Жоғары оқу орнынан кейінгі білім бөлімі



бет4/35
Дата05.10.2022
өлшемі321,89 Kb.
#41478
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Эссенің түрлері:
1. Аргументті эссе. Пікірді, көзқарасты растайтын, қолдайтын немесе жоққа шығаратын дәлелдер келтіріліп, аргументтермен түйінделіп отырады.
2. Салыстырмалы эссе. Бірнеше мәселе­талқыланып, олардың арақатынасын ажыратып жазу көзделеді.
3. Сипаттамалық эссе. Детальдар арқылы жер, зат, адам бейнесіне сипаттама беріледі.
4. Хабарламалық эссе. Адам өз тәжірибесіне сүйене отырып, өз тұрғысынан, өзіндік көзқараспен оқиғаны сипаттап жазады. Бұл эссе өткен шақта немесе осы шақта жазылады.
5. Дискуссивті эссе. Екі жақты пікірді салыстырмалы түрде талдай отырып, қорытынды шығарып жазады.
6. Анықтамалық эссе. Нақты дәлелдер арқылы терминнің мағынасын ашу көзделеді.
Эссені көбі шығармамен шатастырып жатады. Ал шындығында екеуінің жазылу стилі екі бөлек. Алдымен, шығарма мен эссенің аражігін ажыратып алсақ:
Эссе – бұл адамның субъективті пікірі, көзқарасы мен ойы еркін түрде жазылатын әдеби жанрдың бір түрі. Эссенің басқа жанрлардан басты айырмашылығы ой еркіндігі және көлемі жағынан қысқа болып келуі.
Эссенің шығармадан айырмашылығы
Шығарма құрылым мен жоспарға негізделген жазба жұмысы. Оны жазар уақытта автор жоспар құрады, сол бойынша тақырыпты ашуға тырысады. Демек мұнда ой тізбекті түрде жеткізіледі.
Құрылым бойынша: Кіріспе, Негізгі бөлім, Қорытынды бөлімдердің болуы маңызды. Одан бөлек, шығарманың көлемі ұзақ, әр бөлім кем дегенде бір-екі дәптер парағындай бет құрауы тиіс.
Эссе көбіне еркін тақырыпта жазылады және автор қандай көзқарасты, пікірді қолдап жазса да, өз еркі. Эссе жазу кезінде де белгілі бір құрылым сақталады, бірақ жоспар құрылмайды, тек логикалық тізбек: кіріспе абзац, негізгі абзац және қорытынды абзацқа ойша бөлініп тұруы керек.
Тақырыптан ауытқымау
Кез келген мақала, эссе, шығарма жазу кезінде шегініс жасаудың қажеттілігі жоқ. Яғни тақырып нақты “Көп балалы болудың артықшылықтары мен кемшіліктері” болса, сол тақырып аясында ой толғаған дұрыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет