындалады. Берілетін (фотография, диаграммалар, кестелер) мақсатты қолданылады.
Әдістер өте көптүрлі және шексіз болып келеді. Осыдан келіп оқушылардың оқу-танымдық белсенділігін қалыптастыруда, әдісті таңдап алу күрделі, индикативті қолданылуда байқалады. Мұғалім оқыту әдісін таңдап алуда басшылыққа, оқушылардың өздігінен білімді игеру мен оқу практикалық даярлығын қалыптастыруға бағытталса, оқушы жеке тұлғалық ерекшелігін ашық шығармашылығын дамытатын әлеуетті оқу-танымдық ерекше қасиетін, зерттеушілік іздемпаз іс-әрекетке бағыттайтын, ғылымды берудің спецификалық таным әдістерін таныстыру, жеке дара психологиялық даму ерекшелігін, оның табиғи және әлеуметтік өндірістік ортасын, мектепке арналған оқыту құралдармен жабдықтаудың, кәсіби даярлық деңгейін өмірлік іс-тәжірибесі мен мұғалімнің жеке басы мен шығармашылықтың ерекшелігін оның әдістемелік және педагогикалық шеберлігін алу керек.
Оқыту әдістері жоғары мектеп дидактикасының теориялық және практикалық тұрғыда көкейкесті проблемасының бірі болып саналады. Оқу үдерісінің жолға қойылуы, оқытушы мен студенттің қызметі, ЖОО-дағы оқытудың нәтижелі болуы осы мәселенің оң шешіміне байланысты.
Оқыту әдісіндегі «әдіс» (метод) термині гректің «metodos» ақиқатқа жету жолы, тәсілі деген мағына береді. Оқыту әдістері – оқу-тәрбие үдерісінде үйретуші, дамытушы, тәрбиелеуші, ынталандырушы (мотивациялық) және бақылау-түзетушілік қызметтерді атқарады.
Педагогикалық әдебиеттерде оқыту әдістерінің рөліне және анықтамасына берілген ортақ бір қорытынды пікір әзірге жоқ. Мысалы, И.Ф.Харламов оқыту әдістері анықтамасының мәнін былайша түсіндіреді: «оқыту әдістері деп оқытушының оқыту жұмысының және түрлі дидактикалық міндеттерді шешу үшін меңгерілетін материалдарға бағытталған оқушылардың оқу-танымдық қызметін ұйымдастырудағы амал-тәсілі». Ю.К.Бабанскийдің пікірінше, «оқыту әдістері - оқытушы мен білім алушының білім міндеттерін шешудегі бірлескен қызметінің ретке келтірілген тәсілдері. Т.А.Ильина оқыту әдістері «оқушылардың танымдық қызметін ұйымдастыру тәсілдері» деп түсіндіреді. Оқыту әдісі дегеніміз оқытушы мен білім алушылардың ретке келтірілген өзара байланысты іс- әрекеттерінің оқу үдерісіндегі білім беру, тәрбиелеу және дамыту міндеттерін шешуге бағытталған іс-әрекет түрі.
Дидактика тарихында оқыту әдістерін жіктеу (классификация) қалыптасқан. Кең таралған жіктеме білім мазмұнын жеткізуге негізделген – сөздік әдіс (баяндау, әңгімелеу, нұсқау беру және т.б.), практикалық әдіс (жаттығу, сызу, кескіндеу, есептер шығару және т.б.), көрнекілік (иллюстрация, нақты материалды көрсету және т.б.). Негізінен, жоғары мектепте 1965 жылы И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин ұсынған жіктемедегі оқыту әдістері пайдаланылады. Оқытудың нәтижелі болуы білім алушының бағыттылығы мен ішкі белсенділігіне, ол орындайтын қызмет сипатына, өз бетімен орындайтын жұмысына, шығармашылық қабілетін танытуына тікелей байланысты. Сондықтан олар (білім алушының бағыттылығы, ішкі белсенділігі, орындайтын қызмет сипаты, өз бетімен орындайтын жұмысы, шығармашылық қабілет танытуы) оқыту әдісін таңдау критерийлері болуы тиіс. И.Я.Лернер мен М.Н.Скаткин оқытудың 5 әдісін бөліп және бұл әдістерді орындайтын қызмет сипаты, өз бетімен орындайтын жұмысы, шығармашылық қабілетінің біртіндеп өсу дәрежесіне қарай дамып отыратындай етіп ұсынған.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет