Жоғары молекулалы қосылыстар



бет6/6
Дата27.04.2023
өлшемі169,89 Kb.
#87549
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
лекция - 11 (2) (1)

Капрон талшығы – бұл поли-Е-капроамидтан түзілген гетеротізбекті талшық. Ол полиамидті химиялық талшық тобына жатады. Капрон əрбір елде əртүрлі атаумен шығады. Мысалы, ГФР-да перлон, Чехияда силон, АҚШ-та нейлон-6, Жапонияда амилан деген саудалық атаумен шығады. Поликапроамид негізінен өндірістің əртүрлі саласында қолданылатын капрон алу үшін қолданылады. Балқыған күйінде, формалау арқылы полиамид шайырынан (поликапроамид) капрон талшығын алады. Бастапқы шайырдың тұйық тізбекті капролактан мономерін (лактан Е аминокапрон қышқылы) термиялық полимериза-циялау əдісімен өндіреді.
Тұйықтың ашылуына жəне ұзын макромолекуланың түзілуіне, оның полимеризациялануына су, қышқыл жəне тұз ерітінділерінің болуы жағдай жасайды. Капрлактанның полимерлену үрдісі сатылы механизммен жүреді.

Капрон жəне басқа полиамид талшықтары берік, мықты, иілгіш, эластикалық қасиеттері жоғары жəне сілтілерге көмірсутектерге, спирттерге, кетондарға, микроорганизмдерге төзімді, əрі көгермейді.
Капроннан жоғары сапалы электризоляция, арқан, парашют, техникалық маталар жəне машинаның бөлшектерін (подшипник, тісті дөңгелек жəне т.б.) дайындайды.

5.ЖМҚ фармацияда қолдануы


ЖМҚ







Буып тиеу материалдары

Қосымша заттар

Дәрілік заттар





Пепсин
Панкреатин
Трипсин
Стрептодеказа и др.


  1. Суспензиялар мен эмульсиялардың тұрақтандырғыштары (желатоза, целлюлоза туындылары және т.б.)

  2. Солюбилизаторлар.

  3. Таблеткалар өндірісіндегі қосымша заттар (целлюлоза туындылары, крахмал, ПЭО, желатин, пектин және т.б.).

  4. Медициналық капсулалардың қабықшалары (желатин).

  5. Жақпа майлардың және суппозиториялардың негіздері (ПВС, ПЭО, ПВП, целлюлоза туындылары, коллаген, силикондар және т.б.).

  6. Пролонгаторлар (ПВС, ПВП, Na – КМЦ, МЦ және т.б.)

Флакондар, тығыздар, қабықша упаковкалар (полиэтилен, полистирол, поликарбонат)

Полимерлерге тән бағалы қасиеттердің арқасында жоғары молекулалы қосылыстардың медициналық мүмкіндіктері ұшаң-теңіз, қолданылу ауқымы да осыған сәйкес өте кең. Полимерлердің мұндай биологиялық құндылығының басты себебі­­­­ – олардың табиғаты бойынша тірі организмдердің аса маңызды құрылымдық бірліктері–ақуыздар, көмірсулар, сондай-ақ, тіршілік үшін өте қажетті биологиялық заттар–ферменттер, нуклеин қышқылдары, гормондардың біразы, т.б. қосылыстармен ұқсастығында. Себебі олар да жоғары молекулалық қосылыстарға жатады.


Көп жылғы тәжірибелер мен зерттеулер нәтижелерін талдай келе және полимерлерге деген практикалық медицинаның сұранысын ескере отырып И.М.Рабинович келесі жіктемені ұсынды:
І топ. Ағзаға енгізуге арналған полимерлік материалдар.
• «ішкі протездер», пломбылар, жасанды мүшелер;
• желімдер;
• тігіс және таңғыш материалдар;
• плазма- қан алмастырғыштар, дезинтоксикаторлар, интерфероногендер, антидоттар;
• полимерлердің негізінде дайындалған дәрілік препараттар;
• дәрілік формалар, үлдірлер, капсулалар, микрокапсулалар, қосалқы заттар, т.с.с. технологиясында қолданылатын полимерлер.
ІІ топ. Ағзамен және оған енгізілетін заттармен түйісетін полимерлік материалдар:
• дәрілік заттарды, қан және плазма алмастырғыштарды орауға және сақтауға арналған материалдар мен ыдыстар;
• стоматологияда қолданылатын полимерлер;
• хирургиялық құралдар, шприцтер;
• медициналық аппараттар мен приборлардың тетіктері, оның ішінде жартылай өткізгіш мембраналар;
ІІІ топ. Ағзаға енгізілмейтін және ағзаға енетін заттармен түйіспейтін полимерлік материалдар.
• анатомия мен гистологияда қолданылатын полимерлер;
• аурулардың күтіміне байланысты бұйымдар;
лабараториялық ыдыс, штативтер, т.б;
• операция бөлмелері, ауруханалар жабдықтары;
• көзілдірік оправалары мен линзалар;
• протездік-ортопедиялық бұйымдар;
• ауруханалық киім, төсек-орын керек-жарақтары;
Қолданылу саласына қарай бұл полимерлерге түрлі талаптар қойылады: материал ағза үшін мүлде зиянсыз, канцерогендік немесе аллергендік қасиеттер көрсетпеуі, биоүйлесімділік, уақыт өткен сайын өзгеріске ұшырамауы, денатурация тудырмауы, жеңіл өңделуі, бактерицидтік қасиеті болуы тиіс.
Полимерлердің ағзаға улы әсер етуіне шешуші ықпал ететін факторлар олардың молекулалық массасы, молекулалық-массалық таралуы, композициялық, құрылымдық әртектілігі, тіпті полимер бөлшектерінің формасы. Біраз зерттеушілер полимердердің канцерогендік әсерлерінің себебі оның табиғатына емес, формасына, полимер бетінің морфологиясы мен құрылыс ерекшеліктеріне тікелей байланысты екенін анықтады. Мысалы, ұнтақ түрінде енгізілген полимер егеуқұйрықтардың 0,9 %-нда қатерлі ісік тудырса, тақташа имплантантта ол көрсеткіш 27 %-ға жеткен. Саңылаулы тақташаларды қолданғанда 11 % ісік байқалса, тақташа көлемі ұлғаюы ісіктің жиілігін арттырады екен.
Биоүйлесімділікке келетін болсақ, оның маңызды құрамдастары- полимердің ағзаға зиянсыз әсері, қанға зиянсыздығы, полимерлердің ыдырау өнімдерінің ағзаға зиянсыздығы.
Полимерлердің медицинада қолданылуы сан алуан екені белгілі. Негізінен олар тасымалдаушы рөлін атқарады. Ағзаға енгізу үрдісі қолайлы және тиісті терапиялық әсерді қамтамасыз етуі үшін дәрінің полимерлік туындысы суда еріп, тұрақты ерітінділер түзуі керек, себебі ағзада жүріп жатқан биохимиялық үрдістердің барлығы дерлік судағы ерітінділерде жүзеге асады. Сондықтан полимер-тасымалдаушыларға қойылатын ең басты талап­ – олардың суда ерігіштігі, дәрілік формалардың басым көпшілігінің судағы ерітінділер немесе еритін қабілеті болуы заңды.
Медициналық препараттар құрамында ағзада бір дүркін енгізу кезінде дәрілік заттың мөлшері өте аз, әдетте 1 граммнан аспайды, көбінесе дәрілік заттың белсенділігіне байланысты милиграмм, микрограмммен өлшенеді. Дәрілік бастаманың осындай аз ғана мөлшері ағзада тиімді әсер етуі үшін оңтайлы дәрілік формаға айналдыру керек. Мұндай дәрілік формалардың қатарына таблеткалар, инъекциялық ерітінділер, ұнтақтар, т.с.с. жатады. Бұларда полимерлер қосалқы материалдар ретінде, жақпа майлар, суппозиторийлер негіздері, аэрозольдер, таблеткалар толтырғыштары, дәнекерлеушілері, қопсытқыштары, дәрілік формалардың қорғаныш қабықтары, эмульсиялар, суспензиялар тұрақтандырғыштары, дәрілік заттарды пролонгациялайтын полимерлер түрінде қолданады. Атап айтқанда антибиотиктердің, туберкулезге қарсы дәрілік заттардың, қатерлі ісікке қарсы арналған дәрілік заттардың, анестезиялық, т.б. дәрілік заттардың полимерлік туындылары ретінде қолданылады. Антибиотиктерді полимерлермен байланыстыра қолданудың себебі, соңғы жылдары антибиотиктердің әсеріне тұрақты бактериялардың штаммдары пайда болып, кең таралуына байланысты. Бактериялардың тұрақтылығының маңызды факторлары: бактерия жасушалары қабықшасының өткізгіштігі төмендеп, оларға антибиотиктер тасымалдануының төмендеуі, бактериялардың антибиотиктердің құрылымын бұзатын айрықша ферменттер бөліп шығаруы, мысалы, пенициллиннің әсерін жоятын пенициллиназа ферменті болып табылады. Бұл ферменттерге әлдеқайда тұрақты ампициллиннің біріншілік амин тобы арқылы бірқатар гидролиздік тұрақтылығы әр түрлі ковалентті байланыстармен байланысқан полимерлік препараттар алынды.
Полимерлік антибактериялық препараттардың ішінде туберкулезге қарсы дәрілік заттардың маңызы зор. Мұнда полимерлік негіз ретінде деструкцияланатын декстран полисахаридтері және синтетикалық-винилпирролидон,винил спирті негізіндегі полимерлер қолданылады. Периодаттық әдіспен тотықтырылған табиғи полисахаридтер-декстран, крахмал, инулин, амилоза, альгин қышқылына азометин, күрделі эфирлік, амин, альдимин байланыстары арқылы ИНКГ (изоникотин қышқылының гидразиді) ковалентті бекітілді. Полимерлік препаратардың туберкулостатикалық белсенділігі бастапқы дәрімен салыстырғанда азометин байланысында 2-3 есе, күрделі эфирлік байланыс оған қарағанда беріктеу, бірақ белсенділігі 30 есе төмен, ал берік амин байланысымен байланысқан препарат енжарлық танытты. Қатерлі ісікке қарсы күрестің бір ұтымды жолы-дәрілік затты биодеструкцияланатын полимерлік негіздің құрамына енгізіп, алынған полимерлік препаратты дертті нысана-ағзаға имплантациялау. Полимерлік негіз ретінде полиэтиленгликоль, полипропиленгликоль,2,4-толуилендиизоцианат қоспасынан синтезделінген полиуретан қолданылады. Рак ауруларын химия және радиотерапиялық емдеу курстарында пероралдық әдіспен қолдануға арналған цис-платина жаңа перпараты алынды. Ол үшін цис-платина және қажетті қосалқы заттар-ББЗ, пластификаторлар, сырғытқыш қоспалар экструзиялық жолмен түйіршіктеліп, ішек-асқазан жолында суда ерігіш полимерлер-полиэтиленгликоль, целлюлоза туындылары, акрил және метакрил қышқылдары сополимерлерімен қапталады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет