Жоғары молекулалы қосылыстар


Пластикалық массаларды өндіру



бет3/6
Дата27.04.2023
өлшемі169,89 Kb.
#87549
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
лекция - 11 (2) (1)

Пластикалық массаларды өндіру

Жылудың жəне қысымның əсерінен белгілі бір формаға ие бола алатын, жəне оны (форманы) салқындатқанда немесе қатайтқанда тұрақты түрде сақтай алуға қабілетті табиғи жəне синтетикалық қосылыстардан (шайыр) алынатын материалдарды пластикалық масса деп аталады.


Пластмассалардың құрамы. Пластамассалар қарапайым (толтырылмаған) жəне күрделі (толтырылған) болып екіге бөлінеді.
Қарапайым пластмассаны тек бір ғана жоғары молекулалық қосылыстан – шайырдан алады, мысалы: полиэтиленен, полипропиленен, т.б.
Күрделі пластмасса – байланыстырғыш шайырдан толтырғыштардан, пластификаторлардан, тұрақтандырғыштардан, майлағыштардан, пигменттерден, бояулардан, қатайтушылардан құралған композициялық материалдар. Аталған компоненттердің əрқайсысы пластмассаға ерекше қасиет береді.
Пластмассаның қасиеті оны құрайтын негізгі компонент полимер немесе байланыстырушы шайырдың қасиетімен анықталады. Осы байланыстырғыштың арқасында дайын өнімнің беріктлігі жəне формасы сақталады.
Толтырғыштарпластмассаның беріктілік отқа, суға, ыстыққа төзімділік қасиеттерін жақсарту үшін қосатын зат. Сонымен қатар пластмассаның сыртқы түрін жақсартып, диэлектрикалық қасиетін жоғарылатады. Толтырғыш ретінде арзан органикалық жəне минералдық қосылыстар, көбіне: ағаш ұны, қара күйе, целлюлоза, тоқыма қалдықтары, шыны талшықтары, қағаз, асбест, графит, слюда қолданылады.
Талшықты толықтырғыштар пластмассаның беріктілігін, графит – қажалуға төзімділігін, асбест слюда – термотөзімділігін арттырады. Толтырғыш жалпы массаның 60 (шамасында) болады.
Пластификатор – композицияның жоғары температурада пластикалық қасиетін арттыратын, дайын бұйымның аязға төзімділік жəне иілгіш, жұмсақтық қасиеттерін арттыратын органикалық заттар. Пластификатор ретінде қайнау температуралары жоғары сұйықтар қолданылады. Көбіне кастор майы, фталь эфирлері немесе орта фосфор қышқылы қолданылады. Композиция құрамында пластификатор тым көбейіп кетсе полимерді созғанда жəне қысқандағы беріктілігін төмендетеді, бірақ соққыға төзімділігін арттырады.
Бояулар – дайын пластмасса бұйымдарға қажетті түр беру үшін қолданылады. Бояу ретінде ыстыққа жəне жарыққа төзімді органикалық жəне минералды заттар қолданылады.
Қатайтушылар–макромолекулаларды өзара тігу арқылы полимердің сызықша тізбекті құрылысын кеңістік құрылысқа айналдыруға қажетті зат. Осының нəтижесінде ерімейтін, қатты полимер алынады. Мұндай процестерге мысалы ретінде полиэпоксидті шайырды диаминдермен қатайту жəне каучуктерді күкіртпен вулканизациялау қарастыруға болады. Қатайтушылар ретінде уротропин, дикарбон қышқылдарын, диаминдерді, қанықпаған мономерлерді жəне т.б. заттарды қолданады.
Майлаушы заттар – тығыздауды жеңілдету үшін жəне прессфор-мадан дайын өнімді оңай босатып алу үшін композицияға қосылатын органикалық қосындылар. Көбінесе, стеарат қышқылының тұздары, мырыш, балауыздар қолданылады.
Пластмассалардың ерекше қасиеттері: тығыздығының төмен -900-1000 кг/м3 (пенопластың тығыздығы 10 кг/м3), механикалық беріктігінің жоғары, диэлектриктерлі агрессивті ортаға берік, жылу жəне дыбыс өткізгіштігінің төмен болуы. Кемшіліктері: термоберіктілігі төмендеп, 60-1500С жəне күн сəулесінің əсерінен беріктігі төмендеп ескіруі.
Пластмассадан жасалған бұйымның қызуына қарай, оларды: термопласттар мен реактопласттар деп бөледі.
Термопластикалық материалдар (полиэтилен, поливинилхлорид, полистирол және т.б.) қыздыру кезінде жұмсарып, пластикалыққа ие болады, ал суыту кезінде қатаяды. Бұл материалдардан көптеген заттарды құйып, созып, штампылауға болады. Бұл пластмассалардың кемшілігі - мөлшерсіз беріктік мен жылуғатөзімділік болып табылады.
Термореакторлық материалдар (реактопласттар) қыздыру кезінде қалқусыз, ерітусіз қатты күйге айналады. Бұл материалдар жоғары жылутұрақтылыққа ие болады. Оларға аминопласттар мен полиэфирлі және эпоксидті шайырлар негізіндегі пластмассалар жатады.
Қалыпты температурадағы физика-механикалық қасиеттеріне және деформациялық қасиеттеріне қарай, оларды қатты (серпімділік модулі МПа шамасында), жартылай қатты (МПа-дан МПа-ға дейін), жұмсақ және эластикалық (серпімділік модулі МПа-дан төмен).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет