Жоғары мектеп педагогикасы



бет1/4
Дата11.11.2022
өлшемі421,83 Kb.
#49364
  1   2   3   4
Байланысты:
П. лекции -11-12 Аганиной К ЖМП маг 1к ММОК-221-224

Жоғары мектеп педагогикасы


Оқытушы: педагогика ғылымының докторы, профессор Аганина К.Ж.
Контактілік ақпарат (телефон, e-mail) aganinak@mail.ru 87072227759

Кредиттік оқыту технологиясы


Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 27 мамырда № 6976 тіркелді

Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары

  • Жалпы ережелер

  •  
  • 1. Осы Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 25) тармақшасына сәйкес (бұдан әрі - Заң) әзірленген және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында (бұдан әрі - ТжКОБ) оқытудың кредиттік технологиясы бойынша (бұдан әрі - ОКТ) оқу процесін ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:

  • 1) академиялық еркіндік - білім беру процесінің субъектілеріне таңдау компоненті пәндері, оқытудың қосымша түрлері бойынша білім мазмұнын дербес анықтау үшін және білім алушылардың, оқытушылардың шығармашылық дамуына және оқытудың инновациялық технологиялары мен әдістерін қолдануға жағдай жасау мақсатында білім беру қызметін ұйымдастыру үшін ұсынылатын білім беру процесі субъектілерінің өкілеттіктер жиынтығы;
  • 2) академиялық кезең (Term) (терм) - семестр, триместр, тоқсан сияқты үш нысанның біреуін білім беру ұйымы өзі белгілейтін теориялық оқу кезеңі;
  • 3) академиялық кредит - білім алушының және (немесе) оқытушының ғылыми және (немесе) оқу жұмысының көлемін өлшеудің біріздендірілген бірлігі;
  • 4) академиялық күнтізбе (Academic Calendar) - оқу жылы бойына демалыс күндерін (каникулдар мен мерекелерді) көрсете отырып, оқу және бақылау іс-шараларын, кәсіби практикаларды өткізу күнтізбесі;
  • 5) академиялық сағат - оқу сабақтарының немесе оқу жұмысының басқа түрлерінің көлемін өлшеу бірлігі, 1 академиялық сағат 50 минутқа тең (ӘАОО-да 1 академиялық сағат кемінде 40 минутқа тең), академиялық күнтізбені (оқу процесінің кестесін), оқу сабақтарының кестесін жасау кезінде, өтілген оқу материалын жоспарлау мен есепке алуда, сондай-ақ педагогикалық жүктемені жоспарлау және оқытушының жұмысын есептеу кезінде пайдаланылады;
  • 12) екі дипломдық білім беру - қос тең бағалы диплом немесе бір негізгі және екінші қосымша диплом алу мақсатында, екі білім беру бағдарламалары мен оқу жоспарлары бойынша оқу мүмкіндігі;
  • 13) Еуропалық трансферт (аудару) және кредиттер жинау жүйесі (ECTS) - студенттің шетелде алған кредиттерін өзі оқитын білім беру ұйымына оралғанда дәреже алу, сондай-ақ білім беру бағдарламасы шеңберінде кредиттер жинау үшін есептелетін кредиттерге аудару тәсілі;
  • 14) жеке оқу жоспары - білім беру бағдарламасы (ТжКОБ ұйымдары үшін үлгілік және оқу жұмыс жоспары негізінде) мен элективті пәндер каталогы және (немесе) модульдер негізінде эдвайзердің көмегімен білім алушы әр оқу жылына дербес қалыптастыратын оқу жоспары;
  • 15) кредиттік ұтқырлық – білім алушыларды өзі оқитын ЖЖОКБҰ-да оқуын жалғастыру шеңберінде – академиялық кредиттерді жинақтау мақсатында шетелге белгілі бір шектеулі оқу немесе тағылымдама кезеңіне орын ауыстыру (ұтқырлық фазасынан соң студенттер оқуын аяқтау үшін өзі оқитын білім беру ұйымына оралады);
  • 16) қосымша білім беру бағдарламасы (Мinor) (минор) - қосымша құзыреттерді қалыптастыру мақсатында оқу үшін білім алушы анықтаған пәндердің және (немесе) модульдердің және оқу жұмысының басқа түрлерінің жиынтығы.
  • 17) модуль - дербес, білім беру бағдарламасының құрылымдық элементін оқыту нәтижелері тұрғысынан аяқталған, айқын қалыптасқан, білім алушылар меңгеретін білім, іскерліктер, дағдылар, құзыреттер және бағалаудың барабар критерийлері;
  • 18) модульдік оқыту - білім беру бағдарламасының модульдік құрылымы, оқу жоспары және оқу пәндері негізінде оқу процесін ұйымдастыру тәсілі;
  • 19) негізгі білім беру бағдарламасы (Major) (мажор) - негізгі құзыреттерді қалыптастыру мақсатында білім алушы анықтаған білім беру бағдарламасы;
  • 20) оқу жетістіктерін бағалаудың балдық рейтингтік әріптік жүйесі - халықаралық тәжірибеде қабылданған әріптік жүйедегі сандық эквивалентіне сәйкес келетін және білім алушылардың рейтингін белгілеуге мүмкіндік беретін балл түріндегі оқу жетістіктерінің деңгейін бағалау жүйесі;
  • 21) оқу пәніне жазу (Enrollment) - білім алушыларды оқу пәндеріне тіркеу рәсімі;
  • 22) оқытудың кредиттік технологиясы - білім алушылардың пәндерді және (немесе) модульдерді зерделеу дәйектілігін академиялық кредиттер жинақтай отырып, таңдауы және дербес жоспарлауы негізінде оқыту;
  • 23) оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін білім алушының өзіндік жұмысы (бұдан әрі – ОБӨЖ) – ЖЖОКБҰ немесе оқытушы анықтайтын жеке кесте бойынша жүргізіледі; білім алушының жұмысы білім алушының санатына қарай ол: оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысы (бұдан әрі – ОСӨЖ) және оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін магистранттың өзіндік жұмысы (бұдан әрі – ОМӨЖ) және оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін докторанттың өзіндік жұмысы (бұдан әрі – ОДӨЖ) болып бөлінеді;
  • 24) постреквизиттер (Postrequisite) (постреквизит) - зерделеу үшін қажет етілетін білімдер, іскерліктер, дағдылар және осы пәнді зерделеу аяқталған соң игерілетін құзыреттер қажет етілетін пәндер (модулдер) және оқу жұмысының басқа түрлері;
  • 25) пререквизиттер (Prerequisite) (пререквизит) - пәндер және (немесе) модульдер және зерделенетін пәнді игеруге қажетті білімнен, іскерліктен, дағдылар мен құзыреттерден тұратын оқу жұмысының басқа түрлері;
  • 26) транскрипт (Transcript) (транскрипт) - кредиттер мен бағаларды көрсететін тиісті оқу кезеңі ішіндегі игерілген пәндер тізбесі мен оқу жұмысының басқа түрлерінен құралған құжат;
  • 27) тьютор - студентке нақты пәнді және (немесе) модульді игеруге көмектесетін академиялық консультант рөлін атқарушы оқытушы;
  • 28) үлгерімнің орташа балы (Grade Point Average - GPA) - таңдап алған бағдарлама бойынша белгілі бір оқу кезеңі ішінде білім алушының қол жеткізген білім деңгейінің орташа өлшемді бағасы (осы оқу кезеңі ішіндегі кредиттердің жалпы санына пәндер бойынша аралық аттестаттау бағалары балдарының сандық эквивалентіндегі кредиттердің жалпы сомасының қатынасы);
  • 29) эдвайзер (Advisor) - тиісті мамандық бойынша білім алушының академиялық тәлімгері функциясын атқаратын, оқу траекториясын таңдауына (жеке оқу жоспарының қалыптасуына) және оқу кезеңінде білім беру бағдарламаларын игеруіне ықпал ететін оқытушы;
  • 30) элективті пәндер - жоғары оқу орны компонентіне және белгіленген академиялық кредиттер шеңберінде таңдау компонентіне кіретін және білім беру ұйымы енгізетін, білім алушылардың жеке дайындығын көрсететін, нақты өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескеретін оқу пәндері, қалыптасқан ғылыми мектептер;

Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады

  • 6) академиялық ұтқырлық – білім алушыларды немесе оқытушыларды белгілі бір академиялық кезеңге (семестр немесе оқу жылы) басқа ЖЖОКБҰ-ға (ел ішінде немесе шетелде) академиялық кредиттер түрінде игерген білім беру бағдарламаларын, пәндерін міндетті түрде қайта сынақ ретінде тапсыра отырып өз ЖЖОКБҰ-да немесе басқа ЖЖОКБҰ-да білімін жалғастыру немесе зерттеулер жүргізу үшін ауыстыру;
  •  7) белсенді үлестірмелі материалдар (БҮМ) (Hand-оuts) - білім алушының тақырыпты шығармашылықпен табысты меңгеру үшін оқу сабақтарында таратылатын көрнекі безендірілген материалдар (дәріс тезистері, сілтемелер, слайдтар, мысалдар, глоссарийлер, өз бетінше жұмыс істеуге арналған тапсырмалар);
  • 8) білім алушылардың оқудағы жетістігі - білім алушылардың оқу процесінде алатын және жеке тұлғаның қол жеткізген даму деңгейін көрсететін білімі, іскерліктері, дағдылары және құзыреті;
  • 9) білім алушыларды қорытынды аттестаттау (Qualification Examination) - тиісті білім деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес білім беру бағдарламасында көзделген оқу пәндерінің және (немесе) модулдерінің көлемін және оқу қызметінің басқа түрлерін білім алушылардың игеру дәрежесін анықтау мақсатында өткізілетін рәсім;
  • 10) білім алушының академиялық рейтингі (Rating) (ретинг) - аралық аттестаттау нәтижелері бойынша құрылатын, пәндердің және (немесе) модулдердің оқу бағдарламасын және оқу қызметінің басқа түрлерін білім алушылардың меңгеру деңгейінің сандық көрсеткіші;

Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады

  • 11) білім алушының өзіндік жұмысы (бұдан әрі - БӨЖ) - өз бетінше оқуға берілген, оқу-әдістемелік әдебиеттермен және ұсынымдармен қамтамасыз етілген, тест, бақылау жұмыстары, коллоквиумдар, рефераттар, шығармалар мен есеп берулер түрінде бақыланатын, оқу нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған тақырыптардың белгілі бір тізбесі бойынша жасалатын жұмыс; білім алушының санатына қарай ол студенттің өзіндік жұмыстары (бұдан әрі - СӨЖ), магистранттың өзіндік жұмыстары (бұдан әрі - МӨЖ) және докторанттың өзіндік жұмыстары (бұдан әрі - ДӨЖ) болып бөлінеді; БӨЖ-нің бүкіл көлемі білім алушыдан күнделікті өзіндік жұмыс атқаруды талап ететін тапсырмалармен расталады;
  • 12) екі дипломдық білім беру - қос тең бағалы диплом немесе бір негізгі және екінші қосымша диплом алу мақсатында, екі білім беру бағдарламалары мен оқу жоспарлары бойынша оқу мүмкіндігі;
  • 13) Еуропалық трансферт (аудару) және кредиттер жинау жүйесі (ECTS) - студенттің шетелде алған кредиттерін өзі оқитын білім беру ұйымына оралғанда дәреже алу, сондай-ақ білім беру бағдарламасы шеңберінде кредиттер жинау үшін есептелетін кредиттерге аудару тәсілі;
  • 14) жеке оқу жоспары - білім беру бағдарламасы (ТжКОБ ұйымдары үшін үлгілік және оқу жұмыс жоспары негізінде) мен элективті пәндер каталогы және (немесе) модульдер негізінде эдвайзердің көмегімен білім алушы әр оқу жылына дербес қалыптастыратын оқу жоспары;
  • 15) кредиттік ұтқырлық – білім алушыларды өзі оқитын ЖЖОКБҰ-да оқуын жалғастыру шеңберінде – академиялық кредиттерді жинақтау мақсатында шетелге белгілі бір шектеулі оқу немесе тағылымдама кезеңіне орын ауыстыру (ұтқырлық фазасынан соң студенттер оқуын аяқтау үшін өзі оқитын білім беру ұйымына оралады);

Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады

  • 16) қосымша білім беру бағдарламасы (Мinor) (минор) - қосымша құзыреттерді қалыптастыру мақсатында оқу үшін білім алушы анықтаған пәндердің және (немесе) модульдердің және оқу жұмысының басқа түрлерінің жиынтығы.
  •  17) модуль - дербес, білім беру бағдарламасының құрылымдық элементін оқыту нәтижелері тұрғысынан аяқталған, айқын қалыптасқан, білім алушылар меңгеретін білім, іскерліктер, дағдылар, құзыреттер және бағалаудың барабар критерийлері;
  • 18) модульдік оқыту - білім беру бағдарламасының модульдік құрылымы, оқу жоспары және оқу пәндері негізінде оқу процесін ұйымдастыру тәсілі;
  • 19) негізгі білім беру бағдарламасы (Major) (мажор) - негізгі құзыреттерді қалыптастыру мақсатында білім алушы анықтаған білім беру бағдарламасы;
  • 20) оқу жетістіктерін бағалаудың балдық рейтингтік әріптік жүйесі - халықаралық тәжірибеде қабылданған әріптік жүйедегі сандық эквивалентіне сәйкес келетін және білім алушылардың рейтингін белгілеуге мүмкіндік беретін балл түріндегі оқу жетістіктерінің деңгейін бағалау жүйесі;
  •  21) оқу пәніне жазу (Enrollment) - білім алушыларды оқу пәндеріне тіркеу рәсімі;

Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады

  • 22) оқытудың кредиттік технологиясы - білім алушылардың пәндерді және (немесе) модульдерді зерделеу дәйектілігін академиялық кредиттер жинақтай отырып, таңдауы және дербес жоспарлауы негізінде оқыту;
  • 23) оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін білім алушының өзіндік жұмысы (бұдан әрі – ОБӨЖ) – ЖЖОКБҰ немесе оқытушы анықтайтын жеке кесте бойынша жүргізіледі; білім алушының жұмысы білім алушының санатына қарай ол: оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысы (бұдан әрі – ОСӨЖ) және оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін магистранттың өзіндік жұмысы (бұдан әрі – ОМӨЖ) және оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін докторанттың өзіндік жұмысы (бұдан әрі – ОДӨЖ) болып бөлінеді;
  • 24) постреквизиттер (Postrequisite) (постреквизит) - зерделеу үшін қажет етілетін білімдер, іскерліктер, дағдылар және осы пәнді зерделеу аяқталған соң игерілетін құзыреттер қажет етілетін пәндер (модулдер) және оқу жұмысының басқа түрлері;
  • 25) пререквизиттер (Prerequisite) (пререквизит) - пәндер және (немесе) модульдер және зерделенетін пәнді игеруге қажетті білімнен, іскерліктен, дағдылар мен құзыреттерден тұратын оқу жұмысының басқа түрлері;
  • 26) транскрипт (Transcript) (транскрипт) - кредиттер мен бағаларды көрсететін тиісті оқу кезеңі ішіндегі игерілген пәндер тізбесі мен оқу жұмысының басқа түрлерінен құралған құжат;
  • ;

Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады

  • 27) тьютор - студентке нақты пәнді және (немесе) модульді игеруге көмектесетін академиялық консультант рөлін атқарушы оқытушы;
  • 28) үлгерімнің орташа балы (Grade Point Average - GPA) - таңдап алған бағдарлама бойынша белгілі бір оқу кезеңі ішінде білім алушының қол жеткізген білім деңгейінің орташа өлшемді бағасы (осы оқу кезеңі ішіндегі кредиттердің жалпы санына пәндер бойынша аралық аттестаттау бағалары балдарының сандық эквивалентіндегі кредиттердің жалпы сомасының қатынасы);
  • 29) эдвайзер (Advisor) - тиісті мамандық бойынша білім алушының академиялық тәлімгері функциясын атқаратын, оқу траекториясын таңдауына (жеке оқу жоспарының қалыптасуына) және оқу кезеңінде білім беру бағдарламаларын игеруіне ықпал ететін оқытушы;
  • 30) элективті пәндер - жоғары оқу орны компонентіне және белгіленген академиялық кредиттер шеңберінде таңдау компонентіне кіретін және білім беру ұйымы енгізетін, білім алушылардың жеке дайындығын көрсететін, нақты өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескеретін оқу пәндері, қалыптасқан ғылыми мектептер

ОКТ бойынша оқу процесін ұйымдастырудың негізгі міндеттері:

  • 1) білім көлемін біріздендіру;
  • 2) оқытуды барынша дараландыру үшін жағдай жасау;
  •  3) білім алушылардың өзіндік жұмыстарының рөлі мен тиімділігін күшейту;
  •  4) білім алушының оқудағы жетістіктерін оларды тиімді әрі ашық бақылау рәсімдері негізінде анықтау болып табылады.

ОКТ мыналарды қамтиды:

  • 1) білім алушылар мен оқытушылардың әрбір пән және оқу жұмысының басқа түрлері бойынша еңбек шығынын бағалау үшін академиялық кредиттер жүйесін енгізу;
  • 2) ӘАОО-ны қоспағанда, білім алушылардың ЖОЖ қалыптастыруға тікелей қатысуын қамтамасыз ететін, ЭПК-ге енгізілген пәндерді және (немесе) модульдерді таңдау еркіндігі;
  • 3) ӘАОО-ны қоспағанда, ЖЖОКБҰ-лар үшін пәндерге тіркеу кезінде білім алушылардың оқытушыны таңдау еркіндігі;
  • 4) оқу процесіне білім алушылардың білім траекториясын таңдауына ықпал ететін эдвайзерлерді тарту;
  • 5) интерактивті оқыту әдістерін пайдалану;
  • 6) білім беру бағдарламасын игеруде білім алушылардың өзіндік жұмысын жандандыру;
  • 7) факультеттің (институттың) және кафедралардың оқу процесін ұйымдастырудағы, ЖЖОКБҰ-ға арналған білім беру бағдарламаларын қалыптастырудағы академиялық еркіндігі;
  • 8) оқу процесін ұйымдастыруда оқытушылардың академиялық еркіндігі;
  • 9) оқу процесін қажетті оқу және әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету;
  • 10) білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылаудың тиімді әдістері;
  • 11) әр оқу пәні және оқу жұмысының басқа түрлері бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингілік жүйесін пайдалану.

ОКТ бойынша оқу процесін ұйымдастыру тәртібі

  • ЖЖОКБҰ-да ОКТ бойынша оқу процесін ұйымдастыру
  • ОКТ кезіндегі білім беру бағдарламалары мен оқу жоспарлары
  • 6. Оқу жоспарлары екі түрде әзірленеді:
  • 1) жеке оқу жоспарлары (бұдан әрі - ЖОЖ);
  • 2) оқу жұмыс жоспарлары (бұдан әрі - ОЖЖ).
  • ӘАОО-да оқу жоспарлары үлгілік оқу жоспарлары (ҮОЖ) және оқу жұмыс жоспарлары (ОЖЖ) болып бөлінеді. ҮОЖ-ны білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша тиісті мемлекеттік органның басшысы бекітеді. ҮОЖ-да міндетті компоненттің әр оқу пәнінің және оқу қызметінің әр түрінің (практика, мемлекеттік емтихандар, диплом жұмысын жазу мен қорғау) еңбек сыйымдылығы кредитпен анықталады, ал оқу пәндерінің әр циклы бойынша ЖОО компоненті кредиттердің жалпы санымен көрсетіледі.
  • 7. ӘАОО-ны қоспағанда, білім беру ұйымы әр ББ бойынша элективті пәндердің каталогын (бұдан әрі - ЭПК) әзірлейді.
  • ЭПК білім алушыларды жеке білім траекториясын құру үшін элективті оқу пәндерін баламалы таңдау мүмкіндігімен қамтамасыз етеді.
  • 8. ӘАОО-ны қоспағанда, білім беру бағдарламасының және ЭПК негізінде білім алушылар эдвайзерлердің көмегімен ЖОЖ әзірлейді.
  • ЖОЖ әрбір білім алушының жеке білім алу траекториясын бөлек анықтайды. ЖОЖ-ға міндетті компоненттің (МК), ЖОО компонентінің (ЖК) және таңдау компонентінің (ТК) пәндері мен оқу қызметінің түрлері (практика, ғылыми-зерттеу / эксперименттік-зерттеу жұмысы, қорытынды аттестаттау нысандары) кіреді.
  • 9. Техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім базасында қысқартылған мерзіммен білім беру бағдарламалары бойынша білім алушы:
  • 1) қол жеткізілген оқу нәтижелеріне, алдыңғы білім деңгейінде игерілген пререквизиттерге байланысты өзінің жеке оқу жоспарын қалыптастырады, оларды ЖЖОКБҰ міндетті түрде қайта есептейді және оның транскриптіне енгізеді;
  • 2) ЖЖОКБҰ қолданыстағы білім беру бағдарламасының негізінде дербес анықтайтын жеке оқу мерзімін және білім беру бағдарламасының көлемін иеленеді.
  • .
  • 10. ЭПК, ЖОЖ, ОЖЖ жасау мен бекіту нысанын, тәртібін ЖЖОКБҰ дербес анықтайды.
  • ӘАОО-да ОЖЖ мамандықтың ҮОЖ негізінде бүкіл оқу кезеңіне әзірленеді және оны ӘАОО басшысы бекітеді.
  • 11. Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру кезінде әр оқу пәнінің көлемі академиялық кредиттердің тұтас санын құрайды. Бұл ретте, 5 академиялық кредиттен кем емес көлеммен анықталады.
  • Пәнді 3-4 академиялық кредитпен бағалауға рұқсат етіледі.
  • ӘАОО-да әр пәннің көлемі тұтас кредиттер санын құрайды және пәнді 1-2 кредитпен бағалайды.
  • 12. Дене шынықтыруды, тілдер пәндерін қоспағанда, әр оқу пәні қайталанбайтын бір атаудан құралады.
  • ӘАОО-да пәнді бірнеше академиялық кезең ішінде игеруге рұқсат етіледі.
  • 13. Оқу пәндерінің мазмұны үлгілік оқу жоспраларымен және (немесе) оқу жұмыс бағдарламаларымен (силлабустармен) анықталады.
  • 14. Үлгілік оқу бағдарламалары (бұдан әрі - ҮОБ) бакалавриатта ЖБП циклының міндетті компонентінің пәндері бойынша Заңның 5 бабының 5-2) тармақшасына сәйкес әзірленеді.
  • ӘАОО-да ЖБП циклының пәндері бойынша ҮОБ-ны білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша қарамағында ӘАОО бар мемлекеттік орган бекітеді.
  • 15. Оқу жұмыс бағдарламаларын (силлабустарды) білім беру бағдарламасының барлық пәндері бойынша ЖЖОКБҰ дербес әзірлейді.
  • Оқу жұмыс бағдарламаларын (силлабустарды) әзірлеу мен бекітудің нысанын, құрылымын, тәртібін ЖЖОКБҰ дербес анықтайды.
  • Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 23.09.2022 № 79 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
  • 16. Бір модульдің көлемін білім беру ұйымы дербес анықтайды және екі және одан да көп оқу пәндерінен немесе бір және одан да көп пәндердің оқу жұмысының басқа түрлерімен үйлесімінен тұрады.
  • 17. Кәсіптік практикалар, қорытынды аттестаттау, магистрлік/докторлық диссертациялар (жобалар) білім беру бағдарламасының тиісті модульдеріне қосылады. Бұл ретте кәсіптік практиканың әрбір түрі түрлі модульдерге жатқызылуы мүмкін.
  • Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 23.09.2022 № 79 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Білім алушылардың академиялық ұтқырлығын ұйымдастыру,

  • 43. Академиялық ұтқырлығын қамтамасыз ету үшін білім алушылар басқа білім беру ұйымдарында, оның ішінде шетелде жекелеген пәндерді зерделейді.
  • Бұл ретте білім беру ұйымдарының арасында екіжақты шарт жасалады.
  • 44. Басқа білім беру ұйымдарында алуан түрлі білім беру тәжірибелерінен пайда алу мақсатында "ұтқырлық терезелерінен" білім алушының басқа ЖЖОКБҰ-да игеретін уақытша шектеулері, оқу пәндері мен кредит көлемдері анықталады.
  • 45. Білім алушылардың академиялық ұтқырлығын ұйымдастыру тәртібін, студенттерді іріктеуді ЖЖОКБҰ дербес жүзеге асырады.
  • Бұл ретте, мемлекет деңгейінде қаржыландырылатын бағдарламалар шеңберінде академиялық ұтқырлыққа қатысуға жіберу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 19 қарашадағы № 613 бұйрығымен (Нормативтік құықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5499 болып тіркелген) бекітілген Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидалары аясында жүзеге асырылады.
  • 46. Халықаралық кредиттік ұтқырлыққа қатысу үшін қабылдаушы білім беру ұйымы қарастырған деңгейде шетел тілін білуі тиіс.
  • 47. Ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алушының оқуын растайтын қорытынды құжат транскрипт немесе болған елдегі оның баламасы болып табылады.


  • Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет