Жоғары мектеп педагогикасының теориялық–Әдіснамалық негіздері



бет8/19
Дата06.01.2022
өлшемі1,14 Mb.
#15519
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19
Эмпирикалық зерттеудің ғылыми әдістері. Жалпы ғылыми әдістер мен тәсілдердің қабылданған жіктемесі әр түрлі негіздер бойынша жүргізіледі. Ең сәтті болып саналатын тәсіл ретінде, жалпы ғылыми әдістер мен тәсілдер құрылымында үш деңгейін анықтайды («жоғарыдан төменге қарай»): жалпылогикалық, теориялық, эмпирикалық.

Негізгі эмпирикалық әдістерге жататындар:



1. Бақылау – сезім мүшелеріне сүйенетін, заттарды мақсатты бағыттап зерттеу (түйсік, қабылдау, елестету). Бақылау барысында біз таным объектісінің сыртқы жақтары туралы ғана білім алып қоймаймыз, сонымен бірге, соңғы мақсат ретінде оның мәнді қасиеттері мен қатынастары туралы білім аламыз.

«Әдістер» және «тәсілдер» ұғымдары көп жағдайда синонимдер ретінде қолданылады, әдістер – өзінің құрамына зерттеудің әртүрлі тәсілдер жиынтығын енгізетін, аса күрделі танымдық процедуралар. Бақылау тікелей болады немесе әртүрлі құрылғылар мен техникалық құралдар арқылы жүргізіледі (микроскоп, телескоп, фото және бейнекамера, т.б.). Ғылымның дамуымен бақылау күрделеніп келеді. Ғылыми бақылауға қойылатын негізгі талаптар: ойдың біржақтылығы, әдістер мен тәсілдер жүйесінің болуы; тиімділігі, яғни қайталап бақылау жолымен тексеру мүмкіндігі. Әдетте бақылау эксперименттің құрамды процедурасы ретінде енгізіледі. Бақылаудың маңызды сәті ретінде интерпретация және оның нәтижелері алынады.

Өлшеудің нәтижесі санмен беріледі. Бақылаудағы ерекше қиындық – әлеуметтік-гуманитарлы ғылымдарда пайда болады, оның нәтижелері көп шамада бақылаушының тұлғасына, оның өмірлік бағдарлары мен ұстанымдарына, оның зерттелетін құбылысқа қызығушылық қатынасына байланысты болады. Бақылаудың танымдық нәтижесі ретінде зерттелетін объект туралы бастапқы мәліметтер табиғи және жасанды тіл құралдарымен тіркеу алынады: сызбалар, графиктер, диаграммалар, кестелер, суреттер және т.б. Бақылау өлшеумен тығыз байланысты, бұл өлшеудің бірлігі ретінде қабылданған, аталған шаманың басқа біртекті шамаға қатынасын табу процесі болып саналады. Бақылау барысында зерттеуші әр уақытта белгілі идеяны, тұжырымдаманы немесе болжамды басшылыққа алады. Ол кез келген деректерді тіркеп қана қоймайды, сонымен бірге бекітілетін немесе теріске шығарылатын деректерді саналы таңдайды. Бұнда ерекше деректерді таңдап алу маңызды. Бақылау белгілі теориялық ережелер арқылы жүзеге асырылады.

2. Эксперимент – арнайы құрылған және бақыланатын жағдайларда объектінің өзгерісін немесе қайта жаңғыртылуына сәйкес, зерттелетін процестің барысына белсенді және мақсатты түрде араласу. Осылайша, экспериментте объект жасанды түрде қайта жаңғыртылады немесе зерттеу мақсатына жауап беретін, қойылған жағдайларға сай өзгереді. Эксперимент барысында зерттелетін объект басқа, қосымша, оның мәнін төмендететін жағдайлардан тыс оқшауланады. Бұнда эксперименттің нақты жағдайлары беріліп қана қоймай, тексеріледі, модернизацияланады, көп рет қайта жаңғыртылады.

