Жоғары мектепте оқыту технологиялары


Студенттердің ғылыми - зерттеу жұмысының мәні, мәні, мақсаттары мен міндеттері



бет8/16
Дата10.03.2022
өлшемі103,47 Kb.
#27504
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
Студенттердің ғылыми - зерттеу жұмысының мәні, мәні, мақсаттары мен міндеттері Студенттерді ғылыми-зерттеу жұмысына бағыттау, олардың шығармашылық белсенділігін дамыту -  мамандар даярлаудағы негізгі мақсат болып табылады. Ғылыми-зерттеу жұмысы болашақ мамандардың жоғары оқу орындарында алған білімін, дағдысын жүзеге асыруға дайындығын қалыптастыруға, ғылыми әдістемені, зерттеу тәжірибесін меңгеруге көмектеседі. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру мен дамытудың негізгі мақсаты жоғары кәсіби білімі бар мамандар даярлаудың деңгейін көтеру, талантты жастарды анықтау, университеттің педагогикалық кадрларын толықтыру болып есептелінеді. 

3.Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі міндеттері:

-    ғылыми қызметке талабы бар студенттерді анықтау;

-    ғылыми-әдістемелік зерттеулер тәжірибесінде шығармашылығын дамытуға қолайлы жағдай жасау;

-    жан-жақты дамуына, өзін-өзі бағалауының қалыптасуына, өзіндік жұмыс дағдысын және шығармашылық ұжымда жұмыс істеуге, ғылыми-зерттеу әдістемесін меңгеруге көмектесу;

-    ғылым мен техниканың түрлі саласында қолданбалы, іргелі, іздену, әдістемелік және педагогикалық ғылыми зерттеулер жүргізуге студенттердің қатысуын қамтамасыз ету;

-    педагогикалық және ғылыми кадрларын толықтыру үшін қабілетті, дарынды және талантты жастарды тиімді іріктеуді қамтамасыз ету;

-    ғылым мен техниканың түрлі саласындағы ғылыми-техникалық мәселелерді шешуге арналған әлеуетін біріктіру.



III. Студенттің жоғарғы оқу орындарының ұжымдық және шығармашылық жұмыстарының дағдыларын меңгеруі.Студенттер жоғарғы оқу орындарының ұжымдық шығармашылық және ұйымдасқан жұмыстардың дағдыларын үйрену мақсатында жоғары оқу орындарының лабораториялары мен кафедраларына, өзінің қызмет саласының ұйымдар мен мекемелеріне тәжірибелік көмек көрсететін ғылыми, техникалық, жобалау, экономикалық және басқа да ұйымдардың құрамында ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізе алады. Оқу үрдісін ұйымдастыру ғылымның қазіргі жетістіктерін, мәдениет, экономика, ғылым, техника мен технология салаларындағы өзгерістерді көрсететін білім берудің барлық қырларының жүйелі жаңаруын ескере отырып жүргізілуі керек. Бұл салада нақты нәтижелер алу үшін автордың жасына сәйкес түзетілген тәжірибеден өткізілген технологиялар, өзіндік ғылыми жұмыстар мен мақалаларына енгізілген теориялық және практикалық жағына ерекше назар аудару керек. Мамандықтар бойынша жоспар жасау қоғамдық ғылымдар, жалпы ғылыми, технологиялық мамандық пәндері кафедраларымен бірге жүргізіледі. Жұмысты алдын-ала білімге, дағдыға, іскерлікке маманның сапасына нақты талаптар қоятын бітіруші кафедра бақылайды [3]. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы міндетті есеп берумен, конференция, үйірме отырысында баяндаумен, курстық жұмыс және т.б жазумен аяқталады. Студенттердің сабақтан тыс уақытта табысты орындалған және оқу бағдарламасының талаптарына жауап беретін ғылыми-зерттеу, жобалау-конструкторлық және шығармашылық-орындаушылық жұмыстары сәйкес келетін курстық, лабораториялық жұмыстар, дипломдық жобалармен басқа да тапсырмалардың орнына есептелуі мүмкін. Оқу орындарындағы білім берудің зерттеушілік ұстанымы студенттерді ғылым саласында қолданылатын зерттеудің негізгі әдістерімен таныстыруға, зерттеу әдістемесінің тиімді элементтерін меңгеруге және құбылыстар мен үдерістерді зерттеу арқылы өз бетінше жаңа білімдерді игеруге мүмкіндік береді. Зерттеушілік принципті қолдану студенттердің танымдық қабілеттерін дамытады, білім алушылардың белсенділігін және өзбеттілігін арттыруға, танымдық қызметтің әдіс-тәсілдерін игеруге, қызығушылығын арттыруға септігін тигізеді. Ғылыми-зерттеу әлеуеті бар ғылым адамының, ғылыми ұжым мүшесінің қалыптасу үдерісінің бастапқы кезеңі –оқу орнына дейінгі және кәсіптік оқу орны кешендерінде жүзеге асырылады. Білім беру саласындағы алға қойылған мақсаттардың бірі — білім беру интеллектуалдық белсенділігін арттыру, сол арқылы білім беру жүйесінің дамуын жетілдіру. Оқу үрдісін ұйымдастыру ғылымның қазіргі жетістіктерін, мәдениет, экономика, ғылым, техника мен технология салаларындағы өзгерістерді көрсететін білім берудің барлық қырларының жүйелі жаңаруын ескере отырып жүргізілуі керек. Бұл салада нақты нәтижелер алу үшін автордың жасына сәйкес түзетілген тәжірибеден өткізілген технологиялар, өзіндік ғылыми жұмыстар мен мақалаларына енгізілген теориялық және практикалық жағына ерекше назар аудару керек. Мамандықтар бойынша жоспар жасау қоғамдық ғылымдар, жалпы ғылыми, технологиялық мамандық пәндері кафедраларымен бірге жүргізіледі. Жұмысты алдын-ала білімге, дағдыға, іскерлікке маманның сапасына нақты талаптар қоятын бітіруші кафедра бақылайды. Ғылыми-зерттеу жұмыстары саласында:мемлекетіміздің және біздің аймақтың ерекшелігіне байланысты гуманитарлық, әлеуметтік, экономикалық, техникалық бағыттарын зерттеп, мәдениет және өнер саласында өзекті мәселелерін шешуде ғылыми зерттеуді ұйымдастыру; Мәдениет керектілігн қамтамасыз ететін кәсіби мектепті қалыптастырып, дамыту және аймақтың ерекшелігіне байланысты әр аспектілі ғылыми жүйелерді тәжірибеде іске асыру;өзіндік, сонымен қатар, белгілі бір жетістікті шығармашылық жұмыстар, ғылыми зерттеулерді оқу-тәрбие үрдісіне кірістіру; -студенттердің ғылыми-зерттеушілік және шығармашылық жұмыстарын дамыту: көрмелер, концерттер, шебер кластар ұйымдастыру;жоғары оқу орындары арасында ғылыми-зерттеушілік және шығармашылық жұмыстарынан тәжірибе алмасу. Көптеген дереккөздерде ғылымның, ғылыми қызметтің белгілі бір құбылысты оған тән түрлерде сондай-ақ осы негізде оның қолданылуының болашақта тиімділігін алдын-ала көруге болады. Л.Клемент атап көрсеткендей, нәрселерді әдеттегідей түсініп, құбылыстардың ғылыми талдауына көшу зерттеушіге қиын болды. Сондықтан ғылым мақсаттарын қабылдау және меңгеру жеке зерттеуді тиімді ұйымдастырудың негізі болуы тиіс. Студенттердің сабақтан тыс уақытта табысты орындалған және оқу бағдарламасының талапттарына жауап беретін ғылыми-зерттеу, жобалау-конструкторлық және шығармашылық-орындаушылық жұмыстары сәйкес келетін курстық

жұмыстар, лабораториялық жұмыстар, дипломдық жобалармен басқа тапсырмалардың орнына есептелуі мүмкін. Студенттердің ғылыми жұмыстары жыл сайын сәуірде өткізілетін студенттердің конференциясында баяндалады. Үздік «студенттік» жұмыстар жоғары оқу орындары студенттерінің конференциясына ұсынылады, ал бұл кезеңнен үздік деп танылған жұмыс аймақтық, республикалық байқауларға жіберіледі. Ғылыми зерттеуге қатыса отырып, студент алған білімдерін бекітеді, толықтырады және оны жоғары сатыға көтереді. Олар өз бетімен жұмыс жасаудың әдістерін меңгереді, ғылыми эксперименттің техникасын игереді, оның қорытындысын түсінікті әдіспен өңдеуді жүргізеді және алынған мәліметтерден қорытынды жасайды. Сонымен, ғылыми-зерттеу жұмыстары аясындағы білім, білік, дағды болашақ мамандарды дайындаудың іргетасы болып табылады және жеке тұлғаның дамуында маңызды орын алады. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі ұйымдастырылып жүргізілетін тиімді түрлеріне:оқу жоспары негізіндегі оқу-зерттеу жұмысы;ғылыми зерттеу жұмыстарының кей мәселелерін (элементтерін) жүргізілетін дәрістерге қосу;ғылыми бөліктерден немесе толықтай ғылыми зерттеуден тұратын дипломдық жұмыстар;оқытушылардың нақты жетекшілігімен белгілі бір ауқымды мәселелерді шешудегі студенттердің өзіндік зерттеу жұмыстары; - ғылыми-зерттеу жұмыстарын іс-тәжірибелерге қосу берілген тақырыпқа байланысты орындалатын ғылыми реферат жұмыстары;студенттердің ғылыми үйірмелері; белгілі бір мәселе төңірегінде жинақталған студенттік ғылыми топтар немесе лабораториялық не басқа да шығармашылық бірлестіктер студенттердің әр түрлі деңгейлерде өткізілетін айтулы іс-шараларға қатыстырылуы (оқу орнындагі, ЖОО-дағы, аймақтық, республикалық, халықаралық). Мұндай іс-шаралар студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жүйесін тұрақты дамытуға, сондай-ақ әрбір студенттің шығармашылық деңгейін арттыруға септігін тигізеді. Оларға қатыстылар: Ғылыми-зерттеу жұмыстарына қабілеті бар студенттерден жинақталған топтарға арнайы өткізілетін дәрістер; Барлық оқу жоспарларына «Ғылыми зерттеулердің негізі» атты курстарды ендіре отырып, студенттердің өзіндік ғылыми жұмыстарының өз қабілеті шеңберінде орындалуын, жаңаша ғылыми жұмыстарының, ғылыми зерттеу жұмыстарының зерттеу әдіс-тәсілдерімен танысу; Түрлі ақпарат көздері негізінде студенттерді ғылыми-техникалық мәліметтермен қамтамасыз ету.

Бүгінгі таңда ЖОО-дарында білім сапасын көтеру өзекті мәселе болып тұр. Мәселен, тарих мамандығы бойынша оқып жатқан магистранттар «Ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру және жоспарлау» атты пәнді жақсы меңгеріп, соның ішінде кез келген тақырыптың өзектілігін негіздеуге, деректік базасы мен тарихнамалық негіздерін аша білу керек. Көп жағдайда магистрлік диссертациялар мазмұнында тарихнамаға үстірт қарау  орын алып жатады.

Қазіргі таңда Қазақстан бүкіл әлемдік білім кеңестігіне ену табалдырығында. Өмір ағымына қарай білім беру жүйесінің моделі күрделі өзгерістерге ұшырап отыр. Сондықтан заман талабына сай жаңа мазмұнда білім беруді ұйымдастыру Қазақстандағы көп сатылы білім беру жүйесімен байланысты. Магистратура және докторантура (PhD) үздіксіз білім беру жүйесінің жоғары деңгейіне жататын жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім болып табылады. Магистратура жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімнің бірінші сатысы болып табылады, онда кадрларды даярлау екі бағытта жүзеге асырыладыОндағы өзекті мәселе әлемдік білім кеңестігіне шығудағы Қазақстанның жаңа ұлттық білім моделін қалыптастырудың тиімді жолын анықтауында. Сол Отандық білім жүйесінде кәсіби мамандарды даярлауда магистратураның рөлі зор болып келеді.

Магистратураның міндеттері:

— жоғары кәсіби білімді және іс-тәжірибесінде бағыт алған, ЖОО мен ғылыми ұйымдарда таңдаған ғылыми мамандығы бойынша ғылыми-зерттеушілік қызметті ұйымдастырып және жүргізе алатын маманды дайындау;

— өз қызметінің үрдісінде қазіргі педагогикалық және ақпараттық технологияны меңгеруді қамтамасыз ететін мамандығына сәйкес негізгі пәндер бойынша терең де тұрақты білім беру;

— өзіндік оқу, ғылыми-зерттеушілік қызметінің біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыру.

— магистранттардың өзін-өзі жетілдіру мен өзін жүзеге асыру қабілеттерін дамуына ықпал ету.

Осы деңгейдің мақсаты – білім мен ғылымның кірігуі негізінде қоғам, экономика, өндіріс, білім, ғылымды жетілдіру мәселелерін шешуге, алдыңғы қатарлы технологияларды әзірлеуге қабілетті жана формациядағы ғылыми, ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындаудың тиімді жүйесін құру болып табылады.

Сол мақсаттарға сай, әрбір магистратураға түсетін тұлғаның кәсіби мәнді сапаларын дамыту болып келеді.

Кәсіби мәнді сапаларды жалпылап кесте құрдық (Кесте 1).Н.В. Кузьмина бойынша, субъектілік факторлар құрылымы: табиғаттылық типін, қабілеттер деңгейі мен құзырлықты қамтиды, оларға арнайы-педагогикалық, әдістемелік, әлеуметтік-психологиялық, диференциалды-психологиялық, аутопсихологиялық құзырлық жатады.

Кесте 1. Магистранттардың жалпы қасиеттері

Арнайы

Объективтік (ғылыми дайындығы)

Субъективті (жекеталант)

Тұлғалық

(адамгершілік — еріктік қасиеттер)

 


Осы факторлық құрылымның үш негізгі құрастырушысы айқын: тұлғалық, даралық және кәсіби-педагогикалық. А.К. Маркова бойынша, субъектілік қасиеттер құрылымы келесі сипаттама блоктарымен көрсетілуі мүмкін (Кесте 2)[2, 65 –б.].

Кесте 2. Субъектілік қасиеттер құрылымы



Объективтік сипаттамалар

Кәсіби, психологиялық, педагогикалықбілімдер

Кәсіби іскерліктер

Субъективтік сипаттамалар

 


Кәсіби психологиялық позициялар, ұстанымдар

Тұлғалықерекшеліктер

Н.В. Кузьмина, А.К. Маркованың еңбектерінен және көптеген психолог ғалымдардың жұмыстарын талдап, біз келесі кәсіби-мәнді сапаларды бөліп шығардық — интеллектуалды, тұлғалық, мінез-құлықтық. Соның ішінде интеллектуалды қасиеттерге келесі сипаттамалар жатады: білуге құмарлық, білімділік, ойлылық, аңғарғыштық, қисындылық, “интеллект коэфициенті”, мағыналылық, негізділік, дәлелділік, талдай білу, ұқсастықтарды таба білу қабілеті, дәлелдемелердің әр түрлі нысандарын пайдалану, іске берілгендік. Осы жеке қасиеттерді бір психологиялық процестер арқылы модел жасап анықтама бердік. Және осы кестеде Қазақстандағы Магистратура жүйесінде осы қасиеттердің жүзеге асыратын бағдарламалары келтірілген(Кесте 3).

Білімді қабылдау:

Қажетті білімді өз бетімен алып, оларды пайдалана білу, теория мен практиканы ұштастыру;

дербес сыни ойлау, моделдер жасақтау қабілеттілігі, оқиғаларды талдай білу, алдын ала болжауды білу;

белгілі бір проблеманы шешу үшін қажетті фактілерді жинай білу, оларды талдай білу, проблеманы шешу жолдарын ұсыну, шешімнің ұқсас немесе баламалы нұсқаларына қажетті қорытулар, салыстырулар жасау, статистикалық заңдылықтарды белгілеу, дәлелді тұжырымдар жасау, алынған тұжырымдарды жаңа проблемаларды табуға және шешуге жұмсау.

Зерттеушілік қасиеттер

Экспериментке бейім, гипотеза құра білу, зерттейтін объектке нақты қызығушылық;

Оқиғаны объективті тұрғыдан қабылдау және ойын ашық айту, білмеген нәрсені анықтай білу;

Зерттеу процесінде мақсатқа жету үшін объектінің байланыстарын білу, соған байланысты проблемаларды іздеп табу; кез келген объектілер мен құбылыстардың мәнін білудің жалпы тәсілін меңгеру, әр түрлі ғылыми көру;

Интеллектуалды қасиеттер қоғамда тұлғалық қасиеттерге ұласады:

Тұлғалық қасиеттер:

Әлеуметтік ортада коммуникабельді, адамдармен араласуға икемді болу, қоғамдағы түрлі мәселелерді шешуді білу;

Өзін-өзін дамыту қасиеттері [3, 211 – б.].

Іскер қасиеттері:

белгілі бір істің мақсатын сезіну және түсіндіру, онда өзін қалай көрсетуді білу;

жоспармен жұмыс жасау, уақытты қадағалау және нақтылық;

өз жасаған ісіне сыни көзқарас және бағалай білу;

әр түрлі сын-пікірге шыдамды болу және сол ескертулерден нәтиже шығару;

топта жұмыс жасай білу, басқа мамандармен тәжірибе алмасу;

Сонымен, қазіргі магистранттарды кәсіби-мәнді қасиеттерін дамытудың стратегиялық бағыттары айқын: ол – тұлғаны білімнің әр түрлі саласындағы мақсатты іс — әрекетке тартудың негізінде оның интеллектуалдық және адамгершілік тұрғысынан дамуы.

Креативтікқасиеттер:

іске қызығушылық, іс нәтижесіне шын қуану, әр түрлі әдістерді қарастыру, мәселе шешудегі вариативтілік;

іске деген батылдық, тәуекелділік.

Мінез-құлық қасиеттері:

кәсіби міндеттерді орындау барысында адамгершілік қасиеттерді көрсете білу –тапсырыскерлердің, әріптестердің талаптарын орындай білу; патриоттық тәрбие маңызы.

істі орындауға деген шыдамдылық көрсету;

кез келген жағдайда әділболу.

мұқияттылық.

Кесте 3. Қазақстандағы магистранттардың кәсіби мәнді сапаларын дамыту

Интеллектуалды

Тұлғалық

Сапалары

Жүзеге асыратын процестер

Сапалары

Жүзеге асыратын процестер

Білімді меңгеру

кесте бойынша сабақтар;

реферат жазу;

тәжірибе жасау.


Зерттеушілік қасиеттер

СӨЖ-ді орындау;

ғылыми-конференцияларға қатысу;

эксперименталды зертеушілік жұмыс;

магистерлік диссертацияны жазу.



Сыни ойлау, болжау жасақтау

проблемдік дәріс.

Коммуникабельді, ортаға бейімделу

Кәсіби тәжірибе;

Конференцияларға қатысу;

Ғылыми іс-сапарға бару.


Проблеманы шешу үшін фактілерді жинақтау

кәсіби тәжірибе;

магистерлік диссертацияны орындау;

ғылыми конференцияларға қатысу.


Іскер қасиеттері

Жеке жұмыс жоспарын толтыру;

Ғылыми-зерттеу жұмыс бойынша есеп беру жартыжылдық сайын есеп беру;

Эксперименталды-зерттеушілік жұмыстың жоспарын жасақтау.

Тәжірибе бойынша портфолио жинақтау.



 



Креативтік қасиеттер

Магистерлік диссертацияны орындау;

Магистранттардың әр түрлі сайыстарға қатысуы

көңілді және тапқыштар клубы, пікірталастар т.б.

 


Мінез-құлық қасиеттері осы процестердің бәрінде дамытылады, себебі оқу процесінің өзі – тәрбие процесі. Әр дәрістің тәрбиелік функциясы жүзеге асады. Кестеден көптеген бағдарлама магистратурада зерттеушілік және іскер қасиеттерді дамытуға мол мүмкіндіктерді беретінін көріп тұрмыз. Магистранттар қасиеттерінің аталған топтары оларды кеңейтуге және нақтылауға ашық болып табылады[4, 78 – б.].

Кәсіби мәнді сапалар түгелдей бірқатарды дамуы үшін, магистратура түлегі – рухани бай, бәскеге қабілетті тұлға болып өсуі үшін оқу-тәрбие процесін жан-жақтан дамыту қажет. Бұл түбегейлі бағдарламаны өзгерту емес, элективті пәндер тобын көбейту және магистранттарды әр түрлі университет, қала, облыс, республика көлеміндегі іс-шараларға белсенді қатыстыру. Соның ішінде элективті пәндер тек арнайы пәнге қатысты ғана емес, қолданбалы пән болғаны жақсы.

Жоғары мектепте мамандар даярлау сапасын басқару Қазіргі білім беру жүйесінде бәсекеге қабілетті маман дайындау, жастарға пайдалы білім беру, теорияны өндіріспен ұштастыра оқыту жүйесі және техникалық, кәсіптік мамандар даярлауға айрықша мән берілуде.   Өйткені, экономикалық қуаты артқан кезеңде білікті, кәсіби мамандарға біздің өңірімізде де сұраныс жо­ғары.

Қазіргі білім беру жүйесінде бәсекеге қабілетті маман дайындау, жастарға пайдалы білім беру, теорияны өндіріспен ұштастыра оқыту жүйесі және техникалық, кәсіптік мамандар даярлауға айрықша мән берілуде.   Өйткені, экономикалық қуаты артқан кезеңде білікті, кәсіби мамандарға біздің өңірімізде де сұраныс жо­ғары.Осы мақсатта тәжірибеге бағытталған оқыту бағдарламасы барынша үйлесіммен біріктіріліп, білікті мамандарды дайындау, қазіргі кезде білім берудің бір жүйесі ретінде қолданылуда.

Қойылған басты міндет - мемлекеттік құрылымдардың күшін біріктіру, жұмыс берушілер мен оқу орындарын облыстық кәсіпорындар мен өнеркәсіптерді білікті мамандармен қамтамасыз ету мәселесінде жұмылдыру.

Жалпы теориялық білім тәжірибемен ұштасқанда ғана маман өз кәсібіне төселеді. Осы орайда, облыста студенттерді өндірістік тәжірибеге тарту жұмысына да елеулі көңіл бөлінуде.

Жұмыс берушілердің қатысуынсыз экономикаға білікті кадрлардың аспаннан  жаумайтыны анық.  Осыны ескерген Ш. Есенов атындағы технологиялар және инжиниринг университеті мен «Қаражанбасмұнай» АҚ компаниясы 2020-2021 оқу жылының басында ынтымақтастық келісімшарттарға қол қойып, тығыз байланыс орнатқан болатын. Ақпан айының 5-нен басталған тәжірибе алаңына «Инжинирнг» факультетінің бір топ студенттері  өндіріске аса қажетті химиялық су тазарту аппаратшысы, электромонтер, токарь, бақылау-өлшеу құрылғылары және автоматика бойынша жөндеушілер, дефектопист сияқты мамандықтары бойынша баруға жолдама алды.

Мұның бар­лығы – бәсекеге қабілетті маман боламын деген жандарға жасалған бірден-бір мүмкіндік.  Аталған жоба бойынша студенттердің білімін же­тіл­­діру мақсатында қолға алын­ған жұмыстардың бірі – штаттық қызметкерлер сияқты барлық жағдайының  қамта­масыз етілуі еді. Осы тұрғыда жоба бойынша барлық шығынды мекеме өз міндетіне алды.

- Мұның барлығы білімге, кәсіби біліктілікке жіті назар аударып, жастардың сапалы маман иесі болып шығуына жасалған жағдай деп білемін.     Студенттер осы әлеуметтік серіктестермен теория мен тәжірбиені ұштастырып жұмыстар жасауда және олар өндірістік машықтану кезінде озат іс тәжірибелі мамандардан үйреніп, жаңа жабдықталған технологияны меңгереді. Оқу курсына байланысты 8-10 ай көлемінде жұмыстар жасайды. Нәтижесінде еңбек кітапшасында кен орнында тәжірибеден өткендігі жазылады. Бір қуантарлығы, университетті «Қаражанбасмұнай» АҚ  компаниясы қолдауға әркез ынталы. Яғни, өздеріне қажетті болашақ маманды мақсатты оқытып немесе студенттерді ең алғашқы курстан бастап өндірістік тәжірибеден өткізіп, кейін жұмысқа шақыруды көздейді.

Қорыта келе, біздің басты бағытымыз – өзінің туған жері мен елін сүйетін, білімді де білікті, ұтқыр ойлы ұрпақтар тәрбиелеу. Студенттеріміз сапалы білім алып, отанға деген патриоттық сезімін, еліне деген сүйіспеншілігін болашаққа деген нық сеніммен қадам басып, қоғамға қажетті маман иесі болады  деп сенім артамын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет