Жоғары мектептегі педагогикалық зерттеу әдістеріне сипаттама беріңіз



бет4/4
Дата20.09.2022
өлшемі148,71 Kb.
#39559
1   2   3   4
Байланысты:
пед зерт адистери

Әдістері

Педагогикалық байқау - тәжірибе деректерін жинау мақсатын көздейтін әдіс. Бақылауды ұйымдастыру оның мақсатына , нысананың нақты жағдайына байланысты алдын-ала құрған жоспар бойынша жүргізіледі. Мысалы, мектеп жағдайында бақылауды ұйымдастыру, сабақ үрдісінде, қоғамдық-пайдалы істерде оқущылардың белсенділігін, мінез-құлық ерекшеліктерін т.б. анықтауда қолданылады.

  • Педагогикалық байқау - тәжірибе деректерін жинау мақсатын көздейтін әдіс. Бақылауды ұйымдастыру оның мақсатына , нысананың нақты жағдайына байланысты алдын-ала құрған жоспар бойынша жүргізіледі. Мысалы, мектеп жағдайында бақылауды ұйымдастыру, сабақ үрдісінде, қоғамдық-пайдалы істерде оқущылардың белсенділігін, мінез-құлық ерекшеліктерін т.б. анықтауда қолданылады.
  • Әңгімелесу әдісі. Педагогикалық зерттеу әдіс ретінде өз алдына дербес қолданылады және байқау әдісімен толықтырылып отырады. Әңгіме әдісі куні бұрын белгіленген жоспар бойынша анықталуға тиісті зерттеу мақсаттарына сай жүргізіледі. Әңгімелердің барысы, мазмұны толық баяндалады, қорытындысы жасалады.
  • Интервью алу әдісі әңгімелесудің бір түрі ретінде социологиялық зерттеулерден ауысқан. Әңгімелерден айырмашылығы – интервью алған кезде алдын ала белгіленген сұрақтар, әңгімелесушінің жауаптпры жазылып алынады.
  • Сауалнама әдісі зерттеліп отырған педагогикалық мәселеге, құбылысқа байланысты көпшілік пікірін білу мақсатында алдын ала тыңғылықты дайындаған сұрақтарға жазбаша жауап беру жағдайында жүргізіледі. Ол көпшіліктің жауабын салыстырмалы түрде материалдарды анықтау негізінде атқарылады.
  • Мектеп құжаттарын зерттеу әдісі. Бұл әдіс оқушының жеке іс қағаздарын, медициналық карталарын, класс журналдарын, оқушы күнделіктерін, жиналыстар мен мәжілістердің протоколдарын оқып үйрену, талдау, жинақтау мақсатан көздейді.
  • Педагогикалық эксперимент әдісі деп педагогиканың зерттеу әдістнрінің қорытындысына сүйеніп, тұжырымдардың дәлелдігін анықтау мақсатында жүргізілетін әдіс. Түрлері: табиғи эксперимент күнделікті өмір жағдайына үйымдастырылса; лабораториялық эксперимент арнайы жасалған жағдайлар негізінде жүргізіледі.Эксперименттің басқа да зертттеу әдістерінен айырмашылығы – оның қорытындысы және нақты, объективті нәтижесінің болуында.
  • Кибернетикалық және математикалық әдістер педагогикалық құбылыстардың өзара сандық байланыстарын, олардын өлшемін, сапалық ерекшеліктерін айқындау үшін қолданылады. Бұл әдіс эксперименттік зерттеулердің сандық деректеріне статистикалық өңдеу үшін қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет