Жоғары оқу орнынан кейінгі білім бөлімі



бет3/5
Дата31.12.2021
өлшемі66,74 Kb.
#23134
1   2   3   4   5
Байланысты:
Есту қабілеті бұзылған балаларды оқытуда техникалық құралдарды пайдалану Естімейтін және нашар еститін балаларды оқытудың жалпы педагогикалық әдістері

Кедергісіз кеңістік

Ғимаратқа кіргенде сүйеніштер міндетті түрде қажет. Сүйеніштер баспалдақтың екі жағынан 50 см биіктікте болуы керек. Диаметрі 3-5 см болатын шеңберлі сүйеніштер ыңғайлы. Сүйеніштердің ұзындығы баспалдақ ұзындығынан 30 см-ге ұзынырақ болу керек. Сүйеніштердің басы мен соңын тактильді бағдарлармен белгілеп қою керек.

Ғимарат ішімен қозғалу үшін дәліздердің бойында тұтқыштарды орналастыру керек. Бағдарлауды жеңілдетудің бір әдісі еденді әртүрлі рельефті жолмен жабу – бағытты ауытырғанда едендегі рельеф те ауысады. Бұл еденге арналған плитка немесе кілемді жол болуы мүмкін.

Ғимаратта көрмейтін баланы сүйемелдеу бойынша дыбыстық бағдарларды (дәліздің басы мен соңында, қабаттарды белгілеу) қолдануға болады.

Сынып кабинетінде бағдарлау үшін жағдайлар жасау қажет: партадағы тактильді бағдарлар, бөлменің жалпы аумағын рельефті фактуралармен немесе кілеммен зоналарға бөлу [11].

Арнайы құрал-жабдықтарға рельефті құралдар, Брайль шрифтісі бар компьютерлер, тактильді төсемдермен жабдықталған спорт зал жатады.

Қосымша дидактикалық материалдар

Тегіс баспалы оқу құралдар бұл санаттағы балалар үшін қолжетімсіз болғандықтан материалдарды берудің басқа түрлерін таңдау керек:



  1. Брайль шрифтісімен жазылған оқулықтар мен оқу құралдары;


  2. Цифрлік аудиожазба: mp3 және басқа;


  3. Көрнекі құралдардың рельефті бейнелері;


  4. Ақпаратқа визуалды емес қолжетімділік бағдарламалары;





Көрмейтін балаларға білім беру процесін ұйымдастыру бойынша

әдістемелік ұсынымдар
  • көрмейтін балалардың жұмыс қарқыны баяу болғандықтан тапсырмаларды орындауға көбірек уақыт беру қажет.


  • бала сипап сезу немесе естіп сипап сезу арқылы үйренеді, сондықтан оған заттарды ұстап көру мүмкіндігі берілу керек.


  • көру бейнелерінің кедейлігі мен сызбалығының орнын толтыратын түсіндірмелер санына назар аудару ұсынылады. Бұл жағдайда түсіндірмелер, сипаттамалар, нұсқаулардың нақтылығына ерекше көңіл бөлу керек.


  • заттарды/суреттерді көрсетуді сөздік нұсқаумен немесе сипаттамамен бірге жүргізу керек.


  • затпен және объектімен таныстыруда сабақтың қарқынын төмендету керек. Себебі, көрмейтін балаларға тапсырманы қабылдауға, есте сақтауға, түсінуге ұзағырақ уақыт керек.


  • сипап сезуге байланысты материалды ұсынғанда көруге берілген тапсырмамен салыстырғанда орындау уақыты 2-3 есе артатыные ескеру керек.


  • сабақ барысында әкөру қабілеті бұзылған бала кім сөйлеп жатқанын түсіну үшін әрбір оқушыны атымен атаған жөн.


  • мұғалім балаларға түсіндірген тақырыптарды көрмейтін бала қайта тыңдау үшін магнитофон/диктофонға жазып алу ұсынылады.





Нашар көретін балалардың психофизикалық ерекшеліктері және ерекше білім беруге қажеттіліктері

Нашар көретін балалардың санатына көру өткірлігі көзілдірікпен түзете отырып жақсы көретін көзде 0,05 (5%) мен 0,4 (40%) аралығында болады. бұл балалар тобының көрмейтін балалардан басты айырмашылығы: көру өткірлігінің ауыр төмендеуі болса да көруталдағышы қоршаған әлем туралы ақпаратты қабылдаудың негізгі көзі және оқу процесінде, оның ішінде оқу мен жазуда жетекші болып қалады. Бұл балалар көруі төмен немесе нашар көру мен қалыпты көру аралығындағы, яғни, көру өткірлігі түзете отырып жақсы көретін көзде 0,5 (50%) пен 0,8 (80%) аралығында болады [11].

Қызметтік бұзылыстары бар балалардың көп бөлігін амблиопия мен қылилығы бар балалар құрайды.

Көру талдағышының зақымдану ауырлығы мен сипаты барлық сенсорлық жүйесінің дамуына әсер етеді, қоршаған ортаны танудың басты жолдарын, сыртқы әлемді қабылдау толықтығы мен нақтылығын анықтайды.

Берілген топтың білім алушыларына

  • жалпы және көру арқылы жұмысқа қабілеттілігінің төмендеуі;


  • табыстылығы көру қызметінің жағдайымен анықталатын заттық-практикалық әрекеттердің баяу қалыптасуы;


  • өлшеу дағдыларын меңгеруде, көру-моторлы координациямен көру-кеңістіктік талдау мен жинақтауға байланысты тапсырмаларды орындаудақиындықтар туындауы


  • көру қызметінің төмендеуі және әр түрлі клиникалық көріністеріне байланысты ғана емес, сондай-ақ көру арқылы қабылдау мен психомоторлы құрылымдардың жеткіліксіз дамуының салдарынан сезімдік тәжірибенің кедейлігі;


  • қозғалыстық белсенділіктің төмендігі және дене дамуының өзіндік ерекшеліктері (қозғалыстардың үйлесімі, нақтылығы, көлемінің бұзылысы, көз, бас, дене, қол және т.б. қозғалысы байланысының бұзылуы).


  • сөйлеу тілінің өзіндік даму ерекшелігі;


  • тілдік (фонематикалық құрам, сөздік қор, грамматикалық құрылым) және тілдік емес (мимика, пантомимика, интонация) қарым-қатынас құралдарын меңгерудегі, коммуникациялық әрекетті (қарым-қатынас құралдарын қабылдау, өңдеу) жүзеге асыруда белгілі бір қиындықтардың болуы.


  • жалпы және танымдық белсенділіктің төмендеуінен әр түрлі әрекет түрлерінің, ең алдымен сенсорлы-перцептивті дамуының қиындығы


  • орындалатын әрекеттердің сапасымен, дағдылардың машықтануы, орындалатын әрекетті көру арқылы қадағалауға байланысты қиындықтардың болуы.


  • көру арқылы қабылдаудың жылдамдығы мен нақтылығының төмендеуі, көру бейнелерінің қалыптасу баяулығы, көру арқылы қабылдау қасиеттерінің қатарының қысқаруы және әлсіреуі; ойлау операцияларын іске асырудағы және зейіннің негізгі қасиеттерін дамытудағы қиындықтар ретінде көрінетін танымдық процестердің құрылуы мен барысының ерекшелігі тән [11].






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет