Жоғары мектепте оқыту технологиялары


Жоғары мектептегі оқу құралдары, олардың жіктелуі



бет2/17
Дата15.11.2023
өлшемі292,27 Kb.
#123118
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Жоғары мектепте оқыту технологиялары-emirsaba.org

Жоғары мектептегі оқу құралдары, олардың жіктелуі
Оқыту құралдары: кейінгі жылдары педагогикалық әдебеттерде «көрнекі оқу құралдары» терминінің орнына «оқыту құралдары» термині қолданылып жүр. Себебі «көрнекі оқу құралдары» деген түсінік оқу процесіндегі құралдардың барлық тізбесін анықтай алмайды, ал көрнекілік болса олардың жалғыз ғана қасиеті емес. Олардың көрнекіліктен де бөлек эргономикалық, дидактикалық бағыттарын т.с.с. айтуға болады. Былайша айтқанда олардың мүмкіндіктері өсіп, көрнекілік аясы өрістеп отыр. Сонымен оқыту құралдарына мұғалімнің (өндірістік оқыту шеберінің) сабақ барысында информация беруін, оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруын сабақ барысында тексеру жұмыстарын жүргізе алатын оқу жабдықтарын жатқызамыз. Қолданылып жұрген оқыту құралдарының информация беру мүмкіндігі бойынша бір-бірінен айырмашылықтары бар. Оларды төмендегідей топтарға бөлуге болады.
Баспасөз әдісімен жасалған - оқулықтар, анықтамалар, есептер мен жаттығулар жинағы, нұсқаулар, нұсқау технологиялық картталар плакаттар карточкалар, оқыту программалары.
Экранды құралдар – диапоизтивтер дияфильмдер транспоранттар кинофильмдер бейнежазбалар, телехабарлар.
Дыбысты құралдар – грамжазбалар радиохабарлар магнит лентадағы жазбалар.
Көлемді құралдар – нақты обьектілер модельдер макеттар, муляждар және тенажерлар.
Кебір жағдайда экранды оқыту құралдарын дыбыстылар қатарына да жатқызуға болады ( дыбысты кинофильм не телехабар, дыбысталған дияфильм)
Оқыту құралдарының негізгі қолданылған мақсаты әрине, оқушылардың сабақтағы іс-әрекетін ұйымдастыру, себебі сабақ барысында ғана оның дұрыс ұйымдастырылуына байланысты керекті білімділікті шеберлікті, дағдыны қалыптастыруға болады. Мұғалімнің (өндірістік оқыту шеберінің) әрбір оқыту құралының дидактикалық мүмкіндіктерін білуіне байланысты оқу процесінің маңызы да арта түспек. Шынында да кез келген оқыту құралының дидактикалық мүмкіндігі оның оқу тәрбие жұмысындағы рөлін анықтайды.
Оқушылардың іс-әрекетін басқара отырып мұғалім сабақты түсіндіруді олардың өздігінше жұмыс ұйымдастыруды ұғыну үрдісін тексеруді қолға алады. Мұндай жағдайда оқыту құралдары үлкен көмекші.
Сабақты түсіндіру барысында оқушылардың танмдық іс-әрекеттерін бақылап отыру қиын, дегенмен оны әртүрлі тапсырмалардың көмегімен шешуге болады. Мұғалім оқушылардың іс-әрекетін олардың тапсырманы орындау барысында бақылап отырады. Жіберілген қателіктер тез арада түзетіледі, ал мұғалім болса өз жұмысына да оқушылар іс-әрекетіне де түзету еңгізе алады. Бұл жағдайда оқыту құралының маңызы зор.
Өндірістік оқу сабақтарында оқушыларға кәсіптік және жалпы еңбектік шеберлікті, дағдыны қалаптастыру үшін түрлі жаттығулар жасауына тура келеді. Олардың қатарына нақты обьектілер модельдер және де көмекші оқыту құралдары жатады. Мұндағы негізгі мақсат – оқу процесін өндіріске жақындату.
Кейінгі кезде теориялық сабақтар оқушылардың өздігінше жұмысын ұйымдастыру нығайту мәселесі байқалап келеді.
Оқушылардың өздігінше жұмыс жасауы жекелей немесе тобымен жүргізілуі мүмкін, сондықтан да сабақ барысында оқыту құралдарының маңызы да арта түспек. Мұндай жағдайда оқушылар өздерінің оқу барысындағы іс- әрекетін бақылап, қателік жіберсе түзету ееңгізе алады. Әр оқытушының қабілетіне байланысты білетін тапсырмалардың да мүмкіншілігін дұрыс ұйымдастырған жөн. Былайша айтқанда оқушылардың өздігінше жұмысын ұйымдастыруда оқыту құралдарының көмегі аса үлкен орын алады. Мысалы, карточкалар, темттер, оқулықтар, есептер мен жаттығулар жинағы, оқыту программалары.
Оқыту құралдарын жасау қолданудағы негізгі мақсат оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру дедік. Сондықтан да оларды осы мақсатта пайдалану барысында басқаша да топтастыруға болады. Олар үш топқа бөлінеді.
Сабақ түсіндіру барысында ақпарат беру;
Оқушылардың өзідік жұмысын ұйымдастыру;
Сабақ барысын тексеру және басқару;
Оқу-іс-әркетіндегі пайдаланылатын формасына байланысты оқыту құралдарын басқа да топтарға бөлуге болады:
Оқушылардың фронтальды жұмысын ұйымдастыру;
Оқушылардың топтық жұмысын ұйымдастыру;
Оқушылардың жекелей жұмысын ұйымдастыру;
Мұндай топтастырудың тек шартты түрде екенін айта кеткеніміз жөн, себебі кейбір оқыту құралдары оқу-іс-әрекетінің әр түрлі формасында да пайдаланылуы мүмкін.
Кәсіптік мектеп ұрдісіндегі оқыту құралдары

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет