Жоғары мектепте қазақ тілі пәнінің мұғалімін даярлау ісі өте күрделі құрылымдық тұтастығымен ерекшеленеді



бет1/6
Дата26.09.2022
өлшемі67,5 Kb.
#40240
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
№ 3 МӨЖ


№3 МӨЖ
Қазақ тілін жоғары мектепте оқыту әдістерінің жүйесі. Дидактикалық әдістер және оларды классификациялау. Талдау, салыстыру жұмысын жүргізу

Жоғары мектепте қазақ тілі пәнінің мұғалімін даярлау ісі өте күрделі құрылымдық тұтастығымен ерекшеленеді. Негізінде, жоғары білімді маман даярлау ісі қай мамандық бойынша да оңай емесі рас. Әйтсе де болашақ мұғалімдерді даярлау басқа сала мамандарын даярлаудан күрделі ғана емес, сонымен қатар өзіндік қиындығы бар, жауапкершілігі үлкен іс болып есептеледі. Өйткені болашақ мұғалімдірді даярлау оларды мектеп оқушыларымен кәсіби деңгейде жұмыс жасай білуге баулиды. Ал қазақ тілінің мұғалімін даярлау ісі бола шақ мұғалімдердің мектеп оқушыларын өмірдің түрлі салаларында ана тілін дұрыс, тиімді пайдалана білуге қабілетті болып шығуын көздейді. Мұндай мақсаттың мейлінші маңызды, өмірлік мәні зор болатын себебі – дүние есігін ашып келген адамзат баласы өзінің өмірі үшін қажетті адамшылық қасиеттердің бәрін ана тілі арқылы табады, ана тілі арқылы қалыптастырады. Адазат қоғамы тарихында адамның өмір тәжірибесі мен ақыл-ойы негізінде жинақталған ақпараттық құндылықтар, білім қоры тіл арқылы сақталады, тіл арқылы игеріледі, тіл арқылы болашақ ұрпаққа беріледі. Білім беру мекемелеріндегі оқу пәндерін меңгерудің құралы да тіл. Осының бәрі тілдің адамзат өміріндегі маңызы мен мәнінің қаншалықты жоғары екеніне көз жеткізеді. Ана тілі пәнінің мұғалімін даярлау ісінің осындай өзіне ғана тән ерекшелікте рі мен үлкен жаупкершілігі болады. Сондықтан ана тілін оқыту ісіне, ана тілінің мұғалімдерін даярлау ісіне абай болу, оған үлкен жауапкершілікпен қарау – білім беру жүйесіндегі әрбір маманның, әрбір басшының басты міндеті.
Қазақ тілі пәнінің мұғалімдерін даярлаудың мынадай құрамдас бірнеше саласы бар: а) қазақ тілі пәні бойынша жеткілікті теориялық білім; ә) қазақ тілін оқыту әдістемесінің теориясы; б) қазақ тілі пәнін оқыту әдістемесін іс жүзінде пайдалана білу дағдысы; в) қазақ тілін оқыту құзіреттілігі. Бұлар өзара тығыз байланысты. Бұлардың бірі жоқ жерде басқалары да болмайды. Мысалы, егер студент, болашақ мұғалім қазақ тілінің теориясын білмейтін болса, онда ол қалған салалар бойынша да білімсіз болып қалмақ. Ал егерде ол қазақ тілінің теориясын білгенмен, қазақ тілін оқыту әдістемесінің теориясын білмейтін болса, онда бұл оның әдістемелік ойлауының қалыптаспағандығын көрсетеді. Ал әдістемелік ойлауы қалыптаспаған мұғалім әдістемелік ұғымдардан бейхабар қалады. Әдістемелік ұғымдардан бейхабар адам білім алушыларға сапалы білім бере алмайды. Айналып келгендеәдістемелік ойлауы, оқыту әдістемесінен тиісті білімі қалыптаспаған болашақ мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі де қалыптаспайды. Ана тілі пәні мұғалімін даярлау дегеніміз болашақ маманға ана тілі бойынша білім беру ғана емес. Студент жоғары оқу орнында қанша мол білім жинағанмен, сол білімін іс жүзінде пайдалана алмайтын болса, онда оны білімді деп есептеуге болмайды. Пайдаға аспаған білімнен қайыр жоқ. Маман өзінің бойындағы білімді іс жүзінде пайдалануы, пайдаға жаратуы үшін, оған арнайы құрал керек болады. Ана тілін оқыту әдістемесі маманның өз бойындағы білімді іс жүзінде пайдалануын, пайдаға жаратуын қамтамасыз ететін осы құрал қызметін атқарады.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі бойынша теориялық білім беру болашақ мұғалімдердің қазақ тілін оқыту үдерісі туралы іргелі ғылымиәдістемелік білім қорының қалыптасуын қамтамасыз етеді. Екінші жағынан, қазақ тілі пәнінің мұғалімі оқушыларға тиісті білім беріп қана қоймайды, сонымен бірге қазақ тілі негізінде тәрбие береді. Бұл өте маңызды. Бұл жерде білім беру мен тәрбие берудің өзара сабақтастығын анық түсінудің пайдасы зор. Бүгінде білім беру мекемелерінде білім беру ісі бір бөлек, тәрбие беру ісі бір бөлек жүріп жататыны бар. Бірақ мынаны ескеру керек: білім беру ісі – адам, маман тәрбиелеудің бірден-бір құралы. Білім беру ісінен тыс, білімсіз тәрбие беремін деу – үлкен қателік. Білімсіз беремін деген тәрбие құмға құйған су сияқты болмақ. Тәрбие адамға ізгі білім, игілікті дағды, біліктілік арқылы беріледі. Тәрбие берудің басқа жолы жоқ. Тәрбиесіздік білімсіздіктен шығады. Білімнің жоқтығы – ақылдың жетімсіздігі деген сөз. Қазақ тілінің болашақ мұғалімі осыны есте мықтап ұстауы шарт.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет