Жоғары мектеп педагогикасы



Дата31.12.2021
өлшемі18,78 Kb.
#22512
Байланысты:
Лекция 2


Жоғары мектеп педагогикасы- тәрбие, білім беру және оқыту мәселелерімен айналысады. Жоғары мектеп педагогикасы- ғылыми потенциал факторымен түсіндіріледі.

Болашақ мамандарды жоғары біліктілігі бар мамамндар даярлап шығарада. ЖОО жағдайында маманды дайындау туралы ғылым.

Жоғары мектеп пелагогикасы ғылым ретінде ХХ ғ. ортасында анықталды.

Жоғары мектеп педагогикасының бөлімдері: ЖОО дидактика, ЖОО тәрбие, Жоғары мектептегі ғылыми іс-әрекет теориясы, Жоғары мектептегі педагогикалық технологиялар,ЖОО кіріспе және ЖОО менеджмент.

Жоғары мектеп педагогикасының пәні- жоғары мекептегі педагогикалық процесс болып табылады.

Ғылым ретінде жоғары мектеп педагогикасының міндеттері:

*Жоғары білімнің қазіргі жағдайын саралау мен дамуын болжау;

*Жоғары білімінің даму тарихын зерттеу;

*Доғары кәсіби білім берудің теориялық-методологиялық негізін жасау;

*Жоғары білімнің заңдылығын айқындау;

*Жоғары білімнің мазмұнын анықтау;

* Білім беру стандартын, оқытудың жаңа әдістері мен формаларын жасау;

*Педагогикалық тәжірибені зерттеу және жалпылау, педагогикалық инооывцияларды ғылыми саралау;

*Ғылыми-зертеу нәтижелерін практикаға енгізу;

Жоғары мектеп педагогикасының қызметтері: теориялық және технологиялық. Теориялық қызметтер: Жаңашыл тәжірибелерді зерттеу; Педагогикалық құбылыстардың жағдайын анықтау; Тәжірибелік зерттеуді жүргізу; Технологиялық қызметтер: Оқу іс-әрекетінің нормативті жоспарын айқындайтын әдістемелік материалдарды жасау (жоспарлар, бағдарламалар, стандарттар, құралдары); ғылым жетістігін тәжірибеге енгізу (қайта құрылған,өзгертілген деңгей);Ғылым зерттеу нәтижелерін саралау (рефлексивті деңгей).


Оқу жоспары – оқу жылының, тоқсандардың, демалыс күндерінің мерзімін, оқытылуға тиісті оқу пәндерінің тізімін, әрбір оқу жылы (сыныптар) бойынша оқу тәртібін және ретін, әрбір пәнге бүкіл оқу мерзімінде және апта сайын әр пәнге бөлінетін сағаттардың мөлшерін анықтайтын нормативтік құжат.

Типтік оқу жоспары – Білім және ғылым министрлігінде жасалып, барлық орта мектепке ортақ болып бекітіледі. Оқу жоспары мектептердің түрлеріне орай да жасалынады. Шағын комплектілі, сегіз жылдық, ұлттық мектептерде жоспар өзінше құрылады.

1. Жоспар жасау дегеніміз – оқыту мен тәрбие жұмысын жақсарту бағытында көптеген шараларды белгілеу.

Дәлелденген нақты жоспар – әрбір басқару циклінің дайындық кезеңі, сондықтан оған мектеп басқару ісінің ғылыми жолмен келе жатқандығын көрсетеді. Жоспар қысқа,нақты және айқын болу керек.


2. Нысаны бойынша жоспар – мәтіндік, графикалық және аралас болып бөлінеді.

Оқу жоспары

жылдық жоспар

Сабақ жоспары

тақырыптық – күнтізбелік жоспар
Тақырыптық – күнтізбелік жоспар

Тақырыптық - күнтізбелік жоспарда әр сынып бойынша тұтас оқу жылында қамтылатын тақырыптар мен оларға бөлінген сағат саны белгіленеді. Бұл жоспар оқу бағдарламасы негізінде Қалалық білім бері бөлімінде жасалып, барлық мектепке таратылады.

Күнтізбелік жоспарда барлық жалпы мектептік шаралар тоқсан, ай, апта, жеке күндер бойынша орналастырылады.



Сабақ жоспары ТКЖ негізінде жасалады, яғни мұнда ТКЖ-да көрсетілген тақырыптар сабақ барысына ыңғайландырылады. Басқаша айтқанда, сабақ жоспары күнделікті өтілетін сабақ көлеміне байланысты (45 минут).

Сабақ жоспары жасалатын мақсатты мерзіміне қарай 3-ке бөлінеді:

Қысқа мерзімді жоспар – ҚМЖ (күнделікті сабақ жоспары);

Орта мерзімді жоспар – ОМЖ (белгілі бір тарауға немесе көлемді тақырыпқа байланысты жасалуы мүмкін);

Ұзақ мерзімді жоспар – ҰМЖ (тоқсанға немесе оқу жылына жасалуы мүмкін).

Жай жоспар – мұны тәжірибелі мұғалімдер жасайды, дегенмен қажет болған жағдайда тәжірибелі мұғалімдер де күрделі жоспар жасайды.

Күрделі жоспар (көбінесе жас мамандарға міндеттеледі).

Сабақ жоспары көлеміне қарай 2-ге бөлінеді:

Күнделікті сабақ жоспары өтілетін сабақтың түріне қарай тағы да 2-ге бөлінеді:

Дәстүрлі сабақ жоспары



Дәстүрлі емес сабақ жоспары

Оқу бағдарламасы – оқу пәнінен берілетін білім мен игерілетін дағдылардың мазмұны мен көлемін және оқу жылындағы орнын белгілейтін құжат.[1] Оқу бағдарламасының түсінік хатында оқу пәнін оқытудың мақсаты, бағдарламаның құрылымы, оқу материалының жүйесі, оқытудың әдістері мен ұйымдастыру формаларының ерекшеліктері көрсетіледі, сыныптағы және сыныптан тыс оқыту жұмыстарының басқа пәндермен байланыстылығы анықталады. Оқу бағдарламасы мына қағидалар негізінде жасалады: жас ұрпақтар үшін бағдарлама мазмұнының тәрбиелік мәні болуы, оқыту мазмұнының ғылыми тұрғыда келуі, оқу материалының оқушылардың жас ерекшеліктеріне және білім дәрежесіне сай жасалуы, оқылатын объективті дүние құбылыстары мен оқу пәндерінің арасындағы табиғи жалғастықты бейнелейтін өзара байланыс ескеріледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет