Полимердің электр өткізгіштігі, әдетте, өте нашар. Олардың электрлік қасиетіне оған электр өрісін бергенде көрсететін қасиеттері сияқты диэлектриктер, жартылай өткізгіштер және электр өткізгіштер болып бөлінеді.
Полимерлердің электрлік қасиеттеріне электр өткізгіштік, электрлік беріктілік, диэлектрлік шығын, диэлектрлік өтімділік, электр-реттік эффект, термополюссіздену жатады. Осындай қасиеттеріне байланысты полимер материалдар техниканың маңызды салаларында қолданылады
Полимерлердің жылу өткізгіштігі нашар. Жылуөткізгіштік дегеніміз — жылудың полимердің жылырақ бөлігінен суығырақ жеріне тасымалдануынан температураның теңесу процесі.
Мономерлер
Полимерлер
Поликонденсация
Полимеризация
Полимерлер қалыптасу әдістері
. Полимеризация нәтежиесінде
пайда болатын полимерлер
Поликонденсация нәтежиесінде
пайда болатын полимерлер
Полимерлерді қолдану аясы
Қазіргі кезде полимерлер өндіру қарқынды дамуда. Машина жасау, радио және электротехника, құрылыс, сонымен катар кеме, авто, ұшақ, ракета жасау өндірісін, жеңіл өнеркәсіпті, тұрмысты полимерсіз көзге елестету мүмкін емес. Полимерлердің осындай көп түрлі болуы олардың химиялық құрамына, макромолекулаларында жеке бөліктерінің бір-бірімен қалай байланысқанына және олардың кеңістіктегі геометриялық орналасуына байланысты.
Полимер бұйымдарының бұрын байқалмаған қасиеттері анықталып, өндіріске енгізілуде. Сондықтан полимер бұйымдары адамзат игілігіне айналып, техникалық өнердің, ғылымның жаңа қырынан дамуына өзіндік үлесін қосуда.
Қазіргі кезде адамзат ғарыштық биіктер мен өте терең бүрғылау ұңғымаларын бағындыра отырып, күрделі электронды есептегіш машиналардың микроскопиялық тетіктерінен бастап, үлкен каналдар мен су қоймаларының гидрооқшаулағыштарын жасауға дейінгі барлық жағдайда полимер бұйымдарымен жұмыс істейді.
Полимерлерді қолдану аясы
Полиэтилен — халық шаруашылығында өте кең қолданылатын полимер. Ол жұқа пленка, су құбыры, химиялық аппарат бөліктерін, құты, стакан, тығын, тех. бұйымдар, т.б. дайындауда, ауыл шаруашылығында көкөніс пен жеміс өсіру ісінде қолданылады. Қазақстанда Атырау қаласындағы химиялық зауыт түйіршікті Полиэтилен өндіріп, еліміздің 200-дей кәсіпорнын шикізатпен қамтамасыз етуде. Полиэтилен радиотехникада мен телеқондырғыларда электроқшаулағыш, химиялық өндірістерде антикоррозиялық жабындар ретінде, сондай-ақ орама кабыршақтар мен ыдыстар жасауда, мата, қағаз, ағаш өнімдеріне сіңіруге қолданылады. Полиэтиленнен химиялық өнеркәсіпте корпустар, сонымен қатар химиялық белсенді және күйдіргіш заттар әсер ететін жағдайларда жұмыс істейтін қондырғылардың әр түрлі бөлшектері жасалады
Полимерлерді қолдану аясы
Қоғамның әрі қарай дамуы полимер материалдары өндірісінсіз мүмкін емес. Жер жүзінде өндірілетін мұнай мен көмірдің, газдың тек – 1% ғана полимерлер алуға ғана жұмсалады екен. Яғни, полимер өндірісін дамыту үшін керекті шикізат материалдары жеткілікті.
Қазақстан Республикасында полимер материалдарын өндіруге, өңдеуге және оларды халық шаруашылығында қолдануға көп көңіл бөлінуде.
Полимерлер өндірісі бізде Алматы, Қарағанды, Қостанай, Атырау, Ақтау қалаларында жедел дамып келеді. Полимерлердің адамзат өміріндегі аса маңыздылығы, оларға деген үлкен қызығушылықты туғызады.
Полимерлерді қолдану аясы
Полимер материалдарының құрылыста кең тарауы ешкімді таңдандыра қоймас. Мәрмәр, кварц және басқа тау жыныстарының керамика, цемент сияқты минералдарды байланыстырушы заттардың полимерлі табиғатын ескермегеннің өзінде дүние жүзінде салынған үйлер мен құрылыстардың тең жартысынан астамы ағаштан, жалпы айтқанда органикалық полимерден жасалған. Кейінгі кезде құрылыс жұмыстарына жасанды полимерлер көптеп пайдаланыла бастады.
Мұнда асфальт пен рубероидтың алатын орыны ерекше. Асфальт дегеніміз – битум мен минералды заттардың (әк, құм, тас) қоспасы. Құм, қиыршық тас араластырылған асфальт жол салуға, өнеркәсіп құрылыстарының еденіне, гидродинамикалық материал ретінде пайдаланылады. Рубероид – битум сіңірілген картон қағаздың бетіне асбест не тальк жабыстыру арқылы жасалады. Ол үй шатырын жабуға және басқа гидроизоляциялық мақсаттарға қолданылады.
2011 жылы полимер және каучук өндірісі 214 мың тоннаға жетті, оның экспортқа шығарылғаны 51 мың тонна. Қазақстандағы целлюлоза саласы негізінен қаптама жасауға арналған қағаз-картон өнеркәсібінде пайдаланылады және оның 2011 жылғы көлемі 485 мың тоннаны құраған.
Резеңке бұйымдары өндірісінің негізгі орталықтары —Саран (металлургия үшін конвеер таспаларын шығару) және Шымкент (автомобиль үшін шина жасау)
2003 жылы Ақтау пластмасса зауытында өндіріс жолға қойылды. 2005 жылы пластмассадан құбырлар мен шлангалар өндіру 2000 жылғымен салыстырғанда 12,9 есе көбейді. 2005 жылы “Интеркомшина” АҚ камералар, резина бұйымдарын, шиналар шығару өндірісін іске қосты. Резина-техникалық бұйымдар шығаратын “Сараньрезинотехника” ААҚ мен “Қарағандырезинотехника” ЖШС кәсіпорындары тапсырыскерлермен тікелей шарттар бойынша тұрақты жұмыс істеп келеді.
Полимерлерді қолдану аясы
Назарларыңызға рахмет!!!