Жоғары мектепте қазақ тілі пәнінің мұғалімін даярлау ісі өте күрделі құрылымдық тұтастығымен ерекшеленеді


Оқыту әдістемесінің жалпы ұстанымдары дидактикада негізделетіні түсінікті



бет4/6
Дата26.09.2022
өлшемі67,5 Kb.
#40240
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
№ 3 МӨЖ

Оқыту әдістемесінің жалпы ұстанымдары дидактикада негізделетіні түсінікті. Қазақ тілін оқытудың ұстанымдары жалпыдидактикалық ұстанымдарды негізге ала отырып, қазақ тілін оқытудың өзіне тән мақсаттары мен міндеттеріне сай анықталады. Дидактика ұстанымдары жалпы болғанда, қазақ тілін оқыту ұстанымдары жалқы ерекшеліктерімен сипатталады.
Қазақ тілін орта мектерте оқытуда мынадай жалқыдидактикалық ұстанымдар басшылыққа алынады: а) оқытуда теориялық білімге сүйене отырып, практикалық бағытты ұстану; ә) қатынас құралы ретінде оқыту; б) сөйлеу әрекеті ретінде оқыту; в) тілдік деңгейлерді сипаттаудағы синхрондылық.

Қазақ тілін оқыту әдістемесінің даму кезеңдеріне байланысты аталған ұстанымдар өзгеріп отырады. Әр кезең оқытудың жаңа ұстанымдарын ұсынады. Жалқы дидактикалық ұстанымдар пәнді оқытудың құрамдас бөліктерін қамтып, басты бағытты белгілейді.
Қазақ тілі пәнін оқыту әдістемесі пәнінің маманы өзінің кәсіби қызметінде мұғалімнің, әдіскердің, педагогтың, психолгтың, тілші мен әдебиетшінің ісін бірдей атқаратыны сырттан қараған қарапайым адамның көзіне де шалынбай қалмайды. Бұл мәселеге арнайы көңіл бөліп, ғылыми тұрғыдан қараған жағдайда, оқу әдістемесінің арнасында бірнеше ғылым салаларының ұштасқан қызметі аңғарылады. Мұның өзі қазақ тілін оқыту әдістемесінің ғылым ретінде бірнеше ғылым салаларымен тығыз байланыста, бірнеше ғылым салаларының тоғысында тұрған, пәнаралық сипаты басым ғылым екендігін көрсетеді.
Оқыту әдістемесі педагогика ғылымының бір саласы ретінде жеке тұлғаның қалыптасуының белгілі бір қырларын қарастыратыны белгілі. Оның басқа ғылым салаларымен байланысы осыдан басталады. Бұл ретте қазақ тілін оқыту әдістемесінің ғылым ретінде тіл білімімен, әдебиеттанумен, педагогикамен, психологиямен байланыстарының тамыры тереңде және барынша анық екендігі түсінікті. Сонымен бірге бұл пәннің философиямен, мәдениеттанумен, әлеуметтанумен тығыз байланысы бар.
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің қазақ тіл білімімен байланысы мына салалар бойынша жүзеге асады: а) тіл білімінің ұғымдары, терминдері пайдаланылады; ә) қазақ тіл білімінің даму деңгейі қазақ тілін пән ретінде оқытудың мазмұнын анықтайды; б) қазақ тілін оқытудың әдістері, түрлері, дидактикалық құралдары қазақ тілі пәнінің мазмұнына сәйкес анықталыды; қазақ тілін оқыту әдістемесінде жалқыдидактикалық ұстанымдар қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет