Жоғары мектепте оқыту технологиялары


Педагогикалық тестілеу және оған қойылатын талаптар



бет13/16
Дата10.03.2022
өлшемі103,47 Kb.
#27504
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
камила сессия

Педагогикалық тестілеу және оған қойылатын талаптар

«Тест» сөзінің ағылшын тілінен аудармасы «мәселе», «сынақ» мәнін аңдатады. Тестілеу - педагогикалық үдерістердің зерттеуге алынған құбылыстарын шынайы өлшестіруге мүмкіндік беретін, қатал бақылаулы жағдайларда өткізілетін баршаға теңдей мақсат бағдарлы сынақ түрі. Зерттеудің басқа түрлерінен тестілеудің ерекшелігі - оның дәлділгі мен қарапайымдылығында, қолайлы болуы мен автоматты өткізу мүмкіндіктерінде.

Тестілеу әдісінің жаңалықтылығы шамалы, алайда соңғы кездерге дейін кеңестік педагогикада кем колданымда болған зерттеу жолы. Өткен ғасырдын 80-90 жылдары зерттеушілер адамдарға тән жеке айырмашылықтарды ғылыми тануға бет бұрды. Бұл сынама эксперимент атанған, тест жәрдемімен зерттеу жұмыстарына жол ашты. (А. Дальтон, А. Кеттель және басқалар). Тест қолдану негізін Б. Андри, А. Бине қалаған психометриялық әдістің дамуына ықпал жасады. Мектеп жетістіктерін, балалардың ақыл-ес дамуы мен басқа да сапаларының қалыптасуын тест арқылы зерттеу ауқымды оқу-үйретім, тәрбие жұмыстарының ажырамас бірлігіне айналды. Өз талдау құралын ұсынған психология енді педагогикамен тығыз байланысқа түсті (кейде педагогикалық тестілеуді психологиялық тестілеуден ажырату мүмкін емес).

Тестілеудің таза педагогикалық түрі ретінде қолданылып жүрген үлгерім тестерін атауға болады. Олар: а) қарапайым ептілік - оқу, жазу, төрт амал есептері тестері; б) сауат деңгейін нақтамалау - білім игеру дәрежесін анықтау, барша пәндер бойынша ептіліктер сипатын байқау тестері. Әдетте, зерттеу әдістері қатарында тестілеу ағымдағы үлгерімді, сауаттылық деңгейін, пән материалын меңгеру сапасын тексеру жұмыстарымен бірге алып барылады. Ал корытынды тест өз ішіне ауқымдылау сұрақтар тобын қамтып, пән бағдарламасының ірі бөлімдерін өтіп болғаннан соң ұсынылады. Мұндайда екі тест түрі қолданым табады: шапшаңдық және қуаттылық. Шапшаңдық тестерібойынша шәкіртің, әдетте,барша сұрақтарға жауап беру үшін уақыт жетіспейді, ал қуаттылық тестері бойынша нәтижеге жету әркімнің де қолынан келеді.

Алайда тестердің көпшілігі осы шектеулі тестердің аралығында келеді. Бұл тестерден өзгеше тест текті тапсырмалар ағымдағы бақылауға арналып, шамалы сандағы (көп болса, 10-15) сұрақтардан құралады.

Күнделікті сабақ жұмыстары барысында тест тапсырмаларының әрқилы түрлері қолданымға түсіп жатады. Мысалы - үлгі ретінде теориялық педагогикадан берілген келесі тестерге дұрыс жауап беріп көріңіз.

1. Жауап таңдауға арналған тест тапсырмалары.

Үлгі: Педагогикалық тестілеуді психологиялық тестілеуден ажыратуға бола ма? Жауаптары: 1) ия, 2) жоқ, 3) білмеймін.

2. Жауап таңдауы күрделенген тест тапсырмалары.

Үлгі: Үлгерім нактамасы үшін қандай тестер қолданылады? 1) зерделік, 2) нақтамалық, 3) сауаттылық, 4) топтамалық, 5) талдамалық.

Тест тапсырмаларын ұйымдастырудың басқа да көптеген түрлері баршылық, мысалы, а) сәйкестік анықтау, б) бірізділік құру в) қандай да бір нысанды тапсырыс белгілері бойынша іріктеу.

Анкеталау - «анкета» аталынған арнайы түзілген сауалнама жәрдемі мен жаппай дерек жинақтау әдісі. Анкета пайдаланудағы ниет адамдардын қойылған сұрактарға ашық жауап беретініне сенімінің болуы. Алайда, зерттеулер көрсеткендей, бұл әдіс тиімділігі күтілген сенімді анықтауы жартылай, осыдан анкеталау әдісінің қолданым өрісі тарылып, одан түскен нәтижелер шынайлылығына деген сенім ойдағыдай болмауда.

Анкеталаудың педагогтар үшін тартымдылығы: шәкірттермен (мұғалімдермен, ата-аналармен) жүргізлетін жаппай сауалнаманын жылдам әрі жеңіл өткізілетіндігінде, әрі одан алынған деректердің автоматты өңдеуге қолайлылығында.

 Модульдік-рейтингтік бақылау.



Рейтинг – білім мен біліктіліктің, оқушының жеке басындағы
сапалығының жиынтығы.
Ұпайлар саны жинақтала бергенде қорытынды бағаның көтерілуіне
мүмкіндік беріледі.Оқушының әртүрлілігі жұмыстарын саралап өткізу(тыңдап
түсіну, жазу, сөйлеу, оқу), оны рейтинг арқылы бағалау оқушының не жақсы не
нашар қабылдағанын бірден аңғарады. Мұғалім рейтингілік жүйе арқылы сынып
оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін, интелектілік деңгейін білуге
болады.
Мұғалім сабақта оқушылардың білімін тест арқылы тексереді.
Инновация терминін 1960жылы шыққан педагогикалық сөздіктерден
табылмады. Себебі, бұл соңғы жылдары енгізілген ұғым. Білім саласында үнемі
ізденіс және білім мазмұнын өмір талабына сай жаңарту, оқытудың тиімді
әдістерін жасау деген мағынаны білдіреді.Тест – ағылшын сөзі (test)
аударғанда байқау, бақылау,зерттеу деген мағынаны білдіреді.Педагогика
тарихында тест пайдалану 130жылдан артық уақытты қамтиды. Ең алдымен
педагогикалық тесті 1964жылы Джодж Филлер қарастырып, оны Гринвич
госпитателіндегі мектепте пайдаланған. Кейбір мамандар білімді тест түрінде
тексеруде американ психолог-педагогы С.Пресси мен оның қызметкерлері
шығарған деп есептеді.С.Пресси оқу жылында оқушының білімін тексеріге мың
сағаттан астам уақыт қажеттігін есептеген. Сондықтан ол алдында оқушы
білімін бағалауға жіберілетін уақытты қысқартуды мақсат етіп қойды. Бұл
мәселені шешуде тест тапсырмалары бар бағдарламамен жұмыс істейтін
қарапайым технологиялық құрылымдар шығаруға болады.
Содан бері мектептегі үлгерімді тест бойынша тексеру Америка штаты,
Франция, Англия, Жапония, Дания, Канада, Австралия, Израиль және тағы да
басқа елдерде кеңінен тарай бастады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне қарасты білім
беру жүйесінің басты және ғылыми-педагогикалықкадрлары біліктілігін
арттыратын республикалық институт негізінде білім беру мен тестлеудің
мемлекеттік стандарттарының Ұлттық орталығымен бірлесе отырып, Орта оқу
мекемелеріндегі оқушылар білімін тестлеудің қорытындысы және оны
жетілдіру тақырыбы бойынша облыстық, қалалық білім беру басқармаларының
жауапты қызметкерлері мен әдіскерлері қатысқан республикалық семинар болды.
Семинарда білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының Ұлттық
орталығының басшылары мен талапкерлерге берілген тест сұрақтарына талдау
жасады.
Осы семинарда барлық пәндер бойынша тест сұрақтарын жасаған
авторлармен кездесу өткізілді.Тексеру жүйесі белгілі мақсатқа жету үшін
жоғарыда аталған түрдің барлығын қолдануды қажет етеді.
Мысалы, алдын ала тексерудің мақсаты жаңа материалды игеруге
қажетті білім, білік, дағды деңгейін анықтау.Мұндай тексерудің нәтижесінде
мұғалім оқушылардың біліміндегі олқылықтарды дер кезінде байқап, анықтап,
қосымша сабақ,кеңес ұйымдастыра алады. Алдын ала тексеруге арналған
сұрақтар мектеп бағдарламасына сәйкес құрылады.
Оқушылардың білімі мен білігін тексерудің түрлі формаларының ішінде
соңғы кезде басты орынды тест бойынша тексеру алып жүр. Оқыту саласында
тест қолдану білімді тексеру әдісін жетілдіруге қосылып отырған үлкен үлес
болып есептелед

Соңғы жылдары жоғарғы оқу орнында білім деңгейін бақылауды тест


арқылы жүргізу қалыптасты.Мұны бірнеше объективті себептермен түсіндіруге
болады.Білім деңгейін бақылаудың тестік түрін енгізуге түрткі болған себеп
-қоғамның ақпараттануы, телекоммуникацияның жаңа жабдықтарының
өндірілуі.Әлемдік білім кеңістігіне интеграциялау,шетелдердің білім
жүйесіне өтуі соңғы жылдары білім сатысының бағалануында беделді орында
екенін көрсетеді. Педагогикалық-психологиялық әдебиеттер сараптамасы
көрсеткендей, тестілеудің әдеттегі білімді бақылау әдісінен үлкен
айырмашылығы болды, олардың мәні мынада:
— әдеттегі әдістердібақылаудан жоғары деңгейде болатындығы;
— тест көмегімен алынған бағаның дифференциялды екендігі;
— тиімді, тестілеу кезінде ауқымды көлемдегі материалдарды
қамтитындығы;
— оқытушылардың уақытты үнемдеуі.
Тестілеу шет мемлекеттердебұрыннан қолданылып келеді.Бұл ортада
жиналған теориялық және тәжірибелік жұмыстар А.Анастези (шетелдік аға
тестолог), В.С.Аванесова (советтік тестолог классигі), В.И.Михеева
(педагогикада өлшеу теориясы мен әдістерінқұрастырушы) еңбектерінде
көрсетілген.Біздің елімізде осы тақырыпқа көптеген жұмыстар жазылған,
оларда авторларәртүрлі тестілеу аспектілерін қарастырған. Г.Муканов
жұмыстары білімді бағалаудың тестілеу әдісінің эксперименттік жүйесінің
ғылыми негіздерін жасау мәселесіне арналған, яғни бақылау-бағалау қызметі
сұрақтарын қарастырған. С.Абдыманаповтың жұмыстарында тестілеу оқу
үрдісінде білімді бағалау блокты-рейтингті жүйе түрінде қарастырылған.
Т.Балықбаев жұмыстары тестік бақылауды ұйымдастыруда қазіргі
телекммуникация жабдықтарын қолдануға арналған немесе ақпараттар субъектері арасында алмасу байланысты болса, бақылау тесттері өзінің негізгі функциясынан басқа оқыту функциясын жүргізе
алады.Оқытудың кредиттітехнологияжүйесіне ауысу жағдайында — бұл оқу
үрдісін ұйымдастырудың жаңа түрі, Қазақстанда алғашқы тәжірибе
Ж.Ә.Күлекеев атап өткендей, кредиттік жүйені қолдана отырып, оқу үрдісін
ұйымдастырудың негізгі мақсаты – оқушының өз бетімен дайындалуын арттырады.
ә) Қазақстандағы мектептерде рейтинг-тест жүйесі орын алғалы
бірнеше жыл болғанымен, гуманитарлық пәндер бойынша қолдану жақын арада
ғана қолға алына бастады.
Рейтинг – білім мен біліктіліктің, оқушының жеке басындағы
сапалығының жиынтығы.
Рейтингтік жүйеде сабақта орындаған әрбір тапсырмаларын ұпай арқылы
бағалап отыру көзделеді.Бұл жүйе арқылы оқушының әр пән бойынша даму
деңгейі мен бейім қабілетін ертерек байқауға мүмкіндік жасалады.
Рейтинг жүйесінің артықшылықтары төмендегідей.
Оқушы қызметінде:
1)оқушының жеке тұлға ретінде өз бетінше дамуы мен тәрбиесіне ықпал
етеді;
2)пәндерді оқытуда ізгілендіру ұстанымына жәрдемдеседі;
3)оқу жұмысында мұғалім мен оқушының ынтымақтастығын қалыптастырады;
4)рейтингтік бақылау қызметі тәрбиелеуші, дамытушы, бақылаушы және
басқарушы рөлін де атқара алады;
5)рейтингтік жүйе оқушылардың танымдық іс-әрекетіне тікелей саналы
түрде әсер етуге мүмкіндік туғызады. Шәкірттің ақыл-ой әрекетінің
сипаттамаларын, тапсырманы орындау тездігі, түсіну терендігі , т.б.
көрсететін жүйелі байланыс сапасы артады;
6)жұмыс нәтижесі мен өз мінез құлқын дұрыс бақылап-бағалау дағдысын
қалыптастырады;
7)ырықты зейінін тәрбиелеп, жетілдіруге ықпал етеді.
Ұстаз қызметінде:
1)оқушының оқуындағы кемшіліктерді анықтап, түзетудің әдістері мен
тәсілдерін алдын ала белгілі бір жүйеге келтіру мүмкіндігі бар;
2)бақылау үлгілерін, бағалаудың қалыпты критерийін жасау ;
3)оқу қызметін тиімді ұйымдастыру мен оған түзету жасау тәлілдерін
меңгерту;
4)оқушының білім деңгейін бағалау мен анықтауда компьютермен жұмыс
істеу дағдысын меңгеруі;
5)сыныптағы әр оқушы үшін жаңа көңіл күй ахуалын қамтамасыз етуді
жоғары деңгейде ұйымдастыру, т.б. педагогикалық қызметтің орнығуына жағдай
жасау .
Рейтингтік жүйе әрбір оқушының дара қабілеттерін және
мүмкіндіктерін нақты анықтап береді.Жыл бойында баға алмай қалған немесе
қай тақырыптарға көңілді көбірек бөлу керек екендігін нақтылап көрсетіп
тұратын білім таблосы іспеттес кесте. Білім берудің мемлекеттік стандарт
талаптарына сәйкес оқыту нәтижелеріне қорытынды шығарғанда оқушы мен
оқушының іс-әрекетінде рейтингтік бағаны пайдалану орынды.
Рейтинг көрсеткіші бағаланатын нысанның топтағы басқа осындай
нысандарға қатысты реттік орнын сипаттайды.
Оқушының рейтингі оған қойылған барлық бағалардың жиынына тең
шаманы көрсетеді. Оқытушының рейтингі оның қойған барлық бағаларының
жиынына тең шаманы айтады.
Оқушылардың үлгерім деңгейіне қойылатын бағасы рейтинг әдісімен
өлшенгенде, мыналар ескеріледі:
— оқушылардың білімі мен білігі;
— орындалған жұмыстың көлемі мен саны;
— тексерілген жұмыстың маңыздылығы;
— тексерілген жұмыстың күрделілігі;
— босатылған сабақтардың саны;
— сыныптағы және мектептегі тәрбиелік жұмыстарға қатысуы;
— олимпиядаға қатысуы.
Рейтингтік жүйенің ең басты ерекшелігі – шәкірттің сыныптағы сабақ
кезеңдері, үйдегі іс-әрекетін толығымен қамтып, бүтін сандармен
өрнектелетін балдар ретінде қойылып отырады. Олар оқу үрдісінің өн бойында
жинақталып, тоқсандық, жылдық, тіпті, сатылы оқу үлгерімнің нәтижесін
көрсете алады.
Рейтинг жүйесінде оқушының оқу әрекетінің барлық түрлері
бағаланады. Бұнда оқу үрділіндегі және онан тыс оқу әрекетінің жинақтаған
нәтижелері оқушының білім деңгейін сипаттайды.
Академик В.Беспалько оқушылардың білімді қабылдаудың кешенді
құрылымын ұсынды:
I деңгей: репродуктивті білімге сәйкес көмек беру арқылы есте
сақтау(50-60% не 510-612 балл);
II деңгей: алгоритмдік деңгей (61-75% не 613-765 балл).Бұл
бағдарламадағы базалық білімге сәйкес;
III деңгей: эвристикалық деңгей (75-85% не 766-887 балл).Оқушылар
материалды саналы түрде меңгереді, өз бетімен белсенділік көрсетеді.
IV деңгей: шығармашылық деңгей 86-100% не 88-1020 балл. Бұл
деңгейде өз бетімен оқу материалын меңгерген оқушы шығармашылықпен жұмыс
жасайды.
Рейтингтік жүйе оқушылардың танымдық іс-әрекетіне тікелей саналы
түрде әсер етуге мүмкіндік тудырады.
Аталған жүйе оқушылардың оқу сапасын , білімді игеру дәрежесін
барынша толыққанды көрсетеді. Рейтингтік жүйе оқушының тапсырманы өз
бетінше орындауына мүмкіндік жасайды және осыны талап етеді.
Рейтингтің арқасында ұстаз бен шәкірттің арасында оқушының ақыл ой
әрекетінің басқа да сипаттамалары, атап айтсақ, орындау тездігі,
түсінігінің терендігі арқылы оқу мотивін арттырып көрсететін кері байланыс үзілмейді. Рейтинг нәтижелері талқыланып отырады, соның негізінде оқушылардың оқу барысы жайлы алдын ала болжам жасауына болады, ол қағаз бетіне түсіп отыру керек. Бұрынғы жүйеде үш алса, әйтеуір екі алмадым деп қуанатын, ал рейтинг жүйесі енгеннен бастап жағдай мүлдем өзгереді. Оқушы әр пәнге мұқият дайындалып, дәрістерді дер кезінде толықтырып, өз бетінше жұмыс істейтін болады. Рейтинг жүйесін іске асыру мақсатымен семестр алдында әр пән бойынша негізгі тақырыптарды белгілеп алып, олардың мазмұнын оқушының
қаншалықты терең меңгергендігін тексеруге бағытталған тест сұрақтары жасалып, түрлі тапсырмалар әзірлейміз. Мысалы, жинақталған жұмыстарды үш кезеңге бөліп алып, әрқайсысының өткізілетін уақытын алдын ала белгілейміз.Тұрақтылық және жүйелілік – оқытудың барлық кезеңдерінде
мерзімділік пен үздіксіздіктің сақталуымен байланысты болады. Объективтілік және валидтілік бақылау жүйесінің негізгі сипаттамасы болып табылады, олар арқылы бақылау кезінде алынған ақпараттың
растығы дәлелденеді және сапалық кепілдік беріледі. Бақылау үрдісінде терминдерді, қағидаларды және түсініктерді, тұжырымның мәнін, ғылыми білімділікті және жаңалық ашуды түсіну және меңгеру
бойынша тексерулер, сонымен қатар, машықтандыру 95 тәжірибесін игеру, жалпы және арнайы жұмыстарды қабылдау, жеке және ұжым құрамын қызметінің іс - әрекетін жоспарлау және ұйымдастыру
жүзеге асырылады. Сонымен, үшбірлікті оқыту жүзеге асырылады:білім беру, дамыту және тәрбиелеу.
Бақылаудың дифференциациясы оқушылардың оқу материалын меңгеру және қабылдаулары кезіндегі қабілеттіліктерінің айырмасын есепке алудың қажеттілігін ескертеді. Дифференциялық тәсіл көп
деңгейлі бақылауды және әрбір деңгей үшін оқытудың нәтижесін бағалау өлшемінің әзірлемесін жасау жолымен жүзеге асады. Оқушыларға бірдей тапсырмалар беріліп, оларды орындау кезіндегі
оқытушының көрсеткен көмегінің дәрежесі әртүрлі болуы гуманистердің дифференциялық бақылауға деген көзқарасының бірі болып табылады.

Оқушылардың білімсіздіктен білімділікке қарай жылжып отыруын үздіксіз бақылаудың нәтижелері, олардың әрбірінің даму 96серпінін бағалау, тұрақты түрде бақылаулық іс-шараларды өткізу, нәтижелерді бағалаудың жүйесін әзірлеу және осы туралы оқушыларға мәліметтер беріп, таныстыру, бақылаудың нәтижелері бойынша ақпараттар жинақтау және осы деректерді талдау, жалпы оқыту мақсаттарын есепке ала отырып, әртүрлі бақылау әдістерін пайдалану – информатика пәнінің кейінгі кезеңдеріндегі дамуының ең маңызды міндеті болып табылады. Оқытудың әртүрлі кезеңдеріндегі тапсырмалардың, міндеттердің, жобалардың, бақылаулық және жобалық жұмыстардың, тестердің жүйелері, жасалған оқу-әдістемелік базасының тәжірибесіне тәуелді бола отырып, негіздеме үшін алынып, оқытушының (әдістемешінің)


бақылау моделіне «кіргізілуі» мүмкін.

Қорытынды бақылаудың негізгі нысандары Қорытынды бақылау информатика пәнінің негізгі курсына оқытудың нәтижелерін бағалауға мүмкіндік береді және оқушылардың білімдері мен іскерліктеріне түзету енгізуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде қорытынды бақылаудың әртүрлі нысандары мен әдістері жүзеге асырылады, оған ауызша емтиханды, жазбаша аттестациялау жұмыстарын, тестілеуді, жобалар немесе рефераттарды қорғау нысандары түріндегі аттестациялауды жатқызуға болады. Жазбаша


емтихан оқушылардың қорытынды аттестация- лауының дәстүрлі нысаны болып табылады. Әртүрлі сыныптардың билеттері тапсырмалардың дәрежесі мен көлемі бойынша әртүрлі болып келеді. 9 - сыныптар үшін- бір ауызша сұрақ және тәжірибелік жұмыс 11 сыныптар үшін - екі ауызша сұрақ және бір тәжірибелік жұмыс.

Жазбаша аттестациялау жұмысы көптеген таңдауы бар жабық түрдегі тестік тапсырмалардан, теориялық негіздер бойынша сұрақтардан, машықтану тапсырмалары мен есептерінен тұрады. Тестілеуге бақылау жұмысы жатады және үш бөлімнен тұрады: балама жауаптары бар жабық түрдегі тестілеу, ашық түрдегі тестілеу тапсырмалар, олар толықтыруды және тиісті түрде қалпына келтіруді талап етеді, тестілеу стиліндегі машықтану тапсырмалары. Жобалар мен рефераттарды қорғау түріндегі аттестациялау бойынша


осы жұмыстар алдын ала дайындалып, ұсынылады Ауызша емтихан Ауызша сұрақтарды құрастыру келесі түрде жүзеге асырылады: Біріншіден, негіздемені, пайымдауды, талдауды талап ететін теориялық сұрақтар қойлады. Екінші сұрақ – теориялықтәжірибелік, оған оқушы компьютерді пайдалану арқылы жауап
береді. Машықтану тапсырмасы бағдарламалық құралдармен жұмыс істеу дағдыларын, іс-әрекеттердің негізгі тәсілдерін (немесе тиімді) тексеруге, берілген тапсырманы орындау кезіндегі алған білімді
пайдалана білуге бағытталады. Оқушылар нақтылы мысалдар арқылы бағдарламалық құралдардың мүмкіндіктерін көрсете алады деп ойлаймыз.

Жазбаша аттестациялау жұмысы


Жазбаша аттестациялау жұмысын ұйымдастыру кезінде жоқ дегенде екі тапсырмалық топтама дайындалуы керек. Терминологиялық меңгерулерін тексеру кезінде тестілеу тапсырмалары пайдаланылады. Алған білімдерінің тереңдігін бақылау үшін сауал-мәселелер қойылуы мүмкін, олар түсініктеме беруді, пайымдауды және негіздемені талап етеді. Іскерліктері мен дағдыларын тексеру үшін дәстүрлі машықтандырудың міндеттері мен тапсырмалары қойылады. Жазбаша аттестациялау жұмысын ұйымдастыру үшін логикалық-талдаулық міндеттемелерінің жиынтығы және машықтану тапсырмаларын пайдалануға болады. Жазбаша аттестациялау жұмыстарының кемшіліктеріне оқытудың мазмұнын кең көлемде тексеруге мүмкіндіктің жоқтығын, жұмысты орындаудың жылдамдығының жалпы пәндік іскерлік пен дағдыларға тәуелділігін, жұмысты тексеруге салыстырмалы түрде алғанда өте көп уақыттың жұмсалуын жатқызуға болады. Пайдалы жағын алатын болсақ, жұмысты орындауға аз мөлшерде уақыт
жұмсалады, емтихан жеңіл жағдайда өткізіледі, қойылған бағаны негіздеу мүмкіндігі болғандықтан, бағалау объективті түрде жүргізіледі.

Оқушылардың емтиханға дайындықтарын бірнеше кезеңге бөлуге болады:

Бірінші кезең – оқушылардың емтиханның алдын ала дайындалу үшін қажетті сұрақтарымен кем дегенде емтиханға дейін 2 - 3 ай бұрын танысулары керек. Емтихан сұрақтарымен оқушыларды өздері
қиналатын тақырыптарды қайталау үшін жылдың басында да таныстыруға болады. Бұндай жағдай сирек кездеседі. Мысалы, оқытушының ауысуы, баланың басқа мектепке ауысуы, мекенжайдың өзгеруі және басқа объективтік жағдайлар информатика пәні бойынша толық білім ала алмауына септігін тигізеді.
Екінші кезең – оқытушының қайталауды аяқтауды ұйымдастыру үшін оқушының жалпы алған білімінің көрінісін анықтау. Информатиканың негізгі тарауларын жылдың аяғында оқушының білімін тексеріп,
кемшіліктерін тауып, түзету үшін қайталауға 4-8 сағат бөлуі қажет. Осы кезеңде информатиканың негізгі тараулары бойынша тесттер пайдаланылуы мүмкін немесе әрбір тараудан кейін немесе бірнеше тарау
Үшінші кезеңді мынадай жағдайда ұйымдастыруға болады. Стендке сұрақтарды және оқытушының түсініктемелері жазылған машықтану тапсырмаларын, емтиханға қалай дайындалу жөніндегі қысқаша
нұсқаулар, оқулықтардың тізімін іліп қою керек және соңында информатиканың тестілеу кезінде айқындалған күрделі тараулары бойынша бірді - екілі кеңестер беру керек. Кеңестер беру кезінде
нақтылы емтихан сұрақтарының жауаптары бойынша мысалдар келтіріп отыру керек. Оқытушы өз көзқарасы бойынша 99 қандай да бір топқа қатысты күрделі сұрақтарға байланысты түсініктеме беруі
керек. Берілген сұрақтардан әрқайсысында үш сұрақтан құрастырылады:
Бірінші сұрақ – теориялық - машықтану (теориялар, тұжырымдар, қағидалар, қасиеттері, сыныптылығы), информатиканың теориялық негіздері, компьютер жұмысының қағидалары, ақпараттық үрдістердің
мағыналары, ақпараттық технологиялар (АТ) бойынша және т.б. білімін тексеруге арналған;
Екінші сұрақ – теориялық - машықтану (ақпараттық және қарымқатынастық технологиялар және алгоритмдеу), компьютердің мүмкіндіктерін және ақпараттық технологияларды түсінуді, бағдарлама
құралдарында суреттемені мысалға келтіре отырып, ауызша жауап беруін тексеруге арналған;
Үшінші – машықтану тапсырмасы, оны оқушы компьютер арқылы жұмыс істеу әдістерін көрсете білуі керек, алгоритмдер мен бағдарламалардаұсынылған ақпараттық үрдістердің мағынасын қалай түсінетіндігін, яғни информатиканың құралдары мен тәсілдерін, тиімді әдістерін пайдалана отырып, ақпараттық есепті шешуі керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет