Жоғары мектепте оқыту технологиялары


Білім беруді дамытудың жаһандық тенденциялары



бет12/17
Дата15.11.2023
өлшемі292,27 Kb.
#123118
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Жоғары мектепте оқыту технологиялары-emirsaba.org

Білім беруді дамытудың жаһандық тенденциялары
Білім беру гуманизациясы
Білім гуманизациясы білім беруді «адамға жақындастыру», білім алушылардың қызығушылықтарын, мүмкіндіктерін және жеке қабілеттерін ескеру; адамның жан-жақты дамуына тиімді жағдай жасау, оқытуды дамыту басымдықтары, оқыту процесіне рефлексияны, өзін-өзі тексеру мен өзін-өзі бағалауды қосу.
Білім гуманизациясы тұлғалық тұспалданған оқыту, деңгейлік және бейіндік жіктелу, білім берудің жекелігі мен оқу және кәсіптік бағдары арқылы жүзеге асырылады. Көптеген елдердің жоғары оқу орындарының оқу жоспарларына жаңа «адамдарға бағдарланған» ғылыми және оқу пәндер енгізіледі: философия, психология, саясаттану, әлеуметтану, культурология, экология, эргономика, экономика және басқалары.
Жоғары білім беру гуманизациясы:
ЖОО бітірушілерінің кәсіби және жалпы мәдени дайындық интеграциясына олардың тұлғалық қасиеттерін дамыту, білім беру руханиятын қайта жандандыру тұтастығында;
таңдауы көп элективті курстардың оқу жоспарларын блок бойынша жасау кезінде, білімді бағалаудың рейтингтік жүйесі, тереңдетілген кәсіпқой мамандану мүмкіндігінің кең түрдегі спектрі;
оқу процесіне оқудың ашық жүйелерін енгізуде, жеке бағдарламалар бойынша студенттерді оқытуды ұйымдастыруға мүмкіндік беретін, олардың әрқайсысына өзінің білімі мен кәсіби қабілеттеріне барынша толық сәйкес келетін білім траекториясын құруға мүмкіндік береді.
Білімді интеграциялау
Білімді интеграциялау білім беру мазмұнының компоненттеріне өзара сіңісуден (ішкі интеграция) және әртүрлі елдердің білім беру жүйесін жақындастыру және жалпы білім беру кеңістігін қалыптастырудан (сыртқы интеграция) көрінеді.
Білім беру интеграциясы білім саласындағы интеграцияланған бағдарламалар мен курстар және халықаралық ынтымақтастықты құру арқылы жүзеге асады. Сонымен қатар, жоғары білім берудің «университизациясы» мен барлық жоғары оқу орындарын еліміздегі және әлем университеттерінің жүйесіне интеграциялау процесі күшейтілуде, ол күшті университеттік кешендердің, мемлекеттік, континентальдық және аймақаралық мазмұндағы ғылыми-білім беру мегаполистерінің пайда болуына әкеп соғады.
Мұндай білімнің көпшілігі ойдағыдай әрі нық болып қала береді. Табысты консорциумдар тізімі ұдайы өсуде, жиырмасының ішінен, барынша танымалдар, ол — Академиялық консорциум 21, Африкалық университеттер Қауымдастығы, Британдық ынтымақтастық елдеріндегі университеттер Қауымдастығы, Тынық мұхит аймағындағы университеттер Қауымдастығы, Университеттердің Халықаралық желісі, Университас 21, университеттердің Әлемдік желісі және басқалары.
Жаһандық университеттер қызметінің сапасы мен нәтижесін рейтингтік бағалаудың жаңа тенденциялары айқындалады («жаңа логика» БҰҰ университеттерінің халықаралық рейтингі).
Білім беруді стандарттау
Жаһанданумен байланысты, бірыңғай кедендік кеңістік, визасыз алмастыру, бірыңғай валюта, медициналық сақтандырудың бірыңғай жүйесін орнату, Еуропалық Одақ азаматтары үшін ЕО-қа кіретін, кез келген елде жұмысқа орналаса алу мүмкіндігін ашты. Бұл тенденция ЕО-тың әртүрлі елдерінде мамандарды дайындау қажеттілігін бір іздендіруге әкелді. Болон процесінің қатысушылары қол қойылған уағдаластыққа сәйкес, Бірыңғай еуропалық білім беру мен ғылыми кеңістік құру негізінде жатқан барлық идеялар мен қағидалардың жүзеге асуын қамтамасыз етуге міндетті. Жоғары білім берудің халықаралық консультанттары Болон процесінің тек 47 қатысушы-елдерде ғана емес, сонымен қатар Еуропадан тысқары жерлерде де өзгерістер әкелгенін атап өтті2.
Болон процесінің міндетті параметрлері:
- Жоғары білім берудің үш деңгейлі жүйесі
- ECTS академиялық кредиттері
- ЖОО студенттерінің, оқытушылары мен әкімшілік қызметкерлерінің академиялық ұтқырлығы
- Дипломға Еуропалық қосымша – Жоғары білім беру сапасын бақылау
- Бірыңғай еуропалық зерттеу кеңістігін құру
Демократизация
Білімді демократияландыру барлық халық үшін білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету екенін, білім беру мекемелеріне үлкен құқықтар мен автономдығын, білім алуға әрбір адамның құқығын жүзеге асыру мақсатында педагогтар мен білім алушыларға академиялық еркіндік беру.
Білім беру мекемелерінде демократия қағидаттары қалай жүзеге асырылуда? Бұл басқарудың бөлшектенуі және басқарудың мемлекеттік-қоғамдық жүйесін жасау, білім беру жүйесінің ашықтығы, білім алушылардың өздік жұмыстарының үлесін және білім беру мекемесінің өзімен дайындалатын оқу жоспарының үлесін ұлғайту.
Білімді ақпараттандыру және компьютерлендіру
Білімді ақпараттандыру мен компьютерлендіру компьютерлік және электронды-есептеу техникаларын кең түрде пайдаланумен, Ғаламтор желісіне қосылу, оқу процесін жабдықтау мультимедиасы арқылы көрінеді.
Білімді ақпараттандырудың кең түрдегі мағынасы – бұл білім беру жүйесіндегі білім мен ақпараттар айналымының қарқынын жеделдету. Болашақта, ақпараттандыру мен жаһандандыру барысында, «білім» ұғымының мазмұнының өзі өзгереді және үздіксіз өзгеріп тұратын орта ретінде білімнің ашық мазмұны пайымына өту, осы өзгерістерді барынша жедел көрсететін ақпараттық және телекоммуникациялық ортаны қосқанда жүзеге асырылатын болады.
Қашықтықтан білім беру ерекше тез қарқынмен дамуда. Вебинарлар, электронды курс материалдары, видеоконференциялар пайдаланылады. Үйіңізден шықпай-ақ, тек Ғаламтор ресурстары арқылы алуыңызға болады. Мысалы, Массачусетс технологиялық институты өздерінің интернет-трафик жүйесі арқылы Оқытудың ашық курстары дамытушы жобасының (Open Course Ware project) барлық оқу материалдарын ашық пайдаланымға қойды.
Дүниежүзі бойынша қашықтықтан оқытуға қатысушы студенттер санын санап шығу қиын, алайда, 24 мега университеттерінің болуы, миллион студентімен мақтана алу – бұл көрініс масштабтылығын көрсетеді.
Виртуальды білім беру процесінің технологиялық жағынан қарқынды өзгеруі күндізгі бөлім өзгешеліктерінің қарқынды өзгерісінен кем болмауы тиіс. ЖОО-ларға аудиторияда білімді бірлесіп жасай білетін харизматтық оқытушылар қажет. Оқытушылар рөлінің өзі фасилитириялық және коммуникациялық болып өзгерді. Оған барлық жағынан көшбасшы болу керек – оқыту барысында негізгі рөлді сол атқаратын болады. Осы әдістеме синергетикалық әсер алуға және білім берудің жеке формасын растауға мүмкіндік береді.
Студенттермен жұмыс істеудің жаңа түрі тез және икемді енгізілуі тиіс. Бұл жерде жоғары білім дамуын «қуып жететін» емес, алдын алатын қарқын талап етіледі. Таяу арада ерте білім алу жүйесімен өскен, ақпараттық технологияларды 4-5 жас кезінен меңгерген барынша білімді ұрпақпен жұмыс істеуге тура келеді. 
Білім фундаментализациясы
Білім фундаментализациясы білім алушылардың әдістемелік, теориялық және практикалық дайындықтарының бірлігін тереңдету мен қамтамасыз етуге негізделген. Фундаментализация білім мазмұнының ядросын қысқартуға, базистік компоненттерге оқытуға әкеледі, халықаралық негіздегі білім мазмұнын модульдік құру, ғылымның білімдегі рөлін арттыру.
Жоғары білім беру фундаментализациясы төмендегілер арқылы көрінеді:
жалпы гуманитарлық пәндер циклын жаратылыстану мен техникалық білімге енгізу және жалпы жаратылыс-ғылыми пәндерді гуманитарлық білімге адамдардың дүниетанымдық мәдениеті бастарының бірікпеуін жеңе білу мақсатында жүргізу;
барынша әмбебап және жалпылауыш білімі бар, қолданбалы зерттеулер мен әзірлемелердің негізі болып табылатын, адамдардың жалпы және кәсіби мәдениетін қалыптастыруға арналған базаны, жаңа мамандықтарға тез бейімделуге интегралды пәнаралық курстар құру;
Фундаментальді білім мен кәсіби оқу арасындағы сәйкессіздікті фундаментальді білімнің сөзсіз басымдығымен меңгеру.
білім беру интеллектуализациясы, білім мазмұнына ғылыми білім енгізу, білім беру жөнінде ғылымдар кешенін қалыптастыру, сондай-ақ интеллекті дамытуға бағытталған білім беру технологиялары арқылы көрінеді.
Білім беру технологиясы
Білім беру технологизациясы білім алушылардың қоғам мен өндірістің технологиялық мәдениетін, жаңа технологияларды пайдаланумен және жастарда технологиялық сауаттылық пен құзіреттілікті қалыптастыра отырып, оларды продуктивтік және қауіпсіз өзгертілген қызметтің субъектісі ретінде дамытуды білдіреді. Оқу мекемелерінде оқытудың ең жаңа технологиялары кең түрде пайдаланылады, оқытудың жобалық әдісі енгізіледі, мұғалімдер мен оқытушылардың технологиялық мәдениетінің деңгейі артуда.
Тек білімді адам ғана, өзінің қызметін технологиялармен немесе нарық талаптарымен байланыстыруға қабілетті болса ғана өзін әлеуметтік қорғалған санауына болады.
Озық және үздіксіз білім беруге бағдарлау
Озық және үздіксіз білім беруге бағдарлау ғылым мен білім деңгейін қоғамдық даму мен өндірістің даму деңгейінің қажеттілігіне,кез келген жастағы адамдардың бүкіл өмірінде үздіксіз өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі білімін көтеруіне негізделген. Бұл үшін білім беру сапасын арттыру бойынша тұрақты жұмыс, перспективалы мамандықтар бойынша мамандарды дайындау және қайта дайындау, үздіксіз білім беру жүйесін құру, білім алу нысанының әртүрлілігі талап етіледі.

Оқу мекемелерінің автономизациясы (тәуелсіздік, орталықтандыру, қаржыландыру көздерін диверсификациялау)


Жоғары білімді Басқару жүйесі орталықтандырылған елдерде жоғары білім айқындылығы ЖОО автономиясының өсуіне бағытталған жоғары білім беру жүйесіне ең аз үлеспен мемлекеттің қатысуы елдерде, оны басқару децентрализация тенденциялары болып табылады. Еуропалық университеттердегі қаржылық басқару реформаларының негізгі бағыттары келесі жолдармен айқындалуы мүмкін4:

өздік экономикалық қызметтің дамуымен және шаруашылық нәтижелеріне жауапкершілікті арттырумен байланысты, жоғары университеттік менеджменттің рөлі мен функциясын өзгерту;


ЖОО-ның қаржылық-экономикалық қызметін, стратегиялық және қаржылық жоспарлауға жауаптылардың фунциясын ұлғайту, жоо бюджетін құру және оның орындалуын бақылау;
қаржылық жоспарлауды орталықтандыру мен демократияландыруы аясында, факультеттер мен басқа да дәстүрлі университеттік бөлімшелер қызметін бюджеттеуге көшу, факультеттер басшылары мен университет мектептері, сосын кафедралар құқығы мен жауапкершілігін ұлғайту;
«университеттің шеті» аталатын, жоо-ның құрылымдық бөлімшелерін дамыту, шаруашылық есептеу, маркетинг және бюджеттеу негізінде кәсіпкерлік қызметке тұспалданған түрлі салаларда дамыту.
Білім жүйесі, ұрпақ тәрбиесі-баршаның ісі, әркімнің төл міндеті.

Бұл талап-міндет кеше де қымбат болған, бүгін де аса маңызды. Өйткені: болашақ бағбаны-жас ұрпақ тәрбиесіне ата-ана мектеп, қоғам мемлекет, Мұғалім жауапты. Тарих тағылымы, ұлт өнегесі осы. Осы тұста еске алар жайт: ұлттық рухтың мықты ақыл-парасаттың биік, тәлім-тәрбиенің терең, сана-сезімнің мөлдір болғаны абзал-ақ. «Ұлтының қамын ойламаған адамның қамын-ұлты да ойламас болар» (Р.Ғамзатов) деген даналық сөзде үлкен шындық, тағылым бар. Біздіңше, мұның білім беру жүйесіне, тәлім-тәрбие ісіне де қатысы бар. Ақиқатқа тура қарасақ, білім беру ісі прогрестің қозғаушы күші және рухани әлеуметі ретінде уақыт талабына сай жауап беруі, жас мамандардың өзгермелі жағдайларға бейімделе білу қабілетін қалыптастыруы секілді мәселелерді шешіп алмайынша, қоғам дамуының тұрақты болуы екіталай. Еліміздің ғылыми-техникалық қуаты едәуір қарқын алып, білім берудің ұлттық моделі құрылды, мемлекеттік «Білім» бағдарламасы, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы күшіне енді. Білім мен ғылымды дамытуға, орта және жоғары білім сапасымен қатар жастарды өз Отанына деген сүйіспеншілік сезіміне баулу, салт-дәстүрді санаға сіңіріп өсіру секілді маңызды мәселелерді қамтуға көңіл бөлу нәтижесінде кез келген ұлт пен ұлыстың әлемдік білім кеңістігінде өзіне тиесілі орнын иеленуіне мүмкіндік береді.


Мұғалім еңбегі басқа қызметтермен салыстырғанда, өзіндік ерекшелігі мол шығармашылықты сүйеді. Өйткені жеткіншек ұрпақты өмірге, еңбек пен әлеуметтік іс-әрекетіне дайындау- мұғалімдерді көп іздендіріп, ойландыратын жұмыстың ең басты түрі. Олай болса, әрбір мұғалім орта не жоғары дәрежелі педагогтық білім алумен қанағаттанып қоймай, ол тәрбие мен оқытудың тиімді жолдарын үнемі іздестіріп,өз жұмысында пайдаланып отыруы тиіс. Сонда ғана мұғалім кәсіби дамиды: ол жаңашыл, оқушыларға тәрбие мен білім берудің теориясы мен практикасындамытудың қозғаушы күші және асқан шебері бола алады.
Қазіргі заман мұғалімнің жаңа проблемаларды жүйелі түрде оқуын және зерттеуін талап етеді. Сондықтан, әрбір педагогтың оқу, білім беру, тәрбие және ұжымды басқару теорияларымен,шетел психологтары және педагогтарының тізденістерімен үнемі танысып, керектерімен қаруланып отыруы қажет.
Мұғалімнің кәсіби шеберлігін жетілдіруде екі жағдайды ескерген жөн. Олардың бірі-мұғалімнің жеке жоспарына сәйкес өз бетімен білім алу жолы, екіншісі- әр түрлі ұжымдық жолмен мамандықты көтеру. Ұжымдық формалары: әдістемелік және теориялық семинарлар; мұғалімнің білімін жетілдіру институты жанындағы қысқа мерзімді курстар. Мұғалімнің қандай да болса педагогикалық еңбекке жарамдылығын, деңгейін үнемі жаңартып, жетілдіріп отыруды қажет етеді
Бақылау және оқушылардың білім бағасы дидактикалық
сұраныс бойынша бірнеше функцияға бөлінеді:
Коррекциялы бақылау функциясы – кері байланысты ұйымдастырады «оқытушы-оқушының». Бақылаудың оқыту функциясы – тексеру процесінде оқушылардың білім деңгейі, материалды жаңғырту кезеңінде байқалады. Білім беру функциясы. Тексеру, бақылау, есепке алу оқытудың тығыз байланыстағы құрамдас бөліктері болып табылады, олардың мақсаты білім деңгейін анықтау, белгілеу ғана емес, білім алуға ықпал ету, қателіктерді түзету, бұдан әрі жылжуына жәрдемдесу.
Ынталандыру фунциясы білім беру фунциясының логикалық жалғасы мен

қосымшасы сияқты, бақылау оқушы әрекетінің шырқын бұзбай, керісінше, жаңа


мақсаттарға, оқу мен дамудың жоғары деңгейіне жетуде сенімділік ұялатуын
қамтамасыз етуі тиіс. Талдау-коррекциялау функциясы мұғалімнің педагогикалық
рефлексиясымен, өзін-өзі талдау, жоспарлауды жетілдіру және оқытуды
ұйымдастыруымен байланысты. Тәрбиелеуші және дамытушы функция өзін-өзі
баламалы бағалауды, жауапкершілікті, ұмтылысты, шығармашылық қатынасты,
өзін-өзі ерікті бағыттауды, өз қабілеттерін дамытуға деген ұмтылысты, білім алу
кезінде кеткен кемшіліктерді уақытылы анықтау және мінез-құлықтың басқа да
әлеуметтік құнды қабілеттері мен қасиеттерін қалыптастырумен байланысты.
Бақылаушы функция жетістік деңгейін белгілеуді, оның нормалар мен
стандарттарға сәйкестігін, сондай-ақ
даму және білімді игеруде жоғары
деңгейге жетуді қамтамасыз етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет