78. Білім беру бағдарламасын іске асыру сапасын арттыру және білім алушының оқу жетістіктерін бағалаудың объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында оқыту мен қорытынды бағалау процестері бөлінеді.
79. Білім алушылардың оқу жетістіктері, осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес (білімі, іскерліктері, дағдылары мен құзыреттіліктері) халықаралық практикада қабылданған 100 балдық шкала бойынша, 4 балдық жүйе бойынша сандық эквивалентке сәйкес келетін әріптік жүйемен бағаланады (оң бағалар А-дан D-ға дейін азаю арқылы, "қанағаттанарлықсыз" - F).
80. Оқу пәндері мен (немесе) модульдер және оқу жұмысының өзге де түрлері бойынша, сондай-ақ білім беру бағдарламаларын оқуды бітіргеннен кейін білім алушыға академиялық кредиттерді беру жалпы олар қол жеткізген оқу нәтижелері оң бағаланған кезде жүзеге асырылады.
81. Ауысу, қайта қабылдану, сондай-ақ академиялық ұтқырлық шеңберінде оқу кезінде білім алушының қол жеткізген нәтижелері, оң бағалары бір білім беру бағдарламасынан екіншісіне, бір ұйымнан екіншісіне ауыстырыла отырып танылады.
70. Педагог қызметкерлердің оқу жүктемесін жоспарлау кесте бойынша білім алушымен оқытушының байланыс жұмысы уақытын білдіретін кредиттер немесе академиялық сағаттар бойынша жүзеге асырылады.
71. Кәсіптік практика білім алушының оқу жұмысының міндетті түрі болып табылады.
Кәсіптік практиканың негізгі түрлері оқу, өндірістік, дипломалды және әскери тағылымдама болып табылады.
Практиканың ұзақтығы 36 сағатқа (6 күндік оқу аптасы кезінде күніне 6 сағат) тең болатын апта ішінде практикада жүрген студент жұмысының нормативтік уақытына қарай аптамен айқындалады.
АӘОО-да практиканың ұзақтығы кемінде 36 сағатқа тең болатын апта ішінде практикада жүрген кадет жұмысының нормативтік уақытына қарай аптамен айқындалады.
АӘОО-ны қоспағанда, өндірістік оқыту мен кәсіптік практика жалпы білім беру пәндеріне, аралық және қорытынды аттестаттауға бөлінген оқу уақытын есептемегенде, міндетті оқудың оқу уақытының жалпы көлемінен кемінде 40%-ды құрауы тиіс.
72. Оқу жұмысының көлемін жоспарлау кезінде бір кредит оның барлық түрлері үшін 30 (отыз) академиялық сағатқа тең болатындығы есепке алынады. Бір академиялық сағат оқу жұмысының барлық түрлері бойынша 50 минутқа тең.
73. Қазақстандық бір академиялық кредиттің (30 академиялық сағат) еңбек сыйымдылығы 1 кредитке (25-30 академиялық сағат) сәйкес келеді.