Кез келген ғылыми эксперимент белгілі идея, тұжырымдама, болжам арқылы бағытталады. Эксперименттің негізгі ерекшеліктері:

а) объектіге деген аса белсенді қатынас, оны өзгертуге және қайта құрылуға дейін;

ә) зерттеушінің қалауы бойынша, зерттелетін объектінің көп рет қайта жаңғыртылуы;

б) табиғи жағдайларда бақыланбайтын, құбылыстардың қасиеттерін табу мүмкіндігі;

в) құбылысты «таза күйінде» қарастыру мүмкіндігі, оны күрделі жағдайлардан оқшаулау, эксперименттің жағдайларын нұсқалау;

г) зерттеу объектісінің қалпы және нәтижелерді тексеруді бақылаудың мүмкіндігі.

Экспериментті жүзеге асырудың негізгі сатылары: болжамдар мен теорияларды тәжірибелі тексеру, жаңа ғылыми тұжырымдамаларды қалыптастыру. Осы функцияларға байланысты төмендегідей эксперимент түрлері анықталған: зерттеу (ізденуші), тексеру (бақылау), қайта жаңғыртушы, оқшаулау және .б.

Объектілердің сипатына қарай физикалық, химиялық, биологиялық, әлеуметтік және т.б. эксперименттерді анықтайды. Қазіргі заманғы ғылымда екі бәсекелес тұжырымдамалардың біреуін бекіту және теріске шығару мақсатында жүргізілетін шешуші эксперименттің маңызды мәні бар.

Ғылыми эксперименттің қарапайым типтерінің бірі – ұсынылатын болжам немесе құбылыстың теориясының болуы немен болмауын анықтау мақсатында жүргізілетін сапалы эксперимент болып табылады. Сандық эксперимент ерекше күрделі болып саналады, ол зерттелетін құбылыстың бір қасиеттерінің сандық анықтамасын айқындайды.

Қазіргі заманғы ғылымда ойлау эксперименті кең таралған – бұл идеалданған объектілерге жүргізілетін ойлау процедураларының жүйесі. Ойлау эксперименті – бұл шынайы эксперименталды жағдаяттардың теориялық моделі. Бұнда ғалым шынайы заттар мен олардың әрекет ету жағдайларын ғана емес, сонымен бірге тұжырымдамалы бейнелерін жүзеге асырады.

Әлеуметтік эксперименттер аса кең даму үстінде, өмірге әлеуметтік ұйымдастырудың жаңа формаларын енгізуге және қоғамды басқаруды жетілдіруге ықпал етеді. Әлеуметтік эксперименттің объектісі ретінде адамдардың белгілі бір тобы алынады, олар қызығушылықтарымен санасуға тура келетін эксперименке қатысушылар болады, ал зерттеуші зерттелетін сжағдаятқа қатысады.

Педагогикалық зерттеулердің органикалық құрамдас бөлігі ретінде өлшеуді атауға болады. Өлшеу – оның дәлдік шамасын арттыратын танымынң маңызды құралы. Ол бірлік ретінде қабылданатын, өлшенетін шаманың ұқсас шамамен салыстыруды болжайтын, эмпирикалық-математикалық әдіс болып табылады. Педагогикадағы өлшеудің атқаратын қызметі даму деңгейінің сандық көрінуінде, белгілер мен қасиеттердің болуы мен жиілігінде оқу-тәрбие процесінің әсерімен өзгереді.

Әдетте, өлшеу тікелей және жанама деп бөлінеді. Тікелей өлшеу өлшенетін объектінің белгілі бір нормативпен, эталонды өлшегішпен салыстыруда көрінеді. Педагогикалық зерттеулерде ол сирек кездеседі, мысалы, оқушылардың дене дамуында (толықтығы, бойы және т.б.), көп жағдайда, жанама өлшеу қолданылады. Оқушылардың білім және білік деңгейі, олардың моралды сапалары, тәртіптері және т.б. тек жанама түрде ғана өлшенуі мүмкін.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет