Жоғары мектепте қазақ тілі пәнінің мұғалімін даярлау ісі өте күрделі құрылымдық тұтастығымен ерекшеленеді


Философия бар ғылымның әдіснамалық негізі қызметін атқаратыны бұрыннан айтылып келеді



бет5/6
Дата26.09.2022
өлшемі67,5 Kb.
#40240
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
№ 3 МӨЖ

Философия бар ғылымның әдіснамалық негізі қызметін атқаратыны бұрыннан айтылып келеді. Қазіргі заманда да бұл қағиданың өзектілігі жоғары. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің әдіснамалық жүйесі философияға негізделеді. Оқушының жаңа тақырып негізінде жаңа бі лім алуы, өзіне бұған дейін белгісіз болып келген құбылысты қабылдауы, тануы, білуі, ұғуы -күрделі үдеріс. Оқушының жаңа білімді игеру үдерісі, жалпы сипаттағанда, сезімдік және ойлау сатылары арқылы өтіп, нәтижесін тәжірибе жүзінде тексерумен аяқталады. Басқаша айтқанда, баланың білім алуы өмірдің шындық құбылыстарымен тығыз байланыста болады. Философияда бұл таным үдерісіне сәйкес келеді. Оқушылардың білім алу әрететін осы үдеріс сатылары туралы философиялық қағидаларға сүйене отырып тануға болады. Ал бұл үдеріс тілдік формалар түрінде жүзеге асады. Сондықтан оқушының таным үдерісі арқылы алған тілдік бірліктер (сөз, сөз тіркесі, фразеологизм, сөйлем, мәтін) туралы білімін өзінің өмір тәжірибесінде, іс жүзінде (оқуда, ойында, еңбекте және басқа салаларда) орнын тауып пайдалануына ерекше көңіл бөлінеді.
Тіл мен сананың, сөйлеу мен ойлаудың арасындағы байланыс бары ертеден бері айтылып келеді. Адамның ойы тек тіл арқылы ғана нақтыланады, тіл арқылы ғана ұғылады. Оқушы тіл арқылы өзінің ойын жүйеге түсіреді, нақтылайды, негіздейді, басқаларға жеткізеді. Тілдік бірліктерсіз, тілсіз оқушының ойын, ойлауын дамыту, танымын байыту мүмкін болмайды. Оқыту әдістемесі ғылым ретінде өзінің әдіснамалық ұстанымдарын философияның осы бағыттағы іргелі қағидалары негізінде анықтайды.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі оқушының қазақ тілі туралы білімді қабылдау, есте сақтау, еске түсіру және өзінің өмір тәжірибесінде пайдалану, ойлау қабілетінің даму үдерістерін бақылау мен бағалауда психология ғылымының қағидаларына сүйенеді. Білім беру ісінде оқушылардың білуі, тиісті дағдылары мен біліктерінің қалыптасуы, білуге деген ынталарының, талаптарының оянуы мәселелерін пайымдауда қазақ тілін оқыту әдістемесі психология ғылымының заңдылықтарын негізге алады. Психология ғылымында оқушылардың ақыл-ой еңбегінің үдерісін зерттеу саласында жинақталған білім қорын лайықты пайдалана білу де оқыту әдістемесінің дамуына, жетілуіне игі әсерін тигізеді. Бұл орайда оқушылардың жас мөлшеріне қарай салыстыру, талдау мен жинақтау, жалқыдан – жалпыға, жалпыдан жалқыға көшу, белгіліден – белгісізге, белгісізден белгіліге ауысу, ой түю, пікір негіздеу секілді ойлау операциялары да ескеріледі. Осы және оқыту әдістемесіндегі қызығу, талап, ынта, қабылдау, түсіну, есте сақтау, білім, дағды, білік, қалыптасу, даму секілді негізгі ұғымдар психологиядан енген ұғымдар қатарына жатады. Оқушының білім алу үдерісінің сатыларын, құрылым-жүйесін сипаттайтын ұғымдар да психологиядан алынған. Осының бәрі оқу әдістемесінің жүйесінде оқушының білім алу үдерісін, жалпы оқыту үдерісін ұймдастыруда, оның нәтижелілігін бақылау мен бағалауда психология ғылымының алатын өз орны барын көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет