Жоғары мектеп педагогикасының теориялық–Әдіснамалық негіздері



бет5/19
Дата06.01.2022
өлшемі1,14 Mb.
#15519
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
теориялық әдістемелік негіздер

Диалектиканың негізгі заңдары: қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресі, сан өзгерістерінің сапа өзгерістеріне және кері айналуы, терістеуді терістеу.

Диалектиканың ұғымдары: кеңістік пен уақыт, жекелік және жалпылық, себеп пен салдар, мазмұн мен түр, мән мен құбылыс, қажеттілік пен кездейсоқтық, мүмкіндік пен шындык.

Зерттеушінің тиімді нәтижелерге жетуі үшін, қандай ғылымньң болса да, белгілі бір ізденісті қалай және қандай мақсаттар үшін жүргізетіні туралы нақты, мүлтіксіз түсінігі болуы керек. Мұның өзі таным қызметін ұйымдастыруға, танымның белгілі бір «әдістер жүйесін» таңдап алуға көмектеседі.

Ғылым әр уақытта жаңа дәйектермен толықтырылып отырғанда ғана дамиды. Ғылыми деректер жинақталып қалған кезде оларды ғылыми-зерттеу әдістері арқылы талдау және теориялық ұстанымдарға негіздеп зерделеу ғылымда әдіснама деп аталады.

Қазақ елінің мемлекеттік тіліндегі «әдіснама» термині көптеген әдебиеттерде «методология» түрінде де жазылып келе жатқаны белгілі. Қалай атаған күнде де бұл терминнің нақты мәні – «әдіс туралы ғылым» деген ұғымдық түсінікті білдіреді. Өйткені қандай ғылым болмасын оның негізгі белгілі бір теорияны, ережені, тұжырымдаманы басшылыққа алады. Педагогикалық идеяларды талдаудың объективтік негізі философия болып табылады. Сол себептен педагогика ғылымының әдіснамалық негізі философия ілімінің жалпы заңдарына, танымдық әдістеріне сүйеніп, оны басшылыққа алады. Философияның энциклопедиялық сөздігінде методология бұл – «система принципов и способов организации и построения теоретической и практической деятельности» (М.,1983.-365 бет) деп көрсетілген. Демек, әдіснама дегеніміз – іс-әрекетті құрудың теориялық және практикалық жолын ұйымдастыру тәсілдері мен ұстанымдарының жүйесі болып шығады. Ендеше, педагогиканың да, басқа ғылымдардың әдіснамасы ғылыми зерттеудің танымдық жүйесін ұйымдастырумен бірлікте жүреді. Зерттеудің бағыт –бағдарындағы болжамға үйлесімді және жасалатын қорытынды педагогиканың теориясы мен технологиясына сай болса, оның нәтижесі де өміршең болатындығы ақиқат.

«Әдіснама» – ғылыми-танымдық іс-әрекеттерді құрудың ұстанымдары, формалары мен амалдары туралы ілім.

Э.Г.Юдин әдіснамалық білімдер құрылымын төрт деңгейге бөледі: философиялық, жалпы ғылыми, нақты ғылыми, технологиялық.

Біріншісі, философиялық әдіснаманың деңгейлік мазмұны, таным ұстанымы мен ғылымның категориялық апаратын құраса, сонымен бірге философиялық білім жүйесі әдіснамалық қызмет атқарады.

Екінші деңгейде, жалпы ғылыми-әдіснама теориялық тұжырымдаманы құрып, көптеген ғылыми пәндерге бағыт-бағдар береді.

Үшінші деңгей – нақты ғылыми әдіснама, бұл арнайы ғылыми пәннің әдістерін айқындап, зерттеудің ұстанымдары мен ұйымдастыру жолдарын белгілейді.

Төртінші деңгей – технологиялық әдіснама, зерттеудің, әдістемесі мен техникасын құрайды. Мысалы, тәжірибелік-эксперимент материалдарын жинақтау, оларды алғашқы талдау, қорытындылау, ұсыныстар беру, т.б. жатады. Сонымен, әдіснаманың барлық деңгейлері бір-бірін толықтырып тұратын жүйені құрастырады.

Ал, жоғары мектеп педагогикасы мәселесі жалпы білімдер әдіснамасы (педагогика), жеке білімге (педагогика тарихы) катысты әдіснамалық бағдар ұсынады. Жалпы қағидалар (теория, ұстанымдар) жеке қағидаларды түсіндіріп, бағалап, олардың бағыт-бағдарын, жолдарын айқындап береді (Ж.Әбділдин, Б.Гершунский, Н.Никандров). Түптеп келгенде, нақты-ғылыми әдіснама ретінде педагогиканың заңдары, зандылықтар мен ұстанымдары педагогика тарихына негіз болады.

Әдіснамалық белгілеріне қарай жоғары мектеп педагогикасының әдіснамасы жеке ғылымилық тұрғыда педагогика ғылымына жатады; ал пәндік мазмұны жағынан педагогика тарихының, жоғары мектеп педагогикасының білімдерін жинақтайды, педагогикалық пәндер жүйесінде педагогика тарихы (пәні, оның міндеттері, ерекшеліктері) сипатына қарай танымдық құралдар мен практикалық әдіс-тәсілдерін, қазақ этнопедагогика тарихының ұғымдық құрылымын анықтаумен қатар басқа ғылымдардың (этнология, этнопсихология, фольклор, мәдениет теориялары, т.б.) жетістіктерін, тәжірибесін зерттеу жұмыстарын да пайдаланады.

ХІХ ғасырға дейін ғылыми ізденістердің пәндік саласын анықтауға байланысты ғылымдардың жіктелуі қарқынды жүрді. Сонымен бірге білім көлемінің өсуі жеке пәндерінің бөлінуіне алып келеді, яғни пәннің өзінің ішінде бөлініп даралануы басталды. Педагогика ғылымы да біртіндеп, алдына қойған мақсаттары, оқушылардың жас ерекшеліктері, оларды оқыту және тәрбиелеу, оқу орнындарының түрлері бойынша саралана бастады.

Педагогика ғылымдарының жүйесіне: жалпы педагогика, жас ерекшелік педагогикасы, мектепке дейінгі педагогика, кәсіби педагогика, педагогика мен білім берудің тарихы, салалық педагогика, коррекциялық педагогика, салыстырмалы педагогика, жеке пәндер әдістемесі, жоғары мектеп педагогикасы және т.б. жатады. Кейінгі кезде педагогикалық білімнің жеке саласы ретінде әлеуметтік педагогика пайда болды.

Жоғары мектеп педагогикасы философия, психология, жалпы педагогика, логика, тарих, математика, этнопедагогика мен этнопсихология, т.б. ғылымдармен тығыз байланыста жүзеге асады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет