Жоғары мектепте оқыту технологиялары


Бақылаудың негізгі түрлері



бет12/16
Дата10.03.2022
өлшемі103,47 Kb.
#27504
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
камила сессия

Бақылаудың негізгі түрлері

Қазіргі бақылау жүйесінде білімді тексеріп бағалаудың (диагностикалаудың) алуан түрі қолданылады. Уақытша фактор бойынша бақылаудың келесі түрлерін бөліп қарауға болады: алдын ала (кіріспе,


қорытынды, алдын ала), ағымдық, кезеңдік (тақырыптық, сатылы, аралық) және қорытынды (емтихандық). Алдын ала бақылау оқу басында оқушылардың білімдерін, ептіліктері мен дағдыларын, сондай-ақ даму деңгейін анықтауға арналған бақылау. Көбінесе оқу басында немесе жаңа тақырыпты (бөлімді) оқыту алдында қолданылады. Сыныпқа жаңадан келген оқушыларға да қатысты пайдаланылады. Қорытынды бақылау оқытудың соңғы нәтижелерін анықтауға, бұдан әрі оқуды қамтамасыз ететін даярлықтың қажетті
көлемін белгілеуге арналған. Курстың немесе белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан, жартыжылдық, семестр, оқу мерзімінің соңы) аяқталған кезде өткізіледі. Оның түрлері – сынақтар, рефераттарды, курстық және дипломдық жұмыстарды қорғау, ауыспалы немесе бітіру емтихандары.
Үздіксіз бақылау моделі

Бақылау жүйесін ұйымдастыру кезінде толықтық және жанжақтылық, тұрақтылық және жүйелілік, объективтілік және валидтілік есепке алынады. Бақылау оқу үрдісін құрастырушыларының бірі болып


табылатындықтан, ол оның негізгі атқаратын қызметтерін, мысалы, білім беру, тәрбиелеу және дамыту жақтарын ашып көрсетуі керек. Осы талаптарға дифференциялық тәсілді, функциялық өзін-өзі
бақылаудың дамуын және пайдаланылуын қосуға болады. Толықтық пен жан-жақтылықпен – оқу бағдарламасына енгізілген дайындық деңгейінің талаптарын есепке ала отырып, барлық тараулар мен
тақырыптар бойынша өздік және бақылау жұмыстарын, тексеру кешендерін жасау
қамтамасыз етіледі.
Тұрақтылық және жүйелілік – оқытудың барлық кезеңдерінде мерзімділік пен үздіксіздіктің сақталуымен байланысты болады. Объективтілік және валидтілік бақылау жүйесінің негізгі сипаттамасы болып табылады, олар арқылы бақылау кезінде алынған ақпараттың растығы дәлелденеді және сапалық кепілдік беріледі. Бақылау үрдісінде терминдерді, қағидаларды және түсініктерді, тұжырымның мәнін, ғылыми білімділікті және жаңалық ашуды түсіну және меңгеру бойынша тексерулер, сонымен қатар, машықтандыру 95 тәжірибесін игеру, жалпы және арнайы жұмыстарды қабылдау, жеке және ұжым құрамын қызметінің іс - әрекетін жоспарлау және ұйымдастыружүзеге асырылады. Сонымен, үшбірлікті оқыту жүзеге асырылады:
білім беру, дамыту және тәрбиелеу. Бақылаудың дифференциациясы оқушылардың оқу материалын
меңгеру және қабылдаулары кезіндегі қабілеттіліктерінің айырмасын есепке алудың қажеттілігін ескертеді. Дифференциялық тәсіл көп деңгейлі бақылауды және әрбір деңгей үшін оқытудың нәтижесін
бағалау өлшемінің әзірлемесін жасау жолымен жүзеге асады.Оқушыларға бірдей тапсырмалар беріліп, оларды орындау кезіндегі оқытушының көрсеткен көмегінің дәрежесі әртүрлі болуы гуманистердің дифференциялық бақылауға деген көзқарасының бірі болып табылады.

8.

Оқушылардың білімсіздіктен білімділікке қарай жылжып отыруын үздіксіз бақылаудың нәтижелері, олардың әрбірінің даму серпінін бағалау, тұрақты түрде бақылаулық іс-шараларды өткізу, нәтижелерді бағалаудың жүйесін әзірлеу және осы туралы оқушыларға мәліметтер беріп, таныстыру, бақылаудың нәтижелері бойынша ақпараттар жинақтау және осы деректерді талдау, жалпы оқыту мақсаттарын есепке ала отырып, әртүрлі бақылау әдістерін пайдалану – информатика пәнінің кейінгі кезеңдеріндегі


дамуының ең маңызды міндеті болып табылады. Оқытудың әртүрлі кезеңдеріндегі тапсырмалардың, міндеттердің, жобалардың, бақылаулық және жобалық жұмыстардың, тестердің жүйелері,
жасалған оқу-әдістемелік базасының тәжірибесіне тәуелді бола отырып, негіздеме үшін алынып, оқытушының (әдістемешінің) бақылау моделіне «кіргізілуі» мүмкін. Ол информатика пәнінің курсының
ерекшелігі мен дайындық деңгейініңталаптарын есепке ала отырып, сонан соң жаңа әзірлемелермен толықтырылып, кеңейтілуі мүмкін. Осы модельді жетілдіру және дамуы үшін ашық болуы бойынша
материалдың құрылымы орындалған.

9. 3.2. Қорытынды бақылау 3.2.1. Қорытынды бақылаудың негізгі нысандары

Қорытынды бақылау информатика пәнінің негізгі курсына оқытудың
нәтижелерін бағалауға мүмкіндік береді және оқушылардың білімдері
мен іскерліктеріне түзету енгізуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде қорытынды бақылаудың әртүрлі нысандары мен әдістері
жүзеге асырылады, оған ауызша емтиханды, жазбаша аттестациялау
жұмыстарын, тестілеуді, жобалар немесе рефераттарды қорғау
нысандары түріндегі аттестациялауды жатқызуға болады. Жазбаша
емтихан оқушылардың қорытынды аттестация- лауының дәстүрлі нысаны
болып табылады. Әртүрлі сыныптардың билеттері тапсырмалардың
дәрежесі мен көлемі бойынша әртүрлі
болып келеді. 9 - сыныптар үшін- бір
ауызша сұрақ және тәжірибелік жұмыс
11 сыныптар үшін - екі ауызша сұрақ
және бір тәжірибелік жұмыс.

Жазбаша аттестациялау жұмысы көптеген таңдауы бар жабық түрдегі


тестік тапсырмалардан, теориялық негіздер бойынша сұрақтардан,
машықтану тапсырмалары мен есептерінен тұрады. Тестілеуге
бақылау жұмысы жатады және үш бөлімнен тұрады: балама
жауаптары бар жабық түрдегі тестілеу, ашық түрдегі тестілеу
тапсырмалар, олар толықтыруды және тиісті түрде қалпына келтіруді
талап етеді, тестілеу стиліндегі машықтану тапсырмалары. 97
Жобалар мен рефераттарды қорғау түріндегі аттестациялау бойынша
осы жұмыстар алдын ала дайындалып, ұсынылады
Ауызша емтихан Ауызша сұрақтарды құрастыру келесі түрде
жүзеге асырылады: Біріншіден, негіздемені, пайымдауды, талдауды
талап ететін теориялық сұрақтар қойлады. Екінші сұрақ – теориялықтәжірибелік, оған оқушы компьютерді пайдалану арқылы жауап
береді. Машықтану тапсырмасы бағдарламалық құралдармен жұмыс
істеу дағдыларын, іс-әрекеттердің негізгі тәсілдерін (немесе тиімді)
тексеруге, берілген тапсырманы орындау кезіндегі алған білімді
пайдалана білуге бағытталады. Оқушылар нақтылы мысалдар арқылы
бағдарламалық құралдардың мүмкіндіктерін көрсете алады деп
ойлаймыз.

Жазбаша аттестациялау жұмысы


Жазбаша аттестациялау жұмысын ұйымдастыру кезінде жоқ дегенде екі тапсырмалық топтама дайындалуы керек. Терминологиялық меңгерулерін тексеру кезінде тестілеу
тапсырмалары пайдаланылады. Алған білімдерінің тереңдігін
бақылау үшін сауал-мәселелер қойылуы мүмкін, олар түсініктеме
беруді, пайымдауды және негіздемені талап етеді. Іскерліктері мен
дағдыларын тексеру үшін дәстүрлі машықтандырудың міндеттері
мен тапсырмалары қойылады. Жазбаша аттестациялау жұмысын
ұйымдастыру үшін логикалық-талдаулық міндеттемелерінің
жиынтығы және машықтану тапсырмаларын пайдалануға болады.
Жазбаша аттестациялау жұмыстарының кемшіліктеріне оқытудың
мазмұнын кең көлемде тексеруге мүмкіндіктің жоқтығын, жұмысты
орындаудың жылдамдығының жалпы пәндік іскерлік пен
дағдыларға тәуелділігін, жұмысты тексеруге салыстырмалы түрде
алғанда өте көп уақыттың жұмсалуын жатқызуға болады. Пайдалы
жағын алатын болсақ, жұмысты орындауға аз мөлшерде уақыт
жұмсалады, емтихан жеңіл жағдайда өткізіледі, қойылған бағаны
негіздеу мүмкіндігі болғандықтан, бағалау объективті түрде
жүргізіледі.
Қорытынды аттестациялаудың ауызша емтихан ұйымдастыру бойынша нұсқаулар

* Ауызша емтиханды ұйымдастыру кезінде кез келген мектеп пәні


бойынша информатика курсының арнайы ерекшеліктерін есепке
ала отырып, емтихан өткізу бойынша қойылған барлық талаптар
сақталады. Оқушылардың емтиханға дайындықтарын бірнеше
кезеңге бөлуге болады:
Бірінші кезең – оқушылардың емтиханның алдын ала дайындалу үшін
қажетті сұрақтарымен кем дегенде емтиханға дейін 2 - 3 ай бұрын
танысулары керек. Емтихан сұрақтарымен оқушыларды өздері
қиналатын тақырыптарды қайталау үшін жылдың басында да
таныстыруға болады. Бұндай жағдай сирек кездеседі. Мысалы,
оқытушының ауысуы, баланың басқа мектепке ауысуы, мекенжайдың
өзгеруі және басқа объективтік жағдайлар информатика пәні бойынша
толық білім ала алмауына септігін тигізеді.
Екінші кезең – оқытушының қайталауды аяқтауды ұйымдастыру үшін
оқушының жалпы алған білімінің көрінісін анықтау. Информатиканың
негізгі тарауларын жылдың аяғында оқушының білімін тексеріп,
кемшіліктерін тауып, түзету үшін қайталауға 4-8 сағат бөлуі қажет. Осы
кезеңде информатиканың негізгі тараулары бойынша тесттер
пайдаланылуы мүмкін немесе әрбір тараудан кейін немесе бірнеше
тарау
Үшінші кезеңді мынадай жағдайда ұйымдастыруға болады. Стендке
сұрақтарды және оқытушының түсініктемелері жазылған машықтану
тапсырмаларын, емтиханға қалай дайындалу жөніндегі қысқаша
нұсқаулар, оқулықтардың тізімін іліп қою керек және соңында
информатиканың тестілеу кезінде айқындалған күрделі тараулары
бойынша бірді - екілі кеңестер беру керек. Кеңестер беру кезінде
нақтылы емтихан сұрақтарының жауаптары бойынша мысалдар
келтіріп отыру керек. Оқытушы өз көзқарасы бойынша 99 қандай да
бір топқа қатысты күрделі сұрақтарға байланысты түсініктеме беруі
керек.
Емтихан материалдарына қойылатын талаптар

Информатика пәні бойынша емтихан материалдары басқа пәндер


бойынша материалдардан ешқандай айырмашылықтары жоқ, (сұрақтар,
билеттер, машықтану тапсырмалары). Билеттер мен сұрақтарды өңдеу
кезінде негізгі минимумда көрсетілген мазмұнның көлемін алу есепке
алынуы керек, ал, оқушылардың дайындығына қойылатын талаптар осы
минимумдағыдан төмен болмауы керек. Емтихандық материалдарды
құрастыру келесі қағидалар бойынша жүзеге асырылады: сұрақтар
информатика курсының барлық негіздері бойынша құрастырылады;
Берілген сұрақтардан әрқайсысында үш сұрақтан құрастырылады:
Бірінші сұрақ – теориялық - машықтану (теориялар, тұжырымдар,
қағидалар, қасиеттері, сыныптылығы), информатиканың теориялық
негіздері, компьютер жұмысының қағидалары, ақпараттық үрдістердің
мағыналары, ақпараттық технологиялар (АТ) бойынша және т.б. білімін
тексеруге арналған;
Екінші сұрақ – теориялық - машықтану (ақпараттық және қарымқатынастық технологиялар және алгоритмдеу), компьютердің
мүмкіндіктерін және ақпараттық технологияларды түсінуді, бағдарлама
құралдарында суреттемені мысалға келтіре отырып, ауызша жауап беруін
тексеруге арналған;
Үшінші – машықтану тапсырмасы, оны оқушы компьютер арқылы жұмыс
істеу әдістерін көрсете білуі керек, алгоритмдер мен бағдарламаларда
ұсынылған ақпараттық үрдістердің мағынасын қалай түсінетіндігін, яғни
информатиканың құралдары мен тәсілдерін, тиімді әдістерін пайдалана
отырып, ақпараттық есепті шешуі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